Этика туралы түсінік


Slide 1

Этикалық ілімінің тарихи типі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Орындағандар:Зейнелбекова. Г, Ашир. А, Абабакри. Г, Жанельдин. Ғ, Сатыбалды. А

Қабылдаған:Әсел Қалмаханқызы

Slide 2

Этика туралы түсінік

Этика (грек. ethos - дағды, әдет-ғұрып) - зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген.

Slide 3

Этикет

Ислам ғұламалары этиканы - Құран Кәрімнен бастау алатын теологиялық және рационалды этика ретінде қарастырады. Бұл этика бастауын және негізгі ұғымдарын Құраннан алып, ой таразысынан өткізіп, қоғамның қажеттіліктері мен ғылыми ақиқаттарға сай түзететін жүйе. Ислам - этика саласында ғылымның, өнердің және философияның қамтамасыз ете алмаған кемшіліктерінің орнын толтырған.

Slide 4

Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм - ілім мәнінде, мораль - оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді.

Slide 5

Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды.

Slide 6

Этизм ұғымы жайлы Д. Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.

Slide 7

Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялык ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты.

"Аристотель"Аристотель этикасында "құба төбел" немесе "алтын орта" ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотельдщ айтуынша, екі шеткі күйлердің ортасьш таба білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан өте ыңғайлы қасиетті ұстана білгенде ғана адам ізгілікті болғаны. Мысалы, жомарттық, - "малшашпақ" пен "дүниекоңыздықтың" орта шені; батылдык - "көзсіз батырлық" пен "қоянжүрек корқактықтың" дәл ортасы; қарапайымдылык - "ұяңдық" пен "ұятсыздыктың" ортан белі және т. б. Жалпы, антикалық этикаға тиесілі ең негізгі үш мұратты атап өтуге болады: а) адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын күлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды "сөйлей алатын хайуан" ретінде қарастырған. Ежелгі гректер қабылдаған және өмірге енгізген этикалық құндылықтардың өзіндік маңызы болды. Олардың кейбіреулері мыналар: көне гректер адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде "калокагатия" идеалы дүниеге келген болатын. "Калокагатия" термині өзінін амбиваленттілігіне (екіжактылыіына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. "Калокагатия" термині грек тіліндегі екі сөздің ("Kalos" - әсем, сұлу және "agathos" - ізгі, мейірімді) қосындысынан шыкқан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, бұл термин ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді.

Этика тарихы

Slide 8

Иммануэль Кант этика ғылымының негізін салушылардың бірі

Slide 9

Этиканың құрылымы

Slide 10

Теориялық этика - этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.

Нормативті этика - негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т. б. қарастырады.

Эмпириялық этика - белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.

Slide 11

Қазіргі заманда әдеп, этика заңдылықтарын білу шарт. Мені біреу сыйласын десеңіз, ең алдымен өзіңізден бастаңыз. Біреуді мінеп, сынаудан бұрын, өзіңізді әдептілікке үйретіңіз. Назарларыңызға күнделікті өмірде қажет болатын этика нормаларын ұсынамыз.

1. Мақтау сөзді дұрыс қабылдай білу Егер біреу тағамыңызды мақтаса, азық-түлікті қай дүкеннен алып, қанша сағат дайындағаныңызды баяндай жөнелмеңіз. Жай ғана «рақмет» деудің өзі де жеткілікті.

2. Өзіңіз жайлы жиі айта бермеу Біреуге сіздің өміріңіз, жұмысыңыз, туыстарыңыздың халі, ауру-сырқау туралы әңгіме қызық болады деп ойласаңыз да, бұл тақырыпты жиі қозғай бермеңіз. Сұхбаттасыңыз сұрақ қойса ғана жауап беріп отырыңыз. Өзіңізге қатысы жоқ нәрселер жайлы әңгімелескен дұрыс.

3. Қонаққа ескертусіз келмеу Біреудің үйіне ескертусіз бармаған жөн. Себебі ол адамның өз жоспарлары болуы немесе жай ғана шаршап, ертерек жатып, демалғысы келуі мүмкін.

4. Қолшатырды тек үйде кептіру керек Көбіміз кеңседе, қонақта қолшатырды жайып, кептіруге қоямыз. Бұл этикалық нормаға кереғар. Оны жинап, бір жерге іліп қою керек.

Slide 12

5. Сөмкенің орны Кішігірім клатчты үстелдің үстіне қоюға болады. Ал көлемдірек сөмкені үстелдің арқасына ілу не жерге қою керек.

6. Ер адам әйел сөмкесін ұстап жүрмеуі керек Еріне сөмкелерін ұстатып қоятын әйелдерді жиі кездестіреміз. Егер сөмкеңіз сіз үшін ауыр болса, үйден шығармаңыз. Ер адам тек пакет, дорба көтеріп жүреді. Ал әйел сөмкесін өз иесі тағып жүргені жөн. Сонымен қатар әйелдердің пальто, күртесі де өз қолында жүруі керек. Ал ер адам оны тек гардеробқа апару үшін қолға алады.

7. Үй киімі ыңғайлы әрі өңді болуы керек «Үйде жүрмін» деп жыртылған, тозған киімді киюге болмайды. Бұл этикаға жат, әрі өзіңіздің рухани тазалығыңызды кірлетеді. Өзін жақсы көретін, сыйлайтын адам жыртық, жамау (әрине трендтегі киім бір бөлек) киіммен жүрмейді. Сонымен қатар пижаманы да киіп жүру этикаға қарсы әрекет саналады. Пижаманы тек түнгі уақытта киіп жату керек.

8. Баланың бөлмесіне кірмес бұрын, есікті қағу Егер сіз балаға «кішкентай» деп қарап, есікті қақпай кіріп, заттарын сұраусыз алатын болсаңыз, ол да сізге сондай қарым-қатынас танытады. Баланы жастайынан әдептілікке, сыйластыққа үйретіңіз. Ал ол үшін ең алдымен өзіңіз үлгі болатыныңызды ұмытпағайсыз.

Slide 13

Этикеттің бірнеше түрі болады:

Slide 14

Іскерлік этикет мінез-құлық нормалары мен ережелерін ұзақ уақыт бойы іріктеу нәтижесі болып табылады, ол іскерлік қарым-қатынастардың табысты болуын қамтамасыз етеді. Іскерлік этикет ережелері, өзін ұстай білу мәдениеті әлемдегі барлық бизнесмендердің экономикалық және қаржылық мүдделерінің жақындасуына ықпал етеді.

Slide 15

Этикет талаптары

Бостандық: іскерлік этикет ережелері мен нормалары болып, орындалып жатса да, олар бизнесте серіктестік таңдау еркіндігіне, тараптар арасындағы келісімнің орындалу әдісін таңдау еркіндігіне кедергі болмауы керек. Еркіндік, бостандық дегеніміз - ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлерге, түрлі пікірлер мен көзқарастарға сабырлықпен қарау.

Әдептілік : іскерлік этикет мейірімділікке бағытталған және адал, әділ болуы керек.


Ұқсас жұмыстар
Эмпириялық этика
Этиканың құрылымдары
Қазіргі замандағы этиканың дамуы
Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде
ЗАҢГЕРДІҢ ІЗГІЛІКТІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Этиканың құрылымы
Медициналық этика
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭТИКА ЖӘНЕ ДЕОНТОЛОГИЯ
Ежелгі грек этикасы
Кәсіби этика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz