Липидтердің алмасуы


Slide 1

Тақырыбы: Липидтердің алмасуы.

Семей Мемлекеттік Медициналық Университеті

Биохимия кафедрасы

Орындаған:ШЫРЫНБАЙ С. Н

ТОП:218 ЖМФ

Тексерген:БЕКБОСЫНОВА Р. Б

Slide 2

Жоспар

Гиперхолестериномия, оның дамуының себептері

Өт-тасты дамуының механизмі

Атеросклероз

мен атеросклероздың емдеуінің биохимиялық негіздері

Slide 3

Липидтер (грекше Ііроз-май) дегеніміз полярлы емес еріткіштерде жақсы еритін төмен молекулярлы органикалық заттар. Химиялык құрылысы бойынша липидтер әртүрлі болады, бірақ олардың барлығы дерлік кез-келген спирттер мен май қышқылдарының күрделі эфирлері болып табылады. Сонымен қатар липид молекулаларының құрамына азотты қосылыстар, фосфор қышқылы және көмірсулар енуі мүмкін.

Slide 4 Slide 5

Құрамы бойынша липидтердің барлығы жай, күрделі липидтер (липоидтер) және стеридтер болып жіктеледі.

Slide 6 Slide 7

Адам ағзасында липидтердің жалпы мөлшері дене салмағының 10-20% шамасында болады. Тканьдердің липидтері төмен балқу температурасымен (+17. 50С), жоғары йодтық санымен сипатталады, бұл олардың құрамында қанықпаған май қышқылдарының көп мөлшерде болатынын көрсетеді, ол қышқылдардың ішінде липидтердің құрамында ең көп кездесетіні - олеин қышқылы (65-86%) .

Slide 8 Slide 9

Әртүрлі тканьдерде липидтердің болуы да әртүрлі болады. Әсіресе май және жүйке тканінде липидтер көп болады. Сау адамның плазмасында липидтер мынадай мөлшерде болады: жалпы липидтер -4-7 г/л. үшацилгицериндер -0. 55-1. 650ммоль/л фосфолипидтер - 2 -4, 4 ммоль/л - холестеридтер-3. 9-6. 5ммоль/л

Slide 10

Липидтердің биологиялық мәні мынада: олар энергетикалық материал болып табылады және қорғаныс, пластикалық тасымалдау және реттеу қызметтерін атқарады

Slide 11

Физиологиялық қызметтері бойынша ағза липидтері 3 топқа бөлінеді: 1. резервті липидтер; 2. протоплазматикалық немесе құрылымдық липидтер; 3. тасымалдаушы липидтер (липопротеиндер)

Slide 12

Резервті липидтер негізінен үшацилглицериндер түрінде болады. Олар көп мөлшерде май депосында жинақталады да, қажет болған жағдайда оңай ыдырап, энергетикалық материал ретінде жұмсалады.

Slide 13

Протоплазматикалық липидтер болса фосфолипидтер глицеридтер және глицерид еместер (сфингофосфатидтер), гликолипидтер және холестеридтер түрінде болады

Slide 14

Тасымалдаушы липидтер дегеніміз, белоктармен комплексте болатын және бір мүшеден екіншісіне экстрацеллюлярлы сұйық орта (қан, лимфа) арқылы жеткізілетін липидтер болып табылады.

Slide 15

Тасымалдаушы липопротеиндер мынадай түрге бөлінеді: хиломикрондар (ХМ) - тығыздығы жоғары липопротеиндер (ТЖЛП) тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП) тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП)

Slide 16

Ағзаның тканьдерінің негізгі стероиды холестерин болып табылады, одан сәйкес клеткаларда адам мен жануарлар ағзасының басқа да стероидтары синтезделеді (т қышқылдары, андрогендер және эстрогендер, глюкокортикоидтар және минералокортикоидтар, прогестерон және провитамин ДЗ) :

Slide 17 Slide 18

Бауырда холестериннен өт кышқылдары синтезделеді. Олардың түзілуі гидроксилазалардың қатысуымен гидроксильді топтарды енгізу реакцияларынан және холестериннін бүйірлі тізбегінің жартылай тотығу реакцияларынан тұрады. Гепатоциттерде холестериннен хенодезоксихоль (3, 7-диоксихолан қышқылы) және холь кышқылы (3, 7, 12-триоксихолан қышқылы) синтезделеді. Олар өттің құрамында ішекке шығарылған соң, ішек флорасынын әсерінен олардан литохоль және дезоксихоль қышқылдары түзіледі.

Slide 19

Ағзадағы холестериннің тұрақты, қалыпты деңгейде холестериннің болуы осы процестерге байланысты болады. Осы баланстың бұзылу салдарының бірі - гиперхолестеринемия болып табылады. Ол өт -тас ауруына, жүректің ишемия ауруына және атеросклероздың дамуына әкеледі. Өт -тас ауруы кезінде өт куысында немесе өт жолдарында өт компоненттері-холестерин мен билирубиннің тұнбаға түсуі мен кристалдануы әсерінен тастар түзіледі. Өт тастарында негізінен холестерин басым болады

Slide 20

Гиперхолестеринемия және гиперлипопротеинемия атеросклероз ауруының пайда болу қаупін тудырады. Әртүрлі деңгейдегі атеросклероз адамдардың барлығында болады, ал оның салдары өлімді тудырушы себептердің ішінде 1-ші орын алады. Қан тамырларындағы атеросклеротикалық өзгерістер өте ерте, шамамен 3 жастан бастап белгі бере бастайды

Slide 21

Холестериннің артерияларда жинақталуы және қанның липопротеиндерінің арасында холестеринмен екі жақты алмасу жүреді, бірақ гиперхолестеринемия кезінде холестериннің артерия қабырғасына өтуі басым болады.

Slide 22

Атеросклероздың алдын алу және емдеу әдістері холестериннің кері ағынын күшейтуге бағытталған. Сол үшін холестерині аз диета, холестериннің экскрециясын арттыратын немесе оның синтезін ингибиторлайтын дәрілер (мевалон қышқылы лактонының аналогы, "компактин"), гемодиффузия аркылы қаннан холестеринді тікелей әкету әдісі және т. б. пайдаланылады.

Slide 23

Сонымен, атеросклероз дегеніміз холестерин синтезі катаболизмінің және шығарылуы процестерінің бұзылу нәтижесі, клеткаларда липопротеиндердің түзілу, жетілу, катаболизм және рецепциясының бұзылу нәтижесі, клеткалар мен липопротеиндер арасында компо-ненттермен алмасудың бұзылу нәтижесі болып табылады.

Slide 24

Атеросклероздың пайда болуына әкелетін зақымдалу бөліктердің көп болуы- бұл аурудың кең таралуының молекулярлық негізі және бұл мәселенің өзекті болуының себебі болып табылады.

Slide 25

Назарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Липидтер алмасуының сатылары
Май қышқылдарының алмасуы
Сабынданатын және сабынданбайтын липидтер
Майлардың алмасуы
Липидтердің жіктелуі
Көмірсулардың құрамы, құрылысы
Гликолипидтер синтезі
Зат алмасу
Май мен нәруыз алмасуының бұзылыстары
Бейтарап майлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz