Меншік пен экономикалық жүйе: мазмұны, түрлері және Қазақстандағы құқықтық негіздері


Slide 1

Меншік және экономикалық жүйе

Финансы 201

Төлеш Нарғыз Берікқызы

Slide 2

. Меншік және оның мазмұны, түрлері және формалары . Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншікке қатысты ұғымдар . Экономикалық жүйелер және оның мәні . Қазіргі заманғы экономикалық жүйелер

Slide 3

Меншік - қоғамдық қатынастар жүйесінің негізі болады. Ол формасын эволюциялық, революциялық екі жолмен өзгертеді және әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын анықтайды. Меншіктің барлық формалары өзара байланысты болады және ол тарихи дамудың нәтижесі болып табылады.

Slide 4

Меншік және оның мазмұны, түрлері және формалары

Меншік - өндірістер, ресурстар, өндірілген материалдар және рухани игіліктердің жағдайларын меншіктеу қатынасын білдіреді. Меншік заңды және экономикалық категория болып табылады. “Меншік” термині екі мағынада қолданылады: а) құқық мағынасындағы меншік немесе заң жүзінде, құқық бойьшша; ә) экономикалық мағынадағы меншік немесе іс жүзінде, нақты; Меншікті заңды тұрғыдан қарастырғанда ол формальды және нақты құқықпен байланысты. Формальды құқық немесе меншік титулы - ресми, заңды түрде рәсімдеу және меншікті мойындау. Нақты құқық - шаруашылықпен айналысатын субъектілердің өзара іс-әрекеттерімен, барлық шектеулерімен болатын шын мәнінде нақты өмірде бар қатынастарды білдіреді.

Slide 5

Қазақстан Республикасының

Азаматтық кодексінде меншікке қатысты мынадай ұғымдар айтылады:

Иемдену - мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі.

Пайдалану - белгілі бір игіліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың және одан пайда таба алудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билікету - мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі

Slide 6

Экономикалық жүйелер және оның мәні

Экономикалық жүйе - қоғамда қалыптасқан меншік пен шаруашылық механизміндегі қатынас негізінде жүзеге асырылатын барлық экономикалық процестердің жиынтығы болып табылады. Жүйенің мәнін түсіне отырып шаруашылық өмірдің көптеген заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Экономикалық жүйелерде оларды бір-бірінен ерекшелейтін элементтер бар, олар: экономикалық ресурстар мен шаруашылық қызмет нәтижелеріне деген меншік формасының әрбір экономикалың жүйедегі қалыптасуына негізделген әлеуметтік-экономикалық қатынастар; шаруашылық қызметтің ұйымдастыру-құқықтың формалары; шаруашылық механизм, яғни экономикалық қызметті микро және макро деңгейде реттеу тәсілдері.

Slide 7

Қазіргі заманғы экономикалық жүйелер

Қажеттілікті қанағаттандыру үшін ресурстарды пайдалану өздерінің экономикалық қызметінде жеке тұлға, фирмалар мен тұтас қоғам ұстанатын экономикалық мақсаттарға бағынады. Қазіргі заманғы экономикалық теория өздерінің экономикалық қызметінің мақсатын талдауда шаруашылық субъектілерінің ұтымды іс-әректін шарт ретінде алады. Нақты жағдайда бұл белгілі шығындар көлемінде нәтижені барынша жоғарылатуға ұмтылуды білдіреді. Тұтынушының экономикалық мақсаты - барлық қажеттіліктерін қанағаттандырудағы тиімділік қызметін барынша пайдалану. Тиімділікті барынша пайдалану баға динамикасына сәйкес жүргізілетін жинақтауға да тәуелді. Фирманың экономикалық мақсаты - тиімділікті барынша пайдалану және шығынды азайту. Бұл үшін тек баға ғана емес, сонымен қатар жарнама, дизайн және тағы басқалар пайдаланылады. Қазіргі заманның басты экономикалық мақсаттары. Экономикалық өсу, өндірістің тиімділігін көтеру, толық жұмыспен қамту және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық, экономикалық өсу өндірістік мүмкіндіктерді

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Меншік қатынастары: құқықтық және экономикалық мазмұны, түрлері мен Қазақстандағы формалары
Меншік пен иемдену: түрлері, құқықтық негіздері және экономикалық жүйелер
Меншік институтының экономикалық-құқықтық негіздері және экономикалық жүйелер
Экономикалық жүйе: анықтамасы, элементтері, меншік қатынастары мен түрлері
Қазақстандағы меншік пен интеллектуалдық меншік құқығы: объектілер, субъектілер және құқықтық негіздер
Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы: ұғымы, құқықтық негіздері және түрлері
Меншік ұғымы мен түрлері, Қазақстандағы меншік қатынасының дамуы және экономикалық жүйелер мен нарықтық механизмдер
Қазақстан Республикасындағы жерге меншік құқығы: мемлекеттік және жеке меншік, құқықтық негіздері
Қазақстанда меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық негіздері
Қазақстандағы меншік құқығы: құқықтық реттелуі, нысандары және субъектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz