Шоқанның жастық шағы
Презентация қосу
Шоқанның жастық шағы
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы
қараша айында қазіргі Қостанай
облысының Құсмырын бекінде
дүниеге келген. Балалық шағы
Сырымбет тауының бауырында
Көкшетауда өткен. Шоқан балалық
шағын Құсмұрында өткізді, кейін
әжесі Айғанымның тәрбиесінде
(қазіргі Солтүстік облысы) де
болған.Ол ерте жасынан Күнтимес
ордасындағы ауыл мектебіне
барады. 1847-1853 жылдары ол
Омбыдағы Кадет корпусында білім
алады.
Шоқанның еңбек жолы
1853 жылы 18 жасында Кадет корпусын табысты аяқтаған
Шоқан Омбыдағы генерал-губернатор Г. Х. Гасфорттың одъютанты болып
қызметке орналасады.
1854 жылдан бастап Шоқан Жетісу жерін, Шығыс, Орталық Қазақстан
өлкелерін аралап шығады. Кейіннен осы жинаған рухани дүниелері
негізінде ол « тәңірі» (Құдай), «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы( атты
зерттеу еңбектерін жазады.
1856 жылдың мамыр айында Шоқан қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына
саяхатқа шығады. Омбыдан бастаған бұл сапарында ол жол- жөнекей Семей,
Аягөз, Ақсу, Қапал, Шелек, Қарқара, жерлерін мекендеген қазақ елінің бай
тарихи-мәдени мұраларына, этнографиясына назар аударып, қағазға тұсіреді.
1857 жылы 17 ақпанда Орыстың императорлық
географиялық қоғамына толық мүше болып
сайланады.
1859 жылдың соңынан 1861 жылдың көктеміне дейін
Санк- Петербургте тұрады. Онда ол орыс халқының әйгілі
зиялыларымен, ғалымдарымен етене жақын араласады.
1864 жылы генерал М. Г. Черняевтың әскери жорығына
қатысады.
1865 жылдың 10 сәуірде қайтыс болды.
«Ыстықкөл сапарының
күнделігінде» Шоқан «Ыстықкөл сапарының
күнделігінде» жергілікті
халық өкілдерімен алғаш
кездеседі. Осы сапарда 26
мамыр күні жас ғалым тау
қырғыздарының жыршысынан
«Манас» жырын тыңдайды да,
нұсқаларын, көлемді
дастанның «Көкетай ханның
асы» атты тарауын жазып
алады.
Қашғарияға саясат
Бұл сапардың мемлекеттік
мән- маңыздылығы ерекше
болатын. Өйткені сол тұста
Ресей мен Қытай арасындағы
сауда қатынасы Құлжадағы
дүрбелеңдерге байланысты
үзіліп қалған еді. Негізгі
мақсат- екі ел арасындағы
қатынасты қайта қалпына
келтіру еді.
Оңтүстік Сібір руларының
тарихы туралы ескертпелер
«Оңтүстік Сібір руларының тарихы туралы ескертпелер»
еңбегінде Шоқан ел арасындағы аңыз- ертегілердің халық
тұрмысымен байланыстылығына назар аударады. Ол өз
еңбектерінде әр дәуірдегі әдебиет өкілдері мен мәдениет
мұраларына тоқталып отырады. Қазақ ауыз әдебиетінде көне
мұраларын жатқа айтып жеткізген Орынбай, Шөже, Жанақ,
Арыстанбай, Нұрымбай секілді жыршы-ақындардың аттары
атталады.
Қазақтың халық поэзиясының
түрлері туралы
«Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы» деген зерттеу
еңбектерінде ол қазақ өлеңдерін жыр, жоқтау, қара өлең, қайым
өлең, өлең деп бес түрге бөледі. Шоқан қазақ өлеңдерінің
құрылысын қобыз не домбыраға қосылып орындауына қарай
жіктегені байқалады.
Шоқан жыр туралы айтқанда, өзіне бұрыннан таныс екі жырды
атайды. Соның бірі- «Ер Көкше мен Ер Қосай» жыры.
Шоқан назар аударып зерделеген екінші жырдың аты- «Орақ
батыр».
Астананың ауа- райының қолайсыздығынан денсаулығы
нашарлап, Шоқан 1861 жылы елге оралады. Туған жерге
келіп, халықтың тұрмысын, әлеуметтік қайшылықтарды,
ел билеген әкімдердің әділетсіздіктерін, мейірімсіздіктерін
байқайды. Халқына кішігірім болса да өз қолымен
жақсылық жасауды ойлаған Шоқан Атбасар уезіне аға-
сұлтан болып сайланады. Ол жөнінде досы Г. Н. Потанинге
жолдаған хатында: « Мұндағы мақсатым- өз халқымды
әкімдер мен зорлықшыл бай қазақтардан қорғау еді»,- деп
жазды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz