Сөз сазын келтіру қағидалары


Slide 1

Орфоэпиялық ережелер немесе Сөз сазын келтіру қағидалары

Slide 2

Ә дыбысының айтылуы:

Қазіргі орфография бойынша жіңішке буыннан басталатын сөздердің екінші, үшінші буындарында ә әрпі сирек жазылады. Мысалы: ләззат, тәкаппар, рәсуа, дінжар. Мұндай сөздерде алдыңғы буынның әсерімен келесі буындар жіңішке айтылады: ләззәт, тәкәппар, рәсуә, дінжәр.

Slide 3

Ж, Ш дыбыстары мен өзге дауыссыздардың ортасында келген а дыбысы:

Slide 4

Ы, І дыбыстарының түсіп қалуы

Кейбір екі буынды сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанған кезде, екінші буындағы ы, і дыбыстары сусып түсіп қалады. Бұл құбылыс сөздердің айтылуында да, жазылуында да ескеріліп, түсіп қалған дыбыс түсіріліп айтылады және солай жазылады. Мысалы: халық, ерін, нарық сөздеріне І, ІІ, ІІІ жақтық тәуелдік жалғауларын жалғағанда, екінші буындағы ы, і дыбыстары түсіп қалады. Халқы (халықы емес), ерні (еріні емес), Нарқы (нарықы емес) .

Slide 5

Ескерту: Ал жалпы заңдылық бойынша к, қ дыбыстарына аяқталған сөздерге дауысты дыбыстардан басталатын қосымшалар жалғанғанда, олар ұяңдауға тиісті: балық+ы - балығы, күрек+ім - күрегім.

Slide 6

Кейбір сөздерде ы, і дыбыстарының түсу-түспеуі сөз мағынасына байланысты. Мысалы, көрік сөзі екі түрлі мағынаға ие, егер «адамның көркі» болса, тәуелдік жалғауы жалғанғанда і дыбысы түсіп қалады (көркім, көркің, көркі), ал ұстаның темір балқытатын көрігі болса, түспейді де соңғы к дыбысы ұяңдап кетеді: Көрігі.

Slide 7

Соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалатын сөздер, кейде өлең ішінде буын санынан орай түсірілмей айтылуы мүмкін. Тіпті о баста ы, і дыбыстары жоқ бұлт, жалт сияқты сөздер де буын саны жетпей тұрса бұлыт, жалыт болып айтыла береді.

Slide 8

Қысаң Ы, І дыбыстары

Көптеген үш буынды сөздердің ортаңғы дыбыстарында көмескілеу естіледі, бірақ олардың түсірілмей айтылғаны жөн (ықылас, жапырақ, топырақ - ықлас, жапрақ, топрақ емес) .

Ал өлеңдерде буын санына қарай jқысаң дыбыстарды түсіріп айтуға болады:

«Жапырағынан (жапрағынан) айырылған (айрылған) аға қурай»

Slide 9

Дыбыстардың «жұтылуы»

Бір ырғақтық топта айтылатын сөздердің алдыңғысы дауысты дыбысқа аяқталса, екінші дауысты быстан басталса, қатар келген екі дауыстының біреуі «жұтылып» кетеді де, бір ғана дауысты айтылады:

Торы ат, қара ала, келе алмадым, барып па еді, Сарыөзек деген сөздер торат қарала, келалмадым, барыппеді, сарөзек деп айтылады.

Slide 10

Қатар тұрған сөздердің кез-келгенінің екі аралығындағы дауыстылар бірін-бірі жұта бермейді. Егер ондай екі сөз екі ырғақтық топта тұрса, аралық дауыстылар өз орындарында анық айтылады.

Аласыз / қара гөзү/ айнадайын

Жүрөккө/ ыстықтійіп/ салғансайын

Үлбүрөген/ ағетті/ ашығжүздү

Тісәдемі/ көріппең/ қыздыңжайын

Мұнда көзі айнадайын, жүрекке ыстық, етті ашық деген сөздер қатар тұрғанмен, екі аралықтарындағы дауыстылар бірікпейді.

Slide 11

Қосар Ый, Ій әріптері

Қазіргі емле бойынша қосар ый, ій әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады. Мысалы: ки (дұрысы кій), биыл (быйыл), жиі (жійі), тиін (тійін) .

Ал и әрпі - жіңішке дыбыстың таңбасы, бірақ жазуда жуан ый дыбысын да таңбалайтын болғандықтан, жуан да жіңішке де айтуға болады.

Жыйналыс (жиналыс), қыйын-қыстау (қиын-қыстау), сый-сыйапат (сый-сияпат)

Slide 12

Сөз ішіндегі и дыбысының жуан не жіңішке екендігін ондағы өзге дауыстыларға қарап анықтауға болады. Мысалы, дидар, мизам, бидай, мирас деген сөздердегі и дыбысы жуан, бұлай айтылуда - дыйдар, мыйзам, быйдай, мыйрас болуы керек. Ал ми, жи, қи деген сөздердің жуан айтылуын есте сақтау керек. Өйткені оларға жалғау-жұрнақтар жуан вариантта жалғанады: миы ашыды (миі емес), жина (жине емес), қиды (қиді емес) .

Slide 13

ЕСТЕ САҚТАУ КЕРЕК:

Қ, Ғ дыбыстары бар сөздердегі и дыбысының әрдайым ый болып жуан айтылатындығы:

Қыли - Қылый, Қалқиған - қалқыйған, шиқан - шыйқан, қағида - қағыйда, жан қиярлық - жаңғыйарлық

Slide 14

С мен Т-дан басталатын және осылардан кейінгі дыбысы и болып келетін сөздердің қалғандарында жалаң и жазылады, бірақ сөз жуан болса, и әрпін жуан ый етіп айту керек.


Ұқсас жұмыстар
Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау
Қосалқа күйін талдау
Қозғалтқыш шатундары
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Шыққан тегі - Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руы
Идеологиялық саяси сана
Жердің құқықтық режимі
Дене шынықтыру тәрбиесінің қағидалары
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Глен Домен әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz