Ядролық қару Химиялық қару


Slide 1

Қазіргі кездегі жаппай кыру-құралдары

Slide 2

Адамдар мен қоршаған ортаға зияны

Түрлері

Ядролық қару

Химиялық қару

Биологиялық (Бактериологиялық) қару

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

3. Қорытынды

4. Әдебиттер тізімі.

Жоспары

Slide 3

Кіріспе

Қазіргі кезде жаппай жою құралдарына ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жатады. Олар қысқа мерзім ішінде, кең аумақты саны көп халықты, шаруашылық нысандарын қиратады. Қару жарақтар бойынша кеңірек тарқатып осы презентацияда айтатын болам.

Slide 4

Жаппай қырып жою қаруы -- жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін қолданылатын жою қабілеті жоғары қару. Жаппай жою қаруының жою факторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уақытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін.

Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі қалалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардың еңбек өнімдері және өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады.

Жаппай зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарына ядролық (Жаппай жою қаруының негізгі түрі), химиялық және бактериологиялық (биологиялық) қару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі.

Slide 5

Жаппай қырып жою қаруларының түрлері

Ядролық қару

Химиялық қару

Бактериологиялық қару

Slide 6

Ядролық қару

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы.

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т. б. мақсаттар үшін қолданылады.

Slide 7

Ядролық қару өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол - ядролық және термоядролық болып бөлінеді. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді.

Slide 8

Түйдектелген зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы: сәуле ауруы жарақаттар мен күйіктердің жазылуын қиындатады, ол, өз кезегінде, сәуле ауруы барысын асқындырады. Сонымен қатар жұқпалы ауруларға адам ағзасының қарсыласуы төмендейді. Зақымдануды оның ауырлығына қарай өлтіретін, өте ауыр, орташа және жеңіл деп бөледі. Өте ауыр және орташа ауырлықтағы зақымданулар адам өміріне өте қауіпті болады, көбінесе өлімге әкеп соғады.

Slide 9

Химиялық қару

Химиялық қару - дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т. с. с. құралдар пайдаланылады. Улау заттар адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Slide 10

Химиялық қару -- уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған.

Уландырғыш заттар өзінің қырып-жою қасиеті бойынша басқа соғыс құралдарынан ерекшеленеді: олар ауамен бірге әр түрлі ғимараттарға, танкке және басқа әскери техникаға енуге қабілетті.

Уландырғыш заттар сол сияқты ауа райына байланысты таралады. Мысалы ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады.

Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана Химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша Химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды.

Slide 11 Slide 12

Халықаралық биологиялық

қатердің белгісі

Slide 13

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ

1935-1936 жылдары Япония елінде Маньчжурида арнайы лабораториялар жасалды, бірнеше жылдан соң армиялық зерттеу отряды құрылды.

Олар бактериологиялық қауіпті заттар жасап шығарып, әскери қызметкерлерге және Қытайға тәжірибелер жүргізе бастады. Биологиялық қару туралы мәліметті халық 1949жылы ғана білді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін биологиялық қаруды АҚШ, Австралия, Канада жасап шығарды.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Химиялық қару. Ядролық қару Химиялық қару
Ядролық қарудың таралуы
ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК АПАТТАР, ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Ядролық жарылыстар
Химиялық қару
Ядролық қару
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС
Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары
Жаппай қырып жою қарулары
ҚАЗАҚСТАН ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz