ДӘУІТ ЖӘНДІГІ


Slide 1

Дәуіт жәндігі

Орындаған: Холова А. М

Тексерген: Корбозова Н. К

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Ақтеңбіл дәуіт

Қазақстанда мекендейтін дәуіттер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

10. 11. 2020

Slide 3

Кіріспе

Дүниеде ерекше жаратылған жәндіктердің бірі - дәуіт (лат. manthoptera, mantodea) . Ол басын төрт құбылаға бірдей, яғни 360 градусқа бұра алады. Дәуіттің денесі ұзынша (40-75 мм) болып келеді. Жазда өсімдіктің маусымдық өзгеруіне байланысты түсі жасыл, сары, қоңыр болып құбылады.

Қос қанатты, алдыңғы екі аяғы жемін қармауға икемді келеді. Қазақстанның барлық облыстарында дәуіттің жиырмаға тарта түрі бар. Әсіресе, кәдімгі дәуіт, теңбіл қанатты дәуіт, қауырсын тұмсықты эмпузалар жиі кездеседі. Дәуіттер шала түрленіп дамиды, олардың қыстағы жұмыртқасы көктемге салым қанатсыз дернәсілге айналады да, 7-8 рет түлейді.

Дәуіт зиянкестермен қоректенетін болғандықтан, ауылшаруашылығына пайдасы өте зор. Бірақ олардың кейбір түрі бал арасын, пайдалы қоңыздарды да жеп қояды.

Дәуіттің 3 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілген екен.

Қазақ халқы үшін, яғни негізгі өмір сүру көзі - мал шаруашылығы болған дала қазағы үшін әбден таныс, тұрмыс-тіршілігінде де, тілдік жүйесінде де қорында да жиі ұшырасатын, жалпы адамзат тіршілігімен біте қайнасып жататын табиғат құбылысының бір бөлшегі - жәндік атаулары күні бүгінге дейін тілдік тұрғыдан арнайы зерттелген емес. Байқап қарасақ, тілімізде жәндік атауларының өзі арнайы бір сөздік құрастыруға лайықты қоры бар. Кеңінен көрініс табатын тілдің зерттеу нысаны бола алады.

09. 11. 2020

Slide 4

Дәуіт жәндігі туралы жалпы мағлұмат

Ұзындығы 11 см. Басы қозғалмалы аяқтары жақсы дамыған алдыңғы аяқтарында тікенектері бар, жайылған кезде ұстағыш аппарат айналады. Ауыз аппараты кеміргіш. Алдынға қанаттары жіңішке артқылары желдеткіш тәріздіс бүктеледі. 2 мыңнан астам түр белгілі тропик және субтропикта таралған, ТМД-да 20 түр. Дәуіт жыртқыш жәндіктермен қоректенеді, кейде ұсақ кесіртке құстармен. Түсі қорғанысты жасыл, сары-қоңыр; жазда өсімдіктің солуына байланысты түсін өзгертеді. Дамуы толық емес өзгеріспен өтеді. Ортақ қабықшамен топтастырып өсімдіктерге тастарға салған жұмыртқалары әдетте қыстайды. Дернәсілдері 2-ші жазда ересекке айналады.

10. 11. 2020

Slide 5

Ақтеңбіл дәуіт

Табиғатта кең таралған түрі Ақтеңбіл дәуіт (лат. Hierodula tenuidentata) - нағыз дәуіттер тұқымдасына жататын жәндік.

Дәуіттің көбеюі. Дәуіт жұмыртқалағанда қосымша сұйықтық бөледі. Жұмыртқаларды ораған бұл сұйықтық капсула түрінде қалыптасады. Оның ішінде 100-300 жұмыртқа болады. Бұл зат өсімдіктер мен тастарға бекіп, қатты күйге айналады.

Сәуір-мамыр айларында жарыққа шығады.

Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Ақтеңбіл дәуіттің дернәсілі 85 күнде 147 жоңышқа бітесін, 41 жеміс шыбынын және 266 бөлме шыбынын қорек еткен. Жұмыртқадан жаңа ғана шыққан дернәсіл ересек күйге жеткенше 1 кг 300 граммға жуық бунақденелілерді жойған. Ал аналық дәуіттің қомағайлығы ерекше. Ол аталығын жеп, жұмыртқаларының дамуына қажетті нәруызды осылай толықтырады.

10. 11. 2020

Slide 6

Қазақстанда мекендейтін дәуіттер

10. 11. 2020

Slide 7

Қызыл кітапқа енген дәуіттер

Қазақстанда кездесетін дәуіттердің қысқақанатты дәуіт (Bolivaria brachyptera Pallas, 1773) және ағаш дәуіті (Hierodula tenuidentata Saussure, 1869) деген екі түрі Қазақстанның омыртқасыз жануарларға арналған Қызыл кітабының 2006 жылғы соңғы үшінші басылымына тіркелген. Ағаш дәуітін кейде «ақтеңбіл дәуіт» деп те атайды. Қысқақанатты дәуіт Қазақстанның ауқымды аумағында таралғанымен барлық алқаптарда саны аз болғандықтан сирек кездеседі. Ал ағаш дәуіті еліміздің тек Оңтүстік Қазақстан облысының шағын тораңғы және жиде ағаштары өсетін тоғайлы алқабында ғана таралған. Аяқтары ұзын әрі бірнеше буыннан түзіліп, қорегін ұстауға және жүруге бейімделген. Дәуіттің алдыңғы жұп аяқтары басқа аяқтарынан ірі, әрі өте қозғалмалы болып қорегін қармап ұстайды, әрі осы аяқтарының көмегімен дыбыс шығарады. Алдыңғы аяқтарын көбіне бүгіп, қорегін ұзақ уақыт бір орында тапжылмай аңдып отырады. Дәуіттің өз қорегін аңдып отырған бейнесі Құдайға құлшылық етіп отырған көрінісіне сәйкес орысша атауы «богомол» деп аталған. Бунақталған жіп тәрізді жіңішке екі мұртшасы болады. Мұртшаларының пішіні тарақ немесе қауырсын тәрізді болып келеді.

10. 11. 2020

Slide 8

10. 11. 2020

Дәуіттің қорғанысы - бұл бүркеніштік қасиеті. Құрғақ жапырақтарға ұқсаған дәуіт қимылы өте қызық. Бұл бүркеніш қасиетін ол өте шебер орындайды: егер біреу оған тиіссе ол қураған жапырақ сияқты жерге құлай салады.

Slide 9

Дәуіттің қорек аулауы

Бұл жыртқыш жәндік жасыл шөптің арасында тығылып тұрып, өз жемтігіне кенеттен шабуыл жасайды. Аузы қорегін кеміруге бейімделген. Алдыңғы жұп аяқтары әрі жуан, әрі оның сирағының екі бүйірінде үш қатар үшкір ұстараның жүзіндей өткір тікенекке ұқсас өскіндері бар. Солардың көмегімен қорегін мықтап ұстайды. Алдыңғы аяқтарының кенеттен шұғыл қимылы жыланның көзін бірден ойып түсіреді.


Ұқсас жұмыстар
Алма жасыл биті (Aphіspomі)
Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер
Жақсылықпен жаным дос
Жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі
Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру
Педагогикалық шеберлік
Семинар сабақ
Армандастар қайда
Кәсіби оқу орнында оқытуды ұйымдастыру формалары
Финикия қала мемлекеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz