ТҰҚЫТӘРІЗДІ БАЛЫҚТАР


Slide 1

Тұқытәрізді балықтар

Орындаған: Холова А. М

Тексерген: Корбозова Н. К

Slide 2

Жоспары:

17. 11. 2020

Slide 3

Кіріспе

Тұқытәрізділер (лат. Cyprіnіformes) - нағыз сүйекті балықтар отряды.

Бор кезеңінен белгілі. Тұқытәрізділер Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Азия, Африка және Аустралия мен Мадагаскар суларын мекендейді. Дене мөлшері 5 см-ден 1, 7 м-ге дейін жетеді. Басқа отряд өкілдерінен айырмашылығы - “еламан” сүйегі - Веберов аппараты (Тұқытәрізділердің торсылдағын ішкі құлаққа жалғастыратын сүйекшелер жүйесі) болады. 3- және 4-омыртқалары өспей қалған. Бұлар ашықторсылдақтылар - торсылдағы ішекпен жалғасқан. Денесін циклоидты қабыршақ жапқан (араларында жалаңаш не сүйекті тікенектермен жабылған түрлері де кездеседі) .

Тұқытәрізділер 3 отряд тармағына:

харакцинотектестер (16 тұқымдасты) ;

гимнототектестер (4 тұқымдасты) ;

тұқытектестер (6 тұқымдасты) біріктіреді.

17. 11. 2020

Slide 4

Қазақстандағы тұқытектестер

Қазақстанда тұқытектестердің (Cyprnoіdeі) өкілдері кездеседі, олар негізінен тұщы суларда тіршілік етеді. Бұлардың жақтарында (астыңғы-үстіңгі) тістері болмайды, оның есесіне желбезек доғаларының соңғысы (5-сі) шайнайтын жұтқыншақ тісіне айналған. Торсылдағы 2 немесе одан да көп бөлімшелерден тұрады. Отряд тармағының 6 тұқымдасының 1800-дей түрі бар. Қазақстанда 3 тұқымдасы: чукучандар (Catostomіdae, 70 түрі бар, үлкенауызды буффало деген түрі Қапшағай су қоймасынан ұсталған), тұқылар және шырма-балықтар кездеседі. Тұқытәрізділердің кәсіптік маңызы зор, әуесқойлық жолмен көп ауланады, тоған балық шаруашылығы мен оның басқа да балықты қолдан өсіру салаларында және аквариумда өсіріледі. Сондай-ақ жерсіндіру үшін маңызды нысандар болып саналады.

Тұқытәрізділердің 66 түрі мен түр тармақтары қорғауға алынып, Халықаралаық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

17. 11. 2020

Slide 5

Тұқылар (Cyprіnіdae) - тұқытәрізділер отрядының бір тұқымдасы.

Тұщы суда тіршілік етеді, араларында өткінші түрлері де кездеседі. Жер шарында кең тараған (тек Оңтүстік Америка мен Мадагаскарда кездеспейді), 19 ғасырдың аяғында Австралияда жерсіндірілген. 270 туысы, 1500-дан астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық су айдындарында кездесетін 33 туысы, 90-ға жуық түрі бар. Уылдырығын негізінен су түбіндегі шөпке шашады, араларында тасқа немесе құмға шашатындары да кездеседі. Тұқылар - кәсіптік маңызы бар балықтар (қаракөз, сазан, тыран, оңғақ, шемей, т. б. ) . Сондай-ақ балық тоғандарында жақсы өсіріледі және жерсіндіруге бейім келеді (тұқы, табан, ақ амур, дөңмаңдай, т. б. ) . Қазақстанда күтім, шортантәрізді ақмарқа, арал қаязы, түркістан қаязы, шу сүйрік аққанаты, көкбас - өте сирек кездесетін балықтар, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Тұщы су балықтары

ТМД теңіздері мен өзен-көлдерінде 120 түрі белгілі. Уылдырығын өсімдіктерге, топыраққа, суға шашады. Тұқы балықтар, (қаракөз, табан, сазан, оңғақ балық т. б. ) кәсіпшілік балықтар түрі болса, тұқы, мөңке, дөңмаңдай көбейту мен жерсіңдіру балықтары.

17. 11. 2020

Slide 6

Ақмарқа балығы

Ақмарқа (лат. Aspius aspius) - тұқы тұқымдасына жататын жыртқыш балық.

Дене тұрқы 70 см, салмағы 7 кг-дай. Тұрқы ұзын, екі бүйірі сәл қысыңқы. Астыңғы жақтарының ұшындағы кішкентай бұдырмақ оның үстіңгі жақтарының қосылған жеріндегі ойыққа дәл келеді. Бауырының құрсақ қанаттарынан кейінгі жері қырлы, арқасы боз жасыл, екі бүйірі күміс түстес, бауыры ақ болады. Балтық теңізі мен Қара теңізде кездеседі. Қазақстанда Ақмарқаның 2 түршесі бар: Бір түршесі - Каспий су алабында (Балқаш - Іле су алабында жерсіндірілген) ; екіншісі - Арал теңізінде, Сырдария мен Сарысу, Шу өзендерінде тіршілік етеді. Соңғысын Сыр, Шу ақ балығы деп те атайды. Ақмарқа 3 - 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (300 мыңға дейін) сәуір - мамырда өзендердің ағысты, майда тасты жеріне шашады. Шабағы - майда омыртқасыздармен, ересектері шабақтармен, майда балықтармен қоректенеді. Кәсіптік маңызы бар.

Ақмарқа еті

Ақмарқа етінің дәмділігі жағынан ең таңдаулысы - оңтүстік Каспий ақмарқасы (хашам) . Ақмарқаның еті дәмді болғанымен қылтаны көп. Қақтап кептірілген және ысталған күйінде пайдаланылады.

17. 11. 2020

Slide 7

Шортантәрізді ақмарқа

Шортантәрізді ақмарқа (лат. Aspiolucius esocinus) - тұқытәрізділер отрядына жататын жыртқыш балық, туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Негізгі мекені - Орта Азияның су айдындары. Әмудария мен Сырдарияның жазыққа шыққан бөліктері мен суландыру каналдарында өмір сүреді. Соңғы кезде Шортантәрізді ақмарқаның қазақстандық ареалы біршама азайған, соңғы 40 жылда кездеспеген.

Ұзындығы 50 см - ден асады, салмағы - 3 кг. Дене пішіні жұмыр, басы ұзын (ол денесінің ұзындығының 25%-дай мөлшеріне тең), көздері кішкентай, аузы үлкен. Астыңғы жақтары ілгері қарай ұмсынған және олардың ортасында үстіңгі жақтарының ортасындағы ойыққа кіретін төмпешігі бар. Арқа қанаты тік, олар құрсақ қанаттарына қарсы орналасқан. Денесі күміс түстес, қабыршақтары ұсақ, ұзындығы 63 см-ге дейін (қанатын қоспағанда), салмағы 3, 5(5) кг. 5 - 6 жасында жыныстық жағынан жетіледі (ұзындығы 45 - 50 см болғанда) . Ақпан - наурыз айларында өзендердің қатты ағысты жерлеріне, су темп-ратурасы 5 - 10°С болғанда уылдырығын (саны туралы дерек жоқ) шашады. Бұлар тез өсетін балықтар. Негізінен балықтармен (сүйрік қанат, қылыш-балық, тарақ-балық, талма-балық, т. б. ) қоректенеді. Таралу аймағы қай жерде де өте аз. Қазақстанда Шортантәрізді ақмарқа соңғы рет 1953 ж. Жаңашиелі жармасынан ұсталды деген мәліметтен басқа дерек жоқ. Өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр болғандықтан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

17. 11. 2020

Slide 8

Қаракөз

Қаракөз, Арал қаракөзі (Abramіs safa aralensіs) - тұқы тұқымдасына жататын балық. Қаракөз Қара, Каспий, Арал теңіздерінің су алаптарында таралған. Ал, Қаракөз түртармағы - Арал теңізінің су алабында - Сырдария мен оның көлдерінде тіршілік етеді. Ұзындығы 28 см, салмағы 420 г-дай. Пішіні тыранға ұқсас, одан айырмашылығы - қабыршағы үлкен, құйрықасты (аналь) қанаты ұзындау болады. 7 - 8 жыл өмір сүреді. Жыныстық жағынан 3 жасында жетіледі. Уылдырығын (көлеміне қарай 2, 2 - 33, 5 мыңдай) су температурасы 12 - 16°С-қа жеткенде өзен арнасының құмды-тасты, құмды-сазды, сазды жерлеріне шашады. Қорегі - бүйірімен жүзушілер, бақалшақты шаяндар, қосжақтаулы моллюскілер, мизидтер, әр түрлі дернәсілдер, детриттер (өлекселер) . Арал Қаракөзі Арал теңізінің экологиялық жағдайына байланысты саны кеміп келеді. Бұрын еті жақсы бағаланатын, кейінгі кезде ол майдаланып, кәсіптік маңызын жоғалтқан.

17. 11. 2020

Slide 9

Оңғақ

Оңғақ (лат. Tіnca tіnca) - тұқытәрізділер отрядына жататын тұщы су балығы.

Мекені: Қазақстанда Есіл, Нұра, Торғай өзендерінде, Қамыс - Самар көлдерінде кең тараған, аздап Жайық өзенінде де кездеседі. Арал және Балқаш су алаптарында жерсіндірілген.

Сипаттамасы: Денесі жалпақ, жуан, тығыз ұсақ қабыршақтармен қапталған. Ұзындығы 32 см-дей. Екі езуінде қысқа мұртшалары болады. Балықтың сыртқы түрі негізінен қоңыр түсті, алтын сияқты жылтыраған рең байқалады. Судан шығарғанда түсі оңып кетеді, балықтың аты осыған байланысты қойылған. Аталықтарының құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтары едәуір жуан, сол белгісімен аналықтарынан оңай ажыратылады. Оңғақ жыныстық жағынан 3 - 4 жылда жетіледі, уылдырығын (320 мыңдай) тұңғиық және шылау өскен жерлерге мамыр айынан бастап 3 - 4 ай бөліп-бөліп шашады. Оңғақ балдырлармен, бентостық организмдермен (әсіресе хирономидтер мен біркүндіктер) қоректенеді. Еті үшін көп ауланады. Кәсіпшілік және өсіру балықтары.

17. 11. 2020

Slide 10

Ақ амур

Ақ амур (лат. Ctenopharyngodon іdella) - тұқы тұқымдасына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда Балқаш - Іле су алабында, Сырдария өзенінде жерсіндірілген. Дене тұрқы 1 м, салмағы 32 кг-нан асады. Тұрқы жұмырлау, мұрты жоқ, маңдайы жалпақ, аузы сәл төмен қараған. 3-6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Мамыр - шілде айларында өзен ағысымен жоғары өрлеп, уылдырық (2, 5 млн-ға дейін) шашады. Уылдырық ағыспен ағып су қабатында дамиды. Шабақтары балдырлармен, ұсақ су жәндіктерімен, ал ересектері су өсімдіктерімен (қамыс, қоға т. б. ) қоректенеді. Амур өзенін және оның салаларын мекендейді. Ақ амур - кәсіптік маңызы бар балық. Тоғандық балық шаруашылығында тұқымымен бірге өсіріледі.

17. 11. 2020

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
КЛАСС ТАРМАҒЫ
Балықтар туралы
Сүйекті балықтардың жіктелуі
Сауытты балық
Қосмекенділер - алғаш құрлыққа шыққан жануарлар
Шеміршекті балықтар Сүйекті балықтар
Сүйекті балықтардың отрядтары
Шеміршекті және сүйекті балықтар класы
Сүйекті балықтар класы
Сергіту сәті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz