Көрнекілік әдіс
Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті
Дәріс 9.
Биологияны оқыту
әдістері мен әдістемелік
тәсілдері
Дәріскер: б.ғ.к. Жапаркулова Назгуль
Иксановна
Қарастырылатын сұрақтар
•Оқыту әдістер туралы түсінік және олардың
жіктелуі
•Әдістер мен әдістемелік тәсілдер
•Сөз көрнекілік әдістер тобы
•Сөз көрнекі сарамандық әдістер
•Іздестіру және зерттеудің жалпы әдістері
Оқыту әдісі
дегеніміз оқытушының оқушының алдына қойған
мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері, яғни
мұғалімнің білімді беріп, сол бір мезгілде оқушының білімді
қабылдауы.
Бұл анықтамада әдіс екі жақты ұғымды қамтып тұр.
Білімді беруші мұғалім және білімді алушы, қабылдаушылар
оқушылар.
Бұл арадағы байланыс білім көзіне тікелей
байланысты. Білімнің көзі оқу процесіндегі оқу
материалының мазмұнымен анықталады.
Практикада биологияны оқытуда әртүрлі әдістерді
қолданамыз.
Сонда оқыту ұстаздың білім беру әдістерінен тұрса, ал
екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау
қабілеттіктер жиытығынан тұрады.
Оқыту әдісін барлығын көптеген белгілері бойынша
біріктіріп жинақтауға болады. Білім көзі, мұғалімнің іс-
әрекеті, оқу процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті.
Осы үш белгі бір-бірімен тығыз байланысты.
Сондықтан осы үш белгіні бөліп қарастырмай, әдістерді
классификациялауда негіз ретінде аламыз.
Сабақ беру әдістері ертеден бері
қалыптасқан әдістегі ең басты мақсат оқушыға
білім берудің ең ұтымды үрдістерін табу, іздеу.
Олар негізінен:
•практика
•көрнекілік
•сөз, әңгіме
•оқулықпен жұмыс техникалық
жүйелерді пайдалану
Оқушылардың жас ерекшілігіне және тақырып мазмұнына байланысты
оқушыға сабақ беру әдісін таңдау жоғары сапалы білім негізін салады. Бұндай
әдістер ұғым және дағды дамуына, дұрыс білім алуға және тәрбиеге мүмкіндік
береді. Мұғалім сабақ беру әдісін орындап, қолдана білуі тиіс. Онсыз алға қойған
мақсатына жете алмайды. Ол үшін мұғалім оқу материалын пәннің мазмұнына
сәйкестендіріп, әрі оқыту әдісін дұрыс таңдау тиіс.
Әдістер
Оқулықпен Техниканы
Практикалық Көрнекілік Сөз
жұмыс қолдану әдісі
Эксперимент Демонстраия, Әңгіме Оқу Техниканың
бақылау иллюстрация, түсіндіру зерттеу құралдар
объектіні бақылау әңгімелесу жеңілшағу арқылы
тану дәріс қарау жаттығу,
және рефераттау, көру,
аңықтау компьютерлеу, бақылау
мазмұндау қорытынды.
Сабақты өткізу процесінің жүйелік кезеңіне
байланысты топтастыру әдістері
•білімді игеру
•шеберлігімен дағдысын қалыптастыру
•білімді іс жүзінде қолдану
•шығармашылық қызметі
•алған білімін бекіту, баяндау
•білімін, шеберлігін, іскерлігін тексеру.
Танымдылық іс-әрекетіне байланысты
сәйкес топтау
бейнелеу арқылы түсіндіру
проблеманы мазмұндау
зерттеу
репродуктивті
Егер танымдық іс-әрекеті тек мұғалімнің көмегімен іске асырылса және
дайын материалды ғана, қайталаса онда оқушының ойлау белсендігің
төмен екенің көрсетеді. Ал, оқушының ойлау қабілеті жоғары болса, оқушы
өз бетінше ізденіп, табысқа жетіп отырады.
1.Бейнелеу арқылы
түсіндіруін басты мәні
а) оқушыға білімді дайын күйінде ұсынады.
б) оқушыны дұрыс түсіну үшін мұғалім әр
түрлі тәсілді пайдаланып, оқу процесін
ұйымдастырады.
в) оқушы білімді қабылдап және есте
сақтайды.
2.Репродуктивті әдістің
басты белгілері:
А) білімді оқушыға «дайын» күйінде
беру;
Б) мұғалім түсіндіріп әрі әңгімелеп
береді;
В) оқушы оны саналы түрде ұғып, түсініп,
есінде ұстайды.
Оның критериясы-оқушының дұрыс
жауабы.
3.Проблемалық ізденіс
оқыту әдісі
Оқу процестерінің кейбір кезеңдерінде
оқушы кейбір проблемалық мәселелерді өз
бетінше шешуге мүмкіншіліктері болмайды,
сондықтан мұғалім бір жүйелілік бағытпен
оқушыларды өзіне тартып, олардың
белсеңділігін арттырады.
4.Зерттеу әдісі бойынша
а) белгілі бір уақыт арасында бір
проблеманы анықтап, оны шешуде
оқытушымен оқушы бірге жүргізеді.
б) Оқушы проблема жайлы білмеуі керек әрі
оны өз бетінше шешуі тиіс. Оны шешу жолын
оқушы өзі қорытындылайды.
в) Зерттеу нәтижесі болса білімнің
тереңділігі, нақтылығы айқын көрінеді.
Сөздік әдіс
Сөздік әдіске мына түрлер
жатады:
Әңгімелесу, түсіндіру, әңгіме,
баяндау, дәріс.
Әңгімелесу
сұрақтарға оқушылар мен мұғалімдердің жауап беруі.
Мақсатты әңгімелесу сұрақтан туындап, оған жауап
берумен аңықталады. Әңгімелесудің нәтижесінде оқушылар
мұғалімнің басшылығымен қорытынды жасап, шешімге
келеді.
Әңгіме оқушылардың білмейтін оқу материалынан
болмау керек. Бұл бос уақыт өткізу. Әңгімелесу
қорытынды, қайталау, жаңа сабақта өткен білімді жаңа
біліммен байланыстыруда маңызды.
Әңгіменің индуктивті құрылымы бірнеше ұқсас
объектілер немесе құбылыстарды оқығанда құрылады. Егер
материал оқушыға белгілі немесе түпкіліпті белгісіз болса,
негізі белгілерден дәлелді, фактілерді табуда әңгіменің
дедуктивті құрылымы түзіледі.
Мысалы, гүлді өсімдіктердің тұқымда тұқымдасты
сарамандық жұмыста әңгімелесу түрлері. Әрі қарай 3-4
тұқымдасты оқу ол дедуктивті. Яғни тақырыпты алғашқы
түсіндіруде индуктивті әңгімелесу әрмен оқу материалын
қорытындылауда дедуктивті әңгіме жалғасады.
Әңгіме
биология сабағында құбылыстарды, процестерді,
жаңалықтарды ашылу тарихын, ғалымдардың
өмірін айтқанда қолданады.
Ол әңгіме педагогикада сөздік, көрнекілік
образға ие. Әңгімеде индуктивті болады.
Фактілерді қарастырғанда, ал фактілерді
қорытындылағанда дедуктивті болады. Әңгімедің
түсіндіру ерекшеленеді.
Түсіндіру
оқу материалының мазмұны
қорытындысын айтуда,
дәлелдемелерде қолданылады.
Дәріс
орта сыныптарда сабақ бастына жүрмейді, 10-11 сыныптарда тіршіліктануды оқығанда
сабақтын түгелімен оқу материалын түсіндірумен шектелмейді.
Дәріс кезінде мұғалім оқушыдан сабақ сұрайды, үй тапсырмасын тексереді. 10-11
сыныптарда оқу материалдарының қиындығына байланысты әр түрлі сөздік әдістер
қолданылады. Олар бір бірімен байланысты.
Мысалы, әңгімелесу-әңгіме, әңгімелесу, дәріс, әңгіме-дәріс кезінде оқушылар сабақтың
негізгі сұрағын түсіну керек.
Мұғалімнің сұрағы оқушыға негіз ретінде көмекші немесе олардың оқушыға негіз
ретінде көмекші немесе олардың осыған дейінгі білім деңгейін тексеруде сол сұраққа
оқушының өздерінің жауап беруін сұрауға да болады. Сонымен қатар жаңа материалды
түсіндіруде мұғалімнің алдын-ала беріп қойған тапсырмасы тірі табиғи бұрышты
бақылау, тәжірибенің нәтижесін жазғы тапсырмасының қорытындысын, оқу
тәжиребелік аймақтағы жұмысын балалардан әңгімелік беруін сұрау оқушылардың
ойлауына мүмкіндік сабаққа қызығушылығын арттырады. Тіпті оқылған кітабы
бойынша реферат оқытуға да болады. Мұғалім әдістің түрлерін пайдалануда оқушының
сөйлеу мәнеріне аса назар аудару керек. Олардың жүйелі, нақты сөйлеуін қадағалаған
жөн. Оқушылардың өз ойын айтуға мүмкіндік беріп, қорытынды шешімді өздеріне
айтқызған тиімді. Ал, баяндамашылар қысқа, нақты айтуы керек.
Көрнекілік әдіс.
Биологияның барлық сабақтарда қолданады. Бірақ бұл сабақты көрнекілік әдіспен өткізу керек деген
емес.Сөздік әдіс кезінде мұғалім әңгімелеп тұрып, көрнекіліктерді илюсстрация есебінде пайдаланады. Мысалы,
өсімдіктері жануарларды әңгімелеп турғанда бұларды табиғи көрсету мұмкіндігі бар жағдайда көрсетуде,
ғалымдарды, суреттерді, кесте, фотоларды. Бұл кезде ақпарат көзі мұғалімнің сөзі, оның әңгімесі, түсіндіруі.
Сабақ өткізуде көрнекілік әдісте көрнекі құралдардың басқада ролі бар. Соның ішінде тәжіребелі, тірі
объект, кино, кесте бұлар оқушылар үшін ақпарат көзі. Оқушылар көрсетілген көрнекіліктерді қарап, қорытынды
жасап, қайталайды. Көрнекілік әдісті қолдану оушының белсенділігін ойлауын арттырады. Дұрыс қойылған сұрақ
объектіні, тәжиребені демонстрациялауда баланың назарын аудартуы. Оқушыларда мақсатты бақылауға жетелеп
саластырып қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Көрнекіліктербиология сабақтарда табиғи және суреттеме болып
екіге бөлінеді.
Көрнекілік әдістің түріне демонстрациялау, тәжиребе, табиғи объектілерді,сүреттелерді көрсетеді.
Табиғи объектілерді демонстрациялау биологияны оқытуда маңызды себебі өсімдік, жануарларды тірі
күйінде көрсетеді.Ыңайлы және тірі объект бұд өсімдіктер.
Оны өсімдіктану, тіршіліктану сабақтарында демонстрациялайды.
Өсімдіктерді алдын ала табиғатта, үйде дайындауға болады.
Өсімдіктанудын көптеген сабақтарында көрнекілік әдіс ерекше орын алады. Ал,жануарларды жануартану,
тіршіліктану сабақтарында демонстрациялауға болады. Оқушыға көрсетуге ыңғайлысы орташа көлемдегі құстар
мен сүткоректілер.Оларды торда ұстау демонстрациялау кезіңде столға қояды.
Ұсақ жануарларды,мысалы, база,кесіртке оларды шыны банкада аузы марламен жабылған күйінде
столдерге таратып көрсеткен дұрыс. Оданда ұсақ жануарларды пробиркада аузы мақтамен тығындалған түрінде
демонстрациялайды. Ірі жануарларды тулып, қапқа оларды бекітіп, жарық түсіріп, ақ немесе қара экранда
көрсетеді.
Тәжиребені
демонстрациялау
барлық сыныптарда жүргізіледі.
Тәжиребе әртүрлі вариантта көрнекіліктерге және оқушының
деңгейіне байланысты болуы мүмкін.
Оқушылар тәжиребенің сүретін салып, дәптерге қорытындысын
жазады.Өсімдіктанудын көптеген сабақтары мұғалім немесе оқушылар
алдын-ала қойылған тәжиребелерді демонстрациялайды. Оның қою
ережесімен таныстырады. Алдымен сұрақ қойып, тәжиребені бақылау
өсімдіктермен салыстыра өткізіп жауап беріп қорытындыны оқушыға
сұрақ қоя жасатады. Жануартану, тәнтануда бақамен тәжірибие
демонстрациялайды.
8-9 сынып сабақтарында тірі мүйісте үйретілген жануарларды да
демонстрациялайды.
Оқушыларды тірі табиғат бұрышта, үйірмеде немесе оқу тәжиребелік
аймақтарды қойған тәжиребені демонстраиялау қызықтырады.Оларды бұл
айтқан фактілерін мұғалім жаңа тақырыпта ашуға пайданалып, оқушының
өздеріне қорытынды жасатуға болады.
Микроскоптық объектіні демонстрациялау барлық биология курсында
өтіледі. Егер мектепте 1-2 микроскоп болса, онда мұғалім препаратты өзі
әзірлеп, оқушыларға кезектесіп қарайдыда орнына барып, есінде қалғаны
бойынша, суретін салып, оқулықтарды оқиды. Оқушылардың өзіне де
препарат дайындауға болады. Жауап берген кезде оқушылар көрген объектіні
микроскоппен қарағанда тани білу керек.
Оқушылардың микроскоппен жұмыс жасау дағдысын мектепте микроскоп
аз болса, қалыптастыру қиын процесс. Сондықтанда мұғалімдер сабақтарда
микроскопты жиі пайдаланады. Сабақ сұраған кезде де препаратты дайындап,
өз бетімен жұмыстанады.
Суретеме көрнекіліктер
кесте, сурет, схема
. Оқушыға объектінің формасы, құрылысы, түсін тіршілік образын түсінуге
мүмкіндік береді. Оқушылар көре алмайтын жануарларды, мұғалім суреті арқылы
көрсетеді. Бірақ міндетті түрде жануарлардың өлшемдерін айту керек. Суретті
мұғалім тақтада көрсете тұрып, материалды береді.Оқушылар мұғалімнің ойына
сүйеніп, бар ынтасымен қабылдайды. Әсіресе, мұғалімнің суретті тақтаға салуы
оқушылар үшін өте маңызды. Себебі оқушының көзінше бұл сурет құрастырады. Оқу
материалын сол бір уақытта тыңдап, мұғалімнің қолының қозғалғанын бақылап,
тақтадағы суретті мұғалімнің түсіндіруімен өзінің дәптеріне көшіріп салады. Бұнда
оқушы толығымен машықтанады. Суретті мұғалім өзі айтқан кезде ғана бастап
көрсету оқушының назарын аудартады. Биологияны оқытуда қолдан жасалған
көрнекіліктердің ролі зор. Мысалы, оралса қағаз немесе кестелер биологияны
оқытуда оқу кинофильмдерді демонстрациялауда маңызды. Бұл кинофильмді
сабақта көрсетуде оқушыға алдын-ала сұрақ беріп, кино қарағаннан кейін.
Мұндай қарау мақсатқа сай. Бұл оқушылардың ойын қозғайды, фильмге деген
қызығушылығын арттырады. Мұғалім оқушының бақылауын дұрыс салаға
бағыттайды. Олардың ұғымының дұрыстығын аңықтайды. Оқушылардың қызметі
бақылау және көргендерін айтып беру. Оқушының білім алатын қайнар көзі
демонстрациялап көрсететін объектілерді, тәжиребелерді, суреттерді өздерінің
бақылауы, ал мұғалімнің сөзі барлық білім негізі болғанымен көрнекілік әдісте
екінші орын алады.
Сарамандық әдіс
Әдістің үшінші тобы практикалық. Бұл объект сойып жару, анықтау, мүшелерді жеке
алу, эксперимент, тәжиребелер жасай білу оқушылардың жұмыс кезінде алған нәтижесі
практикалық методты қолғанғанда да оқытушы сөзі қажет. Нұсқау беру, жұмыс барысын
тексеру, қорытынды шығаруға көмектесу, жұмысқа басшылық ету. Дегенмен, оқушының білім
алу қызметіне практикалық жұмыс басым болады. Өсімдіктану курсында сарамандық жұмыс
фронтальды бұйрықпен жүргізіледі. Өсімдіктану курсының соңында жануарларды
шағылыстыруды (зертханалық тышқан, егеуқұйрық) түсіндіру үшін тәжірибе жүргізіледі.
Көптеген әр түрлі эксперимент оқу тәжірибелік аймақта жүреді. Әсіресе жаз айларында,
вегетациялық периодта оқушыларға сұрақ немесе тапсырма тапсырылады. Олар тәжірибе
және бақылау оъктілерін салыстыру нәтижесінде жауап береді. Тәжірибе кезенде өлшеу дәл
бақыланады. Оқушылар практикалық дағдыны бір сабақтан-ақ меңгеріп кетпейді. Ол
күнделікті сабақта мұғалім көптеп қолданып қалыптастырады. Өсімдіктерден кеппешөп
жасауды 1-2 сабақта үйренбейді. Жазғы тапсырмада үйренеді. 6 класста алған білімін 7
класста қолданады. Жануартану курсында жануарларды союды оқушылар, егер мұғалім
өткізсе ғана олар өз беттерімен союға дағдыланып үйренеді. Алғаш бірінші сабақта сою тек
мұғалімнің бұйрығымен жүрсе, келесі сабақта азғаны оқушылардың өз бетімен жұмысына
мүмкіндік беру керек. Келесіде оқушылар толық өз бетімен орындаған жөн.
Бақылау сұрақтар
1. Оқыту әдісі дегеніміз не, анықтама беріңіз
2. Биологияны оқыту барысында сабақты өткізу процесінің
жүйелік кезеңіне байланысты топтастыру әдістерін
атаңыз
3. Танымдылық іс-әрекетіне байланысты топтау әдістер
туралы қысқаша сипаттама беріңіз
4. Сөздік әдіс түрлерін атаңыз
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz