Қылмыс заты


Slide 1

Тақырып:

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Slide 2

Жоспар:

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Slide 3

Нормативтік материалдар:

1. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі ҚР Заңы.

2. «Есірткі, психотроптық, және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3 нормативтік қаулысы.

Slide 4

Түрлері:

Slide 5

Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу (ҚР ҚК 296-баб. 1-бөл. )

Элемент

Белгі

Мазмұны

Объект

Негізгі

Халықтың денсаулығы

Қылмыс заты

а) есiрткi заттар;

б) психотроптық заттар;

в) сол тектестер;

г) прекурсорлар

Объективтік жағы

Іс-әрекет

Медициналық емес тұтыну

Қылмыс жасау орны

Қоғамдық орындар

Субъект

16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам

Субъективтік жағы

Кінә

Тікелей қасақаналық

Slide 6

Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу (ҚР ҚК 296-баб. 2-бөл. )

Элемент

Белгі

Мазмұны

Объект

Негізгі

Халықтың денсаулығы

Қылмыс заты

а) есiрткi заттар;

б) психотроптық заттар;

в) сол тектестер;

г) прекурсорлар

Объективтік жағы

Іс-әрекет

а) заңсыз дайындау;

б) қайта өңдеу;

в) иемдену;

г) сақтау;

д) тасымалдау

Субъект

16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам

Субъективтік жағы

Кінә

Тікелей қасақаналық

Slide 7

Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу (ҚР ҚК 297-бабы)

Элемент

Белгі

Мазмұны

Объект

Негізгі

Халықтың денсаулығы

Қылмыс заты

а) есiрткi заттар;

б) психотроптық заттар;

в) сол тектестер;

г) прекурсорлар

Объективтік жағы

Іс-әрекет

а) заңсыз дайындау;

б) қайта өңдеу;

в) иемдену;

г) сақтау;

д) тасымалдау;

е) жөнелту;

ж) өткізу

Субъект

Жалпы

16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам

Субъективтік жағы

Кінә

Қасақаналық

Мақсат

Өткізу мақсаты

Slide 8

Қылмыс заты

ЕСIРТКIЛЕР - есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде жiктелген, оларды терiс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар.

Slide 9

Қылмыс заты

ЕСIРТКI ЗАТТАР - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар.

Slide 10

Қылмыс заты

ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар.

Slide 11

Қылмыс заты

ЕСIРТКI ЖӘНЕ ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТ ТЕКТЕСТЕР - құрылымы мен қасиеттерi жағынан I, II, III кестелерге енгiзiлген заттарға ұқсас, елiртетiн, күйзелтетiн немесе жалған елес күйiне түсiретiн химиялық құрылымы мен қасиеттерi бар, оларды терiс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшiн қауiптi және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде бекiтiлмеген шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар.

Slide 12

Қылмыс заты

ПРЕКУРСОРЛАР - есiрткi және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, ҚР заңнамасына, ҚР халықаралық шарттарына, соның iшiнде БҰҰ-ның Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген заттар.

Slide 13

Қылмыс затын анықтау

Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ТIЗIМI (Заңның 1 қосымшасы) :

І-кесте Медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есiрткi және психотроптық заттар.

II кесте Медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылаудағы есiрткi және психотроптық заттар.

III кесте Медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылаудағы есiрткi және психотроптық заттар.

IV кесте Бақылаудағы прекурсорлар (есiрткi және психотроптық заттарды заңсыз дайындау кезiнде жиi пайдаланылатын химиялық заттар мен өсiмдiктер) .

Slide 14

Қылмыс затын анықтау

Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы ЖИЫНТЫҚ КЕСТЕ

Slide 15

Объективтік жағы

ДАЙЫНДАУ - жүргiзiлуiнiң көмегiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкiн барлық процестер, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы.

ЗАҢСЫЗ ДАЙЫНДАУ - кез-келген әдейі жасалған әрекет нәтижесінде белгілі бір есірткі заттың Тізімге енгізілген затқа айналдырылуы. Осы заттардың формасын өзгерту (ұстау, таблеткаға қалыптау, пилюли, плиткалар, пасталар т. б. ) заңсыз дайындау болып есептелмейді.

Slide 16

Объективтік жағы

ӨҢДЕУ - нәтижесiнде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын iс-әрекет, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу.

ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ӨҢДЕУ - белгілі бір есірткі немесе психотроптық заттың күшін көтеру үшін тазарту (жат қоспалардан тазарту) . Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді кептіру, ұсату, кейбір бөлшектерден ажырату және басқа да түрлендіру (сол заттан басқа бір есірткі зат алынбаса) заңсыз қайта өңдеу деп есептелмейді.

Slide 17

Объективтік жағы

ЗАҢСЫЗ ИЕМДЕНУ - сатып алу, басқа товарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену, құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен кейінгі қалдығын жинап алу және т. б.

Slide 18

Объективтік жағы

ЗАҢСЫЗ САҚТАУ - кінәлінің арнайы рұқсатсыз иелігінен (өзінен, жасырын жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан) тауып алумен байланысты кез-келген қасақана әрекет.

Slide 19

Объективтік жағы

Заңсыз жөнелту - есiрткiні немесе психотроптық заттарды байланыстың кез келген түрімен, арнайы адам арқылы, сондай-ақ жануарларды, құстарды пайдаланып жіберу.

Slide 20

Объективтік жағы

ТАСЫМАЛДАУ - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегiнде есiрткi, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөнiндегi кез келген iс-әрекеттер.

Slide 21

Объективтік жағы

ЗАҢСЫЗ ӨТКІЗУ - есірткі, психотроптық заттарды прекурсорларды бір тұлғаның билігінен басқа тұлғаларға заңсыз өткізу немесе берудің кез-келген осы бағыттағы тәсілі (сату, сыйлау, қарызын өтеу, айырбастау, қарызға беру, басқа тұлғаға укол салу т. с. с. ) .

Slide 22

Есірткі заттар мен сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар

Өткізу мақсатының болып-болмауы

(ҚР ҚК 296 немесе 297 бабы)

Заттардың мөлшері

(шағын, ірі немесе аса ірі)

Есірткі заттар мен сол тектестердің заңсыз

айналымымен байланысты қоғамдық қауіпті әрекеттер

үшін қылмыстық жауаптылықты жіктеу құралдары:

Әрекеттердің сипаты (дайындау, өңдеу,

сақтау, тасымалдау, жөнелту, өткізу)

Slide 23

Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру (ҚР ҚК 299-бабы)

КӨНДІРУ - басқа тұлғалардың оларды тұтынуға ниетін қоздыруға бағытталған кез-келген қасақана әрекет (үгіттеу, ұсыныс жасау, ақыл беру, адастыру, алдау, қорқыту) .

Тұлғаға есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға әсер ету мақсатымен, көндірілуші тұлға оны қолданса да немесе басқа бір себептермен қолдана алмаса да (көндірілушінің қолданудан бас тартуы, басқа тұлғалардың араласуы т. с. с. ) қылмыс аяқталған болып есептеледі.

Slide 24

Кейс шарты:


Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандар саудасы
Қылмыстың объектісі мен объективтік жағы және субъектісі мен субъективтік жағы
БЕЙБIТШIЛIККЕ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ҚАУIПСIЗДIГIНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Жекелеген қылмыстарды ашу және алдын алу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері
Қасақана қылмыс сатылары
Қылмыстарды саралау және оның санаттары
Бөтен мүлік
Өкілеттіктерді теріс пайдалану
Сыбайлас жемқорлық түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz