Құқықтың субьектісі


Slide 1

Жеке, заңды тұлға, халықаралық жеке құқықтың субьктісі ретінде

Кайтбекова А. Р

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Жеке тұлға

Заңды тұлға

халықаралық жеке құқықтың субьктісі

Құқықтық мәртебесі бойынша салыстырмалы құқықтық талдау

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген:»Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады».

Slide 4 Slide 5

1. Жеке тұлға ұғымын қарастырар алдында алғаш рет Рим құқығында пайда болған «тұлға» терминін талдап көрейік. Тұлға деп Рим құқығында жеке адамдар мен топтар, басқаша айтқанда заңды тұлғалар танылды. Жеке тұлға-белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды білдіретін термин ретінде де қолданылады.

Slide 6

2. Заңды тұлға-меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.

Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

Slide 7 Slide 8

Заңды тұлғаның ұлттылығы жөнінде халықаралық жеке құқықта 4 доктрина қалыптасқан.

1. Инкорпорация - заңды тұлға қай мемлекетте тіркелсе, онда, сол мемлекеттің заңы қолданылады. Яғни, заңды тұлғаның жеке жерінің заңы қолданылады.

2. Отаршылдық немесе тұрақтылық доктринасы - заңды тұлғаның басты органы қай мемлекетте орналасса, сол мемлекеттің заңы қолданылады. Яғни, оның әкімшілік органы орналасқан жерінің заңы қолданылады

3. Қызмет ету немесе шаруашылық жүргізу доктринасы. Заңды тұлға қай мемлекетте нақты жұмыс істесе, сол мемлекеттің заңы қолданылады.

4. Бақылау доктринасы - бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңы саналады.

Slide 9

3. Халықаралық құқықтың субъектісі-халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы. Халықаралық құқықтың субьектісі- субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары

Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы - жеке тұлғалар

Slide 10 Slide 11

Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері

(мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық-құқықтық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады

Егемендік (мемлекеттік немесе ұлттық) оларды халықаралық құқықтың басқа субьектілерінен тәуелсіз етеді және олардың халықаралық қатынастарға жеке қатысу мүмкіндігін алдын-ала анықтайды. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілерінің құқықсубьектілігін белгілейтін нормалар жоқ, бірақ олардың құрылған сәттен бастап құқықсубьектілігінің болатынын бекітетін нормалар ғана бар.

Slide 12

4. Халықаралық құқықтың субьектілерінің ішкі мемлекеттік құқықтың субьектілерінен ажырататын белгілері болады

1) Халықаралық құқықтық нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы

2) Ұжымдық құрылым болып табылады

3) Халықаралық нормаларды әзірлеуде және қабылдауда қатысатын қабілеттілігі бар

Slide 13

4. Мемлекеттік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі.

Мемлекеттердiң көпшiлiгi әлемдiк нарықта аралас экономика жүйесiн қолданады. Әрине, мемлекеттердiң жүйесi бiрдей болса да, даму деңгейi әр түрлi болады. Ұлттық экономиканы, мемлекеттендiру және шаруашылық қызметте мемлекеттiң белсендi түрде қатысуы аралас экономиканың бiр белгiсi болып табылады. Мемлекеттiң басты функциялардың бiрi қоғамдық қажеттiлiктi кең ауқымда қамтамасыз ету болып табылады. Жеке кәсiпкерлiктердi мемлекеттендiру қажеттiлігін қамтамасыз етудi тиiмдi және нәтижелi жасауға мүмкiндiк бередi

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтың субьектілері
Халықаралық құқық
Әкімшілік құқықтың нормалары
Құқықтық қатынастың субъектілері
СУБЪЕКТІЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Тұлғалар құқығы
Құқық бұзушылық белгілері
Әкімшілік құқықтың субъектілері
Қылмыстарды саралау және оның санаттары
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz