Міндеттемені тоқтату: азаматтық-құқықтық негіздері мен рәсімдері


Slide 1

Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы

Пән: Азаматтық құқық

Тақырып:Міндеттемені тоқтату

ҚҚҚ-19-ТҚБ

Орындаған:Кайтбекова А. Р

Тексерген: Бегазова Г. Ж

Slide 2

Кіріспе

Міндеттеме өзінің құрамын кіретін құқықтар менміндеттер толық жүзеге асқан сәттен бастап тоқтатылады. Бұл көбіне көп оны орындаудың нәтижесінде болады. Бірақ та несие беруші боорышты кешіргенде немесе оны орындауға мүмкіндік болмайтындай болса, негізгі мақсатты жүзеге асырумен байланысты емес тоқтатулар да болады. Сөйтіп, міндеттемені тоқтату дегеніміз міндеттеменің мазмұнын құрайтын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін жою болып табылады. Міндеттемені тоқтату Азаматтық кодексте, басқа да заңдар мен өзге құқықтық актілерде немесе шартта қаралған негіздерде жүзеге асады (АК-тің 367-бабы) . Қазіргі қолданылып жүрген Азаматтық кодексте мейлінше жиі кездесетін міндеттемелердің тоқтатылу негіздері қарастырылған, оның ішінде әсіресе жаңа тәсілдері де тәртіптелген, айталық, оған бас тарту төлемі мен борышты кешіру түрлерін жатқызуға болады (АК-тің 369-373 баптары) .

Slide 3

Міндеттемені тоқтатудың барлық негіздерін мынадай екі топқа бөлуге болады

1) Өзінің қатысушылары еркімен тоқтатылатын міндеттеме (мысалы, жаңарту, есепке жатқызу, бас тартуды ұсыну, борышты кешіру) ;

2) Өзінің қатысушылараның еркінен тыс тоқтатылатын міндеттеме (мысалы, азаматтың қайтыс болуы міндетеменің тоқтатылуына алып келеді, заңды тұлғаны тарату, борышқор мен несие беруші бір тұлға болса және т. б. ) .

Slide 4

Міндеттеменің тоқтатылуы тиісті дәрежеде рәсімделуі керек, олар жалпы және арнайы ережемен рәсімделеді. Белгілі бір жағдайларда заң міндеттеменің тоқтатылуының арнайы әдісін қарастырады. Мысалы, заемдық міндеттемені рәсімдеу кезінде қарыз қолхатын тапсыру талап етіледі. Қарыз міндеттемесі тоқтатылған жағдайда несие беруші бұл қарыз құжатын қайтаруы тиіс. Егер қандай да бір себеппен қолхат жоғалып немесе жойылып кетсе, онда несие беруші міндңттеменің тоқтатылғаны туралы соған ұқсас қолхат беру арқылы куәландыруға міндетті.

Slide 5

Міндеттеменің тоқтатылуы оның қатысушылары арасындағы құқықтық байланыстардың күшін жояды. Кейбір жағдайларда құқық қатынастары сақталады, бірақ жаңартылған түрде болуы керек. Міндеттемені тоқтатудың мейлінше тиімді түрі - оны орындау. Яғни міндеттеме тиісті дәрежеде орындалуы керек, несие берушінің құқықтарын жүзеге асыру міндеттеменің мәніне, әдісіне, орындалатын жеріне және т. б. толық сәйкес жүзеге асуы керек. Міндеттеме тиісінше орындалмаса да тоқтатылмайды, қайта қосымша міндеттер (айып төлеу, залалды өтеу және т. б. ) жамалады. Тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемін беру арқылы тоқтатылуы мүмкін (АК-тің 369-бабы) . Бас тарту төлемі міндетттемені тоқтатудың жаңа негізі болып табылады, оның өзі бұрын Азаматтық кодексте болған емес. Бас тарту төлемінің мән-мағынасы міндеттеменің пәнін басқа мүлік беру немесе ақшамен алмастыру болып табылады. Сондай-ақ жұмысты орындау немесе қызме көрсету де ұсынуы мүмкін.

Slide 6

Міндеттеме өзінің кұрамына кіретін кұкыктар мен міндеттер толық жүзеге асқан сәттен бастап тоқтатылады. Бұл көбіне көп оны орындаудың нәтижесінде болады. Бірақ та несие беруші борышты кешіргенде немесе оны орындауға мүмкіндік болмайтындай болса, негізгі мақсатты жүзеге асырумен байланысты емес токтатулар да болады. Сойтіп, міндеттемені токтату дегеніміз міндеттеменің мазмұнын қурайтын оның қатысушыларының қуқықтарымен міндеттерін жою болып табылады.

Slide 7

Міндеттемені тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен шарттар заңдарда, басқа да нормативті актілерді міндеттеме алған жақтардың келісімінде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушыларды, пәнді, мерзімді және міндеттемені орындаудаосы аталғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені тиісті дәрежеде орындау дегеніміз оның санын сапасын субьектілеріне, орнына, мерзімі мен тәсіліне қатысты талаптар мен шарттарды дәлме дәл сақтай отырып орындау болып саналады Міндеттемені борышқортап тұйнақтай ғып орындауы үшін ненсие берүші немесе оған уәкілетті орган заңда немесе шартта көрсетілген мерзімде, орынды, белгілі біртәсілді міндеттемеге енгізуі тиіс

Slide 8

Әдебиеттер

1. ҚР құқық негіздері. Е. Баянов, Алматы, 2001ж 2. С. Д. Баққұлов Құқық негіздері., Алматы, 2004ж. 3. А. Ағыбаев, 1998 «Жеті жарғы», 1998 ж. 4. А. Ағыбаев, 2007«Жеті жарғы» ЖШС, өнд. толықт., 2007 ж. 5. Табанов С. А., 2003 "Жеті жарғы" ЖАК, 2003 ж. 6. Назарбаев Н. А. Стратегия развития Казахстана до 2030 года. -Алматы, 1997. -34 б. 7. . Құқықтық статистиканың 2006 жылғы мәліметтері 8. ҚР ҚІЖК Алматы-2004 жыл. 9. Фаткуллин Ф. Н. Общие проблемы процессуального доказывания. - Казань: Изд. Казаньского Ун-та. 1973 ж. 173 б. 10. Джакишев Е. Г. Криминалистическая характеристика преступлений и ее значение в определении обстоятельств, подлежащих доказыванию// В кн. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР- Алма-Ата КазГУ, 1987, 77-79 б.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық: міндеттемелік құқық, ортақтасқан міндеттемелер және тоқтату негіздері
Кепіл: міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен тәртібі
Міндеттемені орындау және оны қамтамасыз ету: құқықтық негіздері мен құралдары
Келісімшарттардың азаматтық-құқықтық негіздері, түрлері және жасасу тәртібі
Шұжық өнімдерін сертификаттаудың нормативтік-құқықтық негіздері мен рәсімдері
Кедендік бақылау: құқықтық негіздері, нысандары және рәсімдері
9-сынып: Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам - қағидалар және азаматтық құқықтың негіздері
Қазақстанда меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: ұғымы, жүйесі және құқықтық негіздері
Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі: азаматтық-құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz