Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері



Тақырыбы:Дидактика-оқыту теориясы

Жоспары:
Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары
Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері
Оқытудың әдістері, классификациясы

Дидактика (гр. διαλεκτική - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдықформаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.

ДИДАКТИКА
Мазмұны
(Нені оқытады?)
Мақсат
(Не үшін оқиды?)
Ұйымдастыру формалары
(Қайда оқытады?)
Принциптер
(Неге және қалай оқөытады?)
Әдістер және құралдар
(Ненің көмегімен оқытады?)

Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін зандылықтарды зерттейді, оқыту үрдісінін процесінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын теуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды.
Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады:
Теориялық (диагностикалық және болжамдық прогностикалық)
Практикалық (нормативтік, құрал ретінде)

Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты) ?
Кімді оқытамыз(оқыту субьектілері) ?
Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері) ?
Неге оқытамыз(білім беру, оқыту мазмұны) ?
Оқытуды қалай ұйымдастырамыз(оқытуды ұйымдастыру формасы) ?
Оқытуға қандай құралдар қажет(оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т. б. ) ?
Оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер ) ?
Оқыту нәтижелерін қалай бақылауға және бағалауға болады(оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері) ?

Дидактиканың негізгі категориялары -білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу, оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері, мазмұны, түрлері әдістері, құралдары оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика - үнемі дамып, өркендеп отыратын сала . Өйткені білім беру мен оқытуды терең зерттеп, оны меңгермейінше ғылымды жетілдіріп, өмір талаптарын орындап, уақыт мәресінен шығу мүмкін емес. Оқыту туралы ол «өтеді», ол «жүзеге асырылады» және «іске асады», ол адамға белгілі бір «білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың берілуі», ол сондай -ақ оқушының білім алу мәселесі«шешілетін оқытушы мен оқушылардың мақсаты бағытталған өзара әрекеті», деп көп айтылып та, жазылып та жүр . Ол оқушылардың ғылыми білімдер мен дағдыларды меңгеруіне, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымын және адамгершілік - этикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға, оқу танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары .

Дидактиканың зерттейтін пәні - ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері.
Сонымен бірге дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қарастырады.
Дидактиканың міндеті: «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» (Я. А. Каменский бойынша) - деген сұрақтарға дәлелді жауаптар беру. Сондықтан да дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері:
оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу;
оқытудың білімділік мазмұнын анықтау;
оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белілеу;
оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау.

- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік) ;
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы) ;
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция) : байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы) ; іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру)
Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация) : оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:

Педагогикада бұл ұғымды тұнғыш рет еңгізген неміс педагогы В. Ратке (1571-1635) болды.
Вольфганг Ратке (1571-1635) - көрнекті неміс педагогы, Коменскийдің ережелеріне жақын оқыту ережелері жүйесін жасаған ірі дидакт. 1612 ж. Майндағы Франкфурт қаласында өткен неміс князьдерінің құрылтайына төмендегі үш, оның пікірінше, ең маңызды мәселені шешуге арналған нұсқаулық ұсынды: 1. көне де, жаңа да тілдерді жылдам және оңай үйренуді қалай қамтамасыз етуге болады. 2. жастар әр тұрлі ғылымдар мен өнерді зерделей алатын ана тіліндегі мектептерді барлық жерде қайтіп ұйымдастыруға болады. 3. Бүкіл Германияда басқарудың, тілдің және діннің бірлігіне қалай жетуге болады. Оның пайымдауынша дидактика оқытудың теориялық негіздерін зерттеумен айналысатын ғылыми пән.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz