Жаңа заман батыс еуропалық философиясы: жалпы сипат, рационализм мен эмпиризм


Slide 1

Жаңа Заман мәдениетіндегі батыс еуропалық философия

Дәріс жоспары:

1. Жаңа Заман философиясының жалпы сипаттамасы.

2. Жаңа Заман философиясындағы рационалистік және эмпиристік бағыттар.

Slide 2

Жаңа Заман философиясы деп ХVІІ, ХVІІІ және ХІХ ғасырларды қамтитын дәуірді айтамыз.

Slide 3

Феодалдық қоғам ішінде өндіріс пен ғылымды дамытуға мүдделі болған күштер пайда бола бастады.

Бұл жаңа туып келе жатқан буржуазия еді, олар феодалдық тәртіптерге, дін іліміне және схоластикалық философияға қарсы шықты.

Slide 4

Бұл дәуірдің тағы бір ерекшелігі ренессанстық мәдениет пен философияның дінді ғылымнан, саясаттан, моральдан бөлуі (секуляризациялануы) болды.

Секуляризация - қоғамның, адамның дін ықпалынан арылуы, шіркеу меншігінің мемлекеттік меншікке ауысуы.

Енді мемлекет, мораль және ғылым мәселелерін дін арқылы қарай алмады.

Slide 5

Жаңа Заман философиясының басты бағыттары: рационализм мен эмпиризм.

Рационализм бағытының негізін қалаушы - Рене Декарт

(1596-1650)

Эмпиризм бағытының негізін қалаушы - Фрэнсис Бэкон

(1561-1626)

Slide 6

Рационализм (лат. ratio - «ақыл») - болмыс пен танымның негізі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт.

Рационализмнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Лейбниц болды.

Рене Декарт

(1596-1650)

Slide 7

Декарт онтологиясы Рух пен материя дуализмі

Болмыс

Ойлау (res cogitans)

кеңістік (res extensa)

Slide 8

Декарт философиясының негізгі идеялары

Білімнің қайнар көзі - ақыл, ойлау

Таным сезіммен емес, тікелей ақылмен жүзеге асады

Декарттың таным әдісі - дедукция, (Ойлаудың жалпыдан жекеге өтуі)

«Туа біткен» идеялар теориясын ұсынды.

Slide 9

Декарттың негізгі қағидасы

1. Барлық заттар мен білімдерге күмән келтіре отырып, тек қана ойлайтын адамға күмән келтіре алмаймыз.

2. Күмәндану - ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды.

3. Тіршілік етпей адам ойлай алмайды.

4. «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін»

Slide 10

Эмпиризм бағытының негізін қалаушы - Фрэнсис Бэкон

(1561-1626)

Негізгі еңбектері:

«Ғылымдар табысы»,

«Жаңа Органон»,

«Жаңа Атлантида».

«Білім - күш»

Slide 11

Ф. Бэконның философиялық идеясының мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жатады.

Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі.

Білім мен тәжірибенің басты мақсаты - экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу.

Slide 12

Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды.

Индукция - көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қортындылар жасау деп түсіндіреді Ф. Бэкон.

Slide 13

Бэконның пікірінше, индукция әдісінің дедукциядан артықшылығы - мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде.

Индукцияның кемшілігі - оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты

(өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді) .

Slide 14

«Танымның басты әдісі - индукция» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар:

«құмырсқа жолы»

«ара жолы»

«өрмекші жолы»

Slide 15

«Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді.

«Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніп білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм (өмірден қол үзген рационализмге керісінше) .

Slide 16

«Ара жолы» - танымның ең дұрыс жолы. «Ара жолын» ұстана отырып, фактілерді жинап, жалпылап (мәселеге «сыртынан» қарап), ақыл мүмкіндігін қолданып мәселенің «ішіне» үңіліп, мәнін түсіну қажет.

Slide 17

Ф. Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамның ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «елестер» («идолдар») деп атап, төрт түрге бөліп сипаттайды:

1. тектік елестер;

2. үңгір елестері;

3. алаң елестері;

4. театр елесі.

Slide 18

Тектік және үңгір елестері - дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары.

Тектік елестер - адамның табиғатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-идолдар. Адамның ақыл-ойының да, сезімдерінің де кемшіліктері көп. Бірақ адам оны ескере бермейді, не ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді. Мысалы, ғылыми фактілерді толық жинап болмай жатып, теориялық асығыс қорытынды жасайды, немесе дәлелденбеген нәрсеге көбірек сенеді.

Slide 19

Үңгір елестері - адамның физиологиясы мен психологиясының, тәрбиесінің ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбылыстарды объективті түрде қабылдауға кедергі жасайды.

Slide 20

Алаң - театр елестері - жүре пайда болған адасушылықтар

Алаң елестері - тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық.

Театр елестері - жалпы қабылданған, көнеден келе жатқан философиялық доктриналарға, мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне деген соқыр сенім «философиялық театрларды» туындатады. Мысалы, дінге деген шектен тыс сенім.


Ұқсас жұмыстар
Жаңа заман философиясы: XVII-XVIII ғасырдағы ғылыми рационализм, эмпиризм және материализм
Қайта өрлеу мен Жаңа заман философиясы: гуманизм, секуляризация және рационализм
Қазіргі заман мәдениеті: постмодернизм және жаңа заман еуропалық мәдениетінің эволюциясы
XVII-XVIII ғасыр философиясы: эмпиризм, рационализм және ағартушылық
Еуропалық қайта өрлеу және жаңа заман мәдениеті (XVII-XIX ғасырлар)
Жаңа дәуірдегі психологияның қалыптасуы: рационализм мен эмпиризмнің әсері
Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясының тарихы мен негізгі идеялары
Зар заман философиясы және қазақ ақындарының әлеуметтік-философиялық поэзиясы
Қайта өрлеу және Жаңа заман: саяси ойлар мен азаматтық концепцияның қалыптасуы
Зар-заман ағартушылық философиясы: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы және Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz