Липидтер алмасуының сатылары және биохимиялық механизмдері


Slide 1

Орындаған: Шоханқызы А.

Тобы: В-ЖМҚА-10-19

Қабылдаған: Ордабекова А. Б.

Тақырыбы: Липидтер алмасуының сатылары.

БӨЖ

«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Липидтер туралы жалпы түсінік

2. 2. Липидтердің жіктелуі

2. 3. Липидтердің алмасу сатылары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Липидтер (грекше lipos-май) дегеніміз полярлы емес еріткіштерде жақсы еритін төмен молекулярлы органикалық заттар. Химиялық құрылысы бойынша липидтер әртүрлі болады, бірақ олардың барлығы дерлік кез-келген спирттер мен май қышқылдарының күрделі эфирлері болып табылады. Сонымен қатар липид молекулаларының құрамына азотты қосылыстар, фосфор қышқылы және көмірсулар енуі мүмкін.

Slide 4

Липидтердің қызметі

1. энергия көзі (1г тотыққанда 38, 9кДж) ;

2. эндогенді судың көзı (100г тотыққанда 107мл су) ;

3. қорғаныштық қызметі (маңызды органдарды механикалық зақымданудан қорғайды) ;

4. жылуды нашар өткізетіндіктен, дене t°С тұрақты cақтауға қатысады;

5. еріткіштік (майда еритін витаминдердің сіңірілуіне қажет) .

Slide 5 Slide 6

Липидтердің алмасуы төрт кезеңнен тұратын сатылы процесс. Ол кезеңдер мыналар:

● Қорытылу

● Сіңіру

● Аралық алмасу

● Сол алмасуының ақырғы өнімдерінің пайда болуы.

Slide 7

Липидтердің қорытылуы

Липидтердің қорытылуы гидролазалар класының эстеразалар тобы ферменттерінің қатысуымен АІЖ жүреді.

Липидтер қорытылу үшін алдымен эмульсиялануы керек.

Эмульсиялану ішекте эмульгаторлар (өт қышқылының тұздары, белоктар) мен ішек перистальтикасының әсерінен жүреді .

Slide 8

Эмульсиялану (эмульгирлену) нәтижесінде өте ұсақ, майлы тамшылар түзіледі. Осы тамшылардың сыртқы бетінде өт қышқылдарының тұздары адсорбцияланып, оларға теріс заряд береді. Сондықтан тамшылар біріге алмайды және тұрақты эмульсия пайда болады.

Май тамшысы

ЭМУЛЬГАТОРЛАР

-

-

-

-

-

-

-

Май эмульсиясы

Кейбір тамшылардың диаметрі 0, 005 микрометрге дейін болады, сондықтан 30% липидтер осы тамшы түрінде, қорытылмай бірден лимфаға түседі. Ал қалған 70% липидтер гидролизденеді (қорытылады) .

Slide 9

Липидтердің сіңірілуі

Липидтердің сіңірілуі, ащы ішекте өтеді: суда еритін гидролиз өнімдері - глицерол, фосфор қышқылы, қысқа көміртек тізбекті (С<10) май қышқылдары және азотты негіздер диффузиялық жолмен, өз бетінше сіңіріледі.

Ал суда нашар еритін немесе ерімейтін гидролиз өнімдері: ұзын тізбекті бос май қышқылдары, холестерол мицелланың гидрофобты ядросын түзеді. Мицелланың гидрофильді қабатын фосфолипидтер мен өт қышқылы құрайды, бұл заттар суда да, майда да ериді. фосфолипид пен өт қышқылының гидрофобты бөлігі мицелланың ішіне қарап, гидрофильді жағы сыртына қарап орналасады.

Slide 10

Мицелла ішек қабырғасына диффузия арқылы сіңіріліп, сол жерде ыдырайды.

Сонымен, мицеллалар липидтердің суда ерімейтін гидролиз өнімдерінің сіңірілуіне қатысады.

Мицелла диффузия түрінде, пиноцитоз арқылы ішек қабырғасына түседі.

ФЛ

ӨтҚ

Slide 11 Slide 12

Липидтердің алмасуы

Липидтер алмасуы барлық жасушаларда өтеді, солардың ішінде

Ішек қабырғасы;

Өкпе;

Бауыр;

Май тіні ерекше роль атқарады.

Slide 13

Ішек қабырғаларының ролі

1. Липонеогенез - липидтердің заттар алмасуының аралық өнімдерінен түзілуі.

2. Мицелла ыдырайды.

3. ФЛ түзіледі (өте аз мөлшерде) .

4. Хиломикрондардың (ХМ) түзілуі.

Slide 14

Бауырдың ролі.

Липидтер бауырға 2 түрлі жолмен 10%-ы қақпа венасы арқылы, 90%-ы бауыр артериясы арқылы түседі. Бауырда липидтер алмасуының барлық реакциялары дерлік өтеді:

Ол реакциялар:

А) Анаболитикалық

Липогенез синтезі.

БМҚ синтезі.

Б) Катаболитикалық

Глицериннің тотығуы.

Май қышқылдарының β-тотығуы.

Майда еритін витаминдер мен стероидты гормондардың метаболизмі.

Slide 15

Липидтер алмасуындағы өкпенің ролі.

1. Өкпе ХМ қатысты бөгеттік немесе қор жинау ролін атқарады. Астың қорытылуы кезінде ХМ көп түседі, сол кезде өкпе оларды ұстап қалып, қорға жинайды, ал артерия қанындағы ХМ деңгейі азайғанда өкпе өзінде қорға жиналған ХМ береді.

2. ХМ-ң біраз бөлігі өкпеде ыдырап, оның құрамындағы БМҚ-на дейін гидролизденеді. Ал олар тотығып, энергия бөледі, бұл энергия дем алғанда жұтылған ауаны жылытуға жұмсалады. Сонымен қатар АТФ түрінде жиналған энергия өкпедегі анаболикалық реакцияларға және механикалық жұмысқа пайдаланылады.

Slide 16

Қорытынды

Липидтер - бүкіл тірі клеткалардың құрамына енетін, майлардың және май тәрізді заттардан құралған, суда ерімейтін, полюстігі төмен органикалық заттар. Липидтер организмде құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т. б. сияқты маңызды қызметтер атқарады. Липидтердің суда ерімейтін қасиеті оның жасушадағы құрылыс қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Ұлпалардың, жасушалардың және олардың органоидтарының мембраналары фосфолипид молекуласынан түзіледі. Сол сияқты липидтер көптеген биологиялық косылыстардың түзілуіне қатысады. Липидтердің алмасуы төрт кезеңнен тұратын сатылы процесс болып саналады. Ол кезеңдер : ас қорыту, сіңіру, аралық алмасу және сол алмасуының ақырғы өнімдерінің пайда болуы.

Slide 17

Пайдаланылған әдебиеттер

«Биохимия» Е. С. Севериннің ред. басшылығымен, «ГЭОТАР, Медиа», 2014ж.

Т. С. Сейтембетов, Биологиялық химия, Алматы-2011ж.

С. О. Тапбергенов, Медициналық биохимия, Алматы-2011ж.

З. С. Сеитов, Биологиялық химия, 2012ж.

П. К. Кенжебеков, Биологиялық химия (арнайы бөлімдері), -Шымкент, 2005ж.

Биохимия, под ред. Чл. -корр. РАН, проф. Е. С. Северина. -М., 2011

R. H. Garrett. Grisham C. M., «Biochemistry», 2012


Ұқсас жұмыстар
Липидтер алмасуының кезеңдері мен биохимиялық негіздері
Липидтер алмасуының сатылары: құрамы, тасымалдануы және физиологиялық рөлі
Липидтер алмасуының биохимиялық бұзылыстары, мембраналық тасымалдау механизмдері және бұлшықет жиырылуының молекулалық негіздері
Липидтер алмасуының патологиясы: себептері, диагностикасы және емдеу
Заттар алмасуының реттелуі: гормональды бақылау және биохимиялық механизмдер
Бүйректегі реабсорбция механизмдері және бүйрек қызметтерінің биохимиялық негіздері
Өсімдіктердегі су алмасуының физиологиясы: су потенциалы, осмостық үдерістер және қозғалыс механизмдері
Микроорганизмдердің биохимиялық механизмдері негізінде ксенобиотиктердің айналымын болжау
Қан плазмасының глобулиндері: түрлері, қызметі және анемияның биохимиялық механизмдері
Липидтер: құрылымы, түрлері және метаболизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz