Витаминдердің биологиялық қызметтері
Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ
АКАДЕМИЯСЫ
Биология және биохимия кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биологиялық қызметтері.
Орындаған: Шоханқызы А.
Тобы: В-ЖМҚА-10-19
Қабылдаған: Ордабекова А.Б.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Витаминдер туралы мәлімет
2. Витаминдердің құрылысы
3. Витаминдердің жіктелуі
4. Майда еритін витаминдер
5. Витаминдердің биологиялық қызметтері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Витаминдер
Витаминдер дегеніміз – адам ағзасындағы синтезделмейтін
төмен молекулярлы органикалық заттар. Кейде адам
ағзасына тамақ арқылы түсіп, қалыпты метаболизм мен
клеткалардың сәйкес физиологиялық қызметтерін атқаруын
қамтамасыз етеді.
Витаминдердің ашылу тарихы
1881жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин өз
эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы
қандайда бір ерекше заттардың болмауынан
ауруға ұшырауын анықтады.
1911жылы поляк ғалымы К.Функ тазартылмаған
күрішпен қоректенген көгершіндерді сал(паралич)
ауруынан емдеген затты күріш кебегінен алды. Ол
бұл затты витамин(лат.vita-тіршілік)деп атады.
Витаминдер
Суда еритіндер Майда еритіндер
Н В
А
В D
С
В 6 Е
В 1 К
А витамині (ретинол)
Ретинол – антиксерофтальмикалық,
антигемеролапикалық витамин.
Химиялық табиғаты бойынша циклды
қанықпаған бір атомды спирт болып
табылады. А витаминнің 2 түрі бар:
А1 витамині - бета – иондық сақинадан
және изопреннің екі қалдығынан
тұрады.
А2 витамині - бета – иондық
сақинасында қосымша екі байланысы
бар.
А витамині ішекте қорытылғанда
каротиназа әсерінен ретинолға дейін
ыдырайды. Ретинол ретинальға және
ретиной қышқылына айналады.
R-CH2OH R-CH=O R-COOH
Тағамдық көзі
А витамині балықтың, сиырдың, шошқаның бауырында,
сүтте, қаймақта, жұмыртқаның сары уызда көбірек кездеседі.
Өсімдік тектес өнімдерде: сәбіз, томатта, қызылшада
кездеседі.
А витаминінің тәуліктік қажеттілігі – 2,5 мг.
А витамині жетіспесе адам мен малдың өсуі баяулайды,
салмағы азаяды. Тері мен ішкі органдардың кілегейлі қабаты
кеуіп, мүйізденеді, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің
құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам
іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам
соқыр (куриная слепота) деп атайды.
Ретинолдың биологиялық мәні
● Белокты, липидті, көмірсуды алмасуға әсер етеді.
● Фосфорлы – кальцийлі, калийлі алмасуды реттейді.
● Фенилаланиннің тирозинге айналуын және адреналиннің
синтезін жылдамдатады.
● Эпителий ұлпаларының дамуын,қалыпты өсуін реттейді;
● Ферменттер жұмысын күшейтеді;
● Көру пигменті –родопсиннің түзілуін қамтамасыз етеді;
Д витамині (кальциферол)
Кальциферол – антирахиттік
витаминдер. Химиялық табиғаты
бойынша стерин тобына жататын
циклды қанықпаған бір атомды
екіншілік спирттер болып табылады.
Бұл заттар жіңішке ішекте өт
қышқылдарының көмегімен сіңіріліп,
хиломикрондардың құрамында
лимфадан, қанға түсіп, бауырға
жеткізіледі. Бауырда кальциферолдар
25-гидроксилазаның көмегімен
гидроксильденеді. Түзілген
гидроксикальциферол қанның
ағынымен бүйрекке барып, 1-
гидроксилаза мен реакцияны
белсендіруші паратгормонның
әсерінен Д витаминінің белсенді түрі
пайда болады.
Тағамдық көзі
Д витамині көптеген жануар тектес тағамдарда: бауыр, сары
май, сүт, өсімдік майларында, ашытқыда, балық майында,
уылдырығында, жұмыртқаның сарысында кездеседі.
Д витаминінің тәуліктік қажеттілігі - 1мг.
Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын
ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан
балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері
дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды,
ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады.
Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы
үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады.
Кальциферолдың биологиялық мәні
● Д витамині Са2+ мен фосфаттың метаболизмін реттеуге
қатысады.Ішекте кальции (Са2+) катионының
сіңірілуін,қандағы кальцидің гомеостазын,сүйектің қалыпты
өсуін қамтамасыз етеді.
● Инфекцияларға қарсы тұру және организмдегі жалпы
қабынуды жеңу қабілетінде маңызды рөл атқарады.
Е витамині (токоферол)
Токоферол – көбею витаминдер.
Химиялық табиғаты бойынша
токолдың бүйірлі изопреноидты
тізбегі бар ароматтық спирттің
метильденген туындыларынан
құралған. Токол сақинасында
метильді топтардың саны мен
орнына байланысты альфа, бета,
гамма, дельта токоферолдар бар.
Соның ішіндегі ең белсендісі альфа
– токоферол болып табылады.
Өйткені оның токолды
сақинасының 5,7,8 орнында 3
метильді топтар бар.
Тағамдық көзі
Е витамині өсімдік майында, жаңғақта, бұршақ пен жүгері
тұқымдарында және көкөністің құрамында көбірек болады.
Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің
құрамында кездеседі.
Е витаминінің тәуліктік қажеттілігі – 20-50мг.
Е витамині жетіспесе жатырдағы ұрықтың өсуі, жыныс
органдарының қалыпты жұмыс істеуі нашарлайды ет
ұлпаларының қызметі бұзылады, еттердің жиырылуын
қамтамасыз ететін миозин белогының орнына, оған
керісінше әсер ететін коллаген белогы жиналады. Қол-аяқ
қозғалмай сал ауруына ұшырайды, бұлшықеттер кеміп,
жұлын зақымданады.
Токоферолдың биологиялық мәні
● Ферменттердің биосинтезіне қатысып,әсіресе гемнің
түзілуіне қатысады.
● Токоферолдар биомембраналардың құрамындағы
фосфолипидтердің қанықпаған жоғары май қышқылдарымен
кешен түзіп, мембраналарды тотығудан сақтайды.
● Сутегіні протон мен электрон түрінде тасымалдап,
биологиялық тотығу процесіне қатысады.
К витамині (нафтохинон)
Нафтохинондар – антигеморрагиялық
витамин. Химиялық табиғаты бойынша
бүйірлі изопреноидты тізбегі бар 2-метил-
1,4 нафтохинондар болып табылады.
Нафтохиондардың екі түр бар:
● Филлохинондар (К1 витамині)
● Менахинондар (К2 витамині)
К витаминінің синтетикалық препараты
викасол болып табылады, ол 2 метил-1,4
нафтохинонның би сульфитті туындысы.
Жіңішке ішектің бактерияларымен
синтезделеді. Өт қышқылдарының
қатысуымен сіңіріледі, бауырда, көк
бауырда, жүректе жинақталады.
Тканьдерде нафтохинондар барлық
түрлері аса белсенді түрі – менахинонға
айналады.
К витаминінің тәуліктік қажеттілігі – 15-
30мг. Балалар үшін 2-15мг.
Тағамдық көзі
К витамині салат жапырағында, бауырда, горохта, капустада,
жемістерде, шпинатта кездеседі.
Нафтохинондардың биологиялық мәні
● Менахинон және басқа да нафтохинондар қанның ұю
процесін реттейді.
● Бауырда К витамині препротромбин молекуласында глутамат
карбоксилазасын белсендіру жолымен препротромбиннің
протромбинге айналуын ынталандырады.
● Тыныс алу мен тотығу фосфорильденуді ынталандырады
● Бұлшық еттердің жиырылу белсенділігін арттырады, АТФ-
азаны белсендіріледі.
К витаминдері жетіспеген жағдайда геморрагиялар,
гемокоагуляция процесінің зақымдалуы байқалады.
Қорытынды
Дәрумендер тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше
ағзалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне
қатысады. Дәрумендер тағам құрамында аз мөлшерде
болғанымен, ағза үшін өте қажетті заттар. Дәруменсіз
ағзаның өсуі, дамуы мен тіршілік жалғастыруы мүмкін емес.
Сондықтан витамин сөзінің латынша тіршілік (өмір) үшін
қажетті зат деп аталуы маңызы зор. Дәрумендер ағзадағы зат
алмасу үдерісінде қарқынды әсер етеді. Қазіргі кезде
дәрумендердің 30-ға жуық түрлері бар. Дәрумендер әсіресе
балалар мен жасөспірімдер үшін дұрыс өсуі, дамуы үшін өте
қажет. Ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін
арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
• «Биохимия» Е.С. Севериннің ред. басшылығымен,
«ГЭОТАР, Медиа», 2014ж;
• Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия –Алматы, 2011
• Сейтембетов Т.С. Биологиялық химия-Алматы 2011
• Сеитов З.С., Биохимия, - Алматы, 2012;
• Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф.
С.М.Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана,2003.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz