Қалқанша маңы безі



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Тақырыбы: Эндокриндік бездер. Әртүрлі жастағы балалар мен жасөспірімдердегі жастық ерекшелігі
Орындаған: Шоханқызы А.
Қабылдаған: Мурзанова Д. А.
Шымкент 2020
Презентация

Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
● Эндокриндік бездердің жалпы ерекшеліктері
● Бранхиогенді топ
● Қалқанша безі
● Қалқанша маңы безі
● Айырша без
● Неврогенді топ
● Гипофиз
● Томпақ дене - эпифиз
● Жастық ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Эндокриндік жүйе - ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз- қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Эндокриндік жүйенің қызметі
Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды. Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып, өсуді, ағзаның дамуын, жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін, энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.

Бездер
Эндокринді
Экзокринді
Аралас

Эндокринді бездер
Орталық
Шеткі
-гипоталамус
-гипофиз
-эпифиз
-қалқанша безі
-қалқанша маңы безі
-бүйрек үсті бездер


Гипоталамус - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус - гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді.

Гипофиз - аралық мидың астыңғы жағына гипоталамусқа жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0, 5-0, 6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Гипофиз алдынғы, ортанғы, артқы бөліктен тұрады. Аденогипофиздің гормондары: -Соматотроптық (СТГ) немесе өсу гормоны. -Пролактин. -Адренокортикотроптық гормон (АКТГ) . -Тиреотроптық гормон (ТТГ) -тиреотропин. -Фолликулотроптық гормон - фолликулотропин, фолликулостимулдаушы гормон (ФТГ, ФСГ) . -Лютеотроптық, лютеиндейтін гормон, лютеотропин (ЛТГ) .
-Гонадотроптық гормондар - ФТГ, ЛТГ.

Меланогипофиздің гормоны: -Меланотроптық гормоны, меланотропин (МТГ, МСГ) Нейрогипофиздің гормондары: -Антидиуретикалық гормон (АДГ, вазопрессин) -Окситоцин

Гипофиз - адам организмдерінің дамуына, өсуіне, сондай-ақ, олар дағы жүретін зат алмасу процесіне әсер етіп, денедегі басқа ішкі секреция бездерінің қызметтерін реттеуге қатысады.
Гипофиздің зақымдалуы - организмде әртүрлі аурулардың, мысалы, акромегалия мен гигантизмнің өрбуіне ықпалын тигізеді.

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады. Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді. Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, әйелдерде 100-120 см-ден аспайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі. Ергежейлілік - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы) .

Эпифиз - аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді. Пинеалоциттер боялу сипатына қарай ашық және күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді. Пинеалоциттер жыныс мүшелерінің дамуын бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы калийдің деңгейін жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын бөліп шығарады.

Қалқанша без - glandula thyroidea
Шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин - тироглобулин болатын қоймалжың зат - коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.

Қалқанша без тироксин гормонын бөледі. Тироксин гормоны қалыпты түзілуі үшін ағзада йод жеткілікті болуы керек. Егер де ересек адам тамақпен және сумен жеткілікті мөлшерде йод алып отырмаса, эндемиялық зоб ауруына шалдығады. Бұл - қалқанша безінің ісінуі. Жас балаларда йодтың жетіспеуінен кретинизм ауруы пайда болады.

Кретинизм - Меңіреулік. Бала кемақыл, көбінде саңырау болып туатын жағдай. Бұл әдетте, анасының диетасында йодтың жетіспеуінен болады. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда, ойлау процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. Мұндай ауру кретинизм деп аталады. Егер дер кезінде емдесе, ауру салдарынан арылуға болады.

Қалқанша маңы безі - Glandula parathyroidea
Қалқанша безі үлесінің артқы беткейінде орналасқан, дөңгелек немесе сопақша пішінді денешіктер. Әрбір үлес артында екеуден орналасады: бір без үстінде, екіншісі астында. Сандары тұрақты емес 2-ден 7-8 ге дейін өзгере алады, орташасында -4. Салмағы 0, 13-0, 36 грамм, ұзындығы 4-8 мм, ені 3-4 мм, қалыңдығы 2-3 мм.
Қалқанша безден айырмашылығы бояуының ашық түсті болуында:
-балаларада: ақшыл-қызыл түсті
-ересектерде: сарғыш-қоңыр түсті
Гормоны - паратгормон (паратиреокрин) - фосфор мен кальцийдің алмасуын реттеп отырады.

Бүйрек үсті безі - Glandula suprarenalis
Бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп без. Оң бүйрек үсті безі - дөңгеленген үшбұрышқа, сол бүйрек үсті безі - жалпайған жарты айға ұқсайды.
Оң бүйрек үсті безі солға қарағанда төмендеу орналасқан.

Бүйрекүсті бетінің әрқайсысының 3 бетін ажыратады:
Алдыңғы - facies anterior
Артқы- facies posterior
Төменгі бүйректік беті - facies renalis

Бүйрек үсті безі сыртынан тығыз тінмен бітесіп, фиброзды капсуламен қапталған. Фиброзды капсуланың ішінде гистологиялық құрылымы күрделі қыртысты зат - cortex орналасқан. Ол 3 зонадан тұрады, әр зонаның өзінің бөлетін гормондары болады:
Қыртыстық шумақтық зона - zona glomerulosa
Гормоны: минералокортикоид-альдостерон
2. Будалық зона - zona fasciculata
Гормоны: -глюкокортикоид-гидрокортизон, -кортикостерон, -11 дегидро және 11 дезоксикортикостерон, -андроген
3. Ішкі торлы зона - zona reticularis
Гормоны: -эстроген, -прогестерон.

Бүйрекүсті безінің ортасындағы ірі жасушалардан тұратын милы заты - medulla орналасқан. Милы зат хром қабаттарымен қапталып, сарғыш-ала түске боялады.
Милы зат жасушалары
Эпинефроциттер
-адреналин гормонын бөледі
Норэпинефроциттер
-норадреналин гормонын бөледі


Жыныс бездерінде жыныс гормондары және жыныс жасушалары түзіледі. Жыныс бездері аталық және аналық жыныс гормондарын бөледі. Аталық жыныс гормондары: -андрогендер. Аналық жыныс гормондар: - эстрогендер, деп аталады. Гормондардың екі түріде аталық және аналық бездерде түзіледі, бірақ еркек және әйел организмінде олардың мөлшері әртүрлі болады.

Гормондар
Бөлетін бездер
Ағзаға әсері
Тироксин
Қалқанша безі
Негізінен зат алмасу қаркындылығын арттырады
Паратгормон
Қалканшамаңы безі
Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Инсулин
Ұйкыбездің аралды бөлігі
Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Глюкагон
Ұйкыбездің аралды бөлігі -
Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді
Адреналин
Бүйрек үсті бездің милы заты
Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Норадреналин
Бүйрек үсті бездің милы заты
Қантамырларын тарылтады
Өсу гормоны (соматропты гормон)
Гипофиздің алдыңғы бөлігі
Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz