Маңдай үлесіндегі қыртыста орналасқан, функциональды орталықтар




Презентация қосу
Орындаған: Шоханқызы А.
Тобы: В-ЖМҚА-10-19
Қабылдаған: Мурзанова Д.А.
Жоспар:
I. Кіріспе.
Ми туралы жалпы сипаттама
II. Негізгі бөлім.
1. Ми қыртысының қабаттары
2. Маңдай үлесіндегі қыртыста орналасқан, функциональды
орталықтар
3. Төбе үлесіндегі қыртыста орналасқан функциональды
орталықтар
4. Самай үлесіндегі қыртыста орналасқан функциональдық
орталықтар
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол ми сауытында
орналасқан. Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390г,
ересек адамдарда 1400-1450г. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста
байқалады. Адамның ақыл-ойы миының салмағымымен тікелей
байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет
атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенде және 2100
грамнан асқанда бұзылады.
Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады
1. молекулалық қабат
2.сыртқы түйіршікті қабат
3.сыртқы пирамидалық қабат
4.ішкі түйіршікті қабат
5.ішкі пирамидалық қабат
6.көп құрылысты қабат
I - молекулалық қабат (lamina molecularis), iшкi тамырлы қабық астында
жатып, бiршама саны аз ұсақ нейрондарды-ұршық тәрiздi денесiнен
көлденең жазықтыққа шығатын ұзын тармақталған дендриттi көлденең
жасушаларды сақтайды. Аксоны қабаттағы талшықтардың тангенс өрiмiн
құруға қатысады. Бұл қабатта нейронның аралық байланысын түзетiн
терең орналасқан қабаттардағы жасушалардың көптеген дендриттерi,
аксондары өтедi.

II - сыртқы түйiршiктi (granularis externa) қабат көптеген ұсақ пирамида
және жұлдыз тәрiздi жасушалардан құралған, дендриттерi тармақталып,
молекулалық қабатқа көтерiледi, ал аксондары ақ затқа, доға құрып алып,
молекулалық қабатқа бағытталады.

III - пирамида (piramidalis) қабаты енi өзгерiп тұрады, барынша ендiлiгi
неокортекс байланыстырушы (ассоциативтi), сезiммоторлы аймақтарда
жақсы байқалады. Пирамида тәрiздi жасушалар басым болады, ал көлемi,
қабаттың түбiне ауысқан сайын ұсақтан iрiге дейiн ұлғаяды, төбелiк
дендриттерi молекулалық қабатқа бағытталады, бүйiрлiк дендриттерi осы
қабаттағы жасушаларда түйiспе құрады, аксондары өзiнiң сұр затында
аяқталып, ақ затына бағытталады. Бұл қабат көбiнесе бiр сыңарда, әрi екi
сыңарларда байланыстырушы қызмет атқарады.
IV - iшкi түйiршiктi (dranularis interna) қабат ұсақ пирамида, жұлдызша
тәрiздi жасушалардан құралады, неокортекс көру, есту аймақтарында кең
мөлшерде байқалып, сезiммоторлы аймағында болмайды. Бұл қабатта
көру төмпешiгiнің орталығына қарай бағытталған талшықтардың негiзгi
бөлiгi аяқталады. Қабаттағы ұсақ пирамида, жұлдызша тәрiздi
жасушалардың аксондары неокортекстiң жоғарғы, төмен қабаттарындағы
жасушалармен байланыс құрады
V - түйiндiк (ganglionaris) қабат iрi, неокортекс моторлы аймағында-алып
пирамида тәрiздi (Бец жасушасы, перикарион көлемi 100 мкм артық,
пирамида жолын түзетiн iрi миелиндi аксондар бастамасын бередi)
жасушалардан тұрады. Төбелiк дендриттерi молекулалық қабатқа жетiп,
төбелiк «гүлшоғын» құрады, бүйiрлiк дендриттерi осы қабат шегiнде
таралады. Алып және iрi пирамида тәрiздi жасушалар аксондары бас
миы, жұлын ядроларында проекциеленедi, олардың iшiндегi ең ұзыны
пирамида жолы құрамында жұлынның артқы жақ сегментiне жетедi.

VI - көппiшiндi жасушалар (multiformis) қабаты әртүрлi пiшiндi және
көлемдi нейрондардан (ұршық, жұлдызша тәрiздi) құралған. Қабаттың
сыртқы бөлiгi iрi, iшкi бөлiгi-одан ұсақ, сирек орналасқан жасушалардан
тұрады. Жасушалардың аксондары шетке бағытталған жол құрамымен ақ
затқа барады, дендриттерi молекулалық қабатқа өтедi.
Қорытындылай келе, ғалымдардың мәліметіне қарағанда,
ми қыртысының және жүйке жүйелерінің жас ерекшелік
дамуына қарай әр түрлі қимыл-қозғалыс , ойлау қабілеттері,
ақыл-ойы қалыптасады. 17-78 жаста ми қыртысының дамуы
аяқталады, бірақ қызметінің дамуы одан әрі қарай
жалғасады.Осы ми қыртысының қызметінің дамуы 50-60
жасқа дейін байқалады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Рақышев А. « Адам анатомиясы» 2004ж.
2. Қ.Дүйсембин, Г.Абеуова, З.Алиакбарова. «Жасқа сай физиология және
валеология», А., 2007.
3. Сәтбаева Х. Қ., Өтепбергенов А. А., Нілдібаева Ж. Б. « Адам физиологиясы»
2009.
4. Г.Е. Островерхов, Ю.М. Бумаш, Д.Н. Лубоцкий. Оперативті хирургия және
топографиялық анатомия. Курск, 1998ж.
5. Досаев Т.М. Адам анатомиясы. –Ақ-Нұр, 2013.
6. Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп
гигиенасы. Алматы, 2003.
7. Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы,
физиологиясы және гигиенасының негіздері. Оқу және әдістемелік
әдебиеттер жөніндегі республикалық баспа кабинеті. Алматы, 1993.

Ұқсас жұмыстар
Маңдай бөлімі
Қыртыстың бөлімдері
Мидың бөлімдері
НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Мидың құрылысы
Жүйке жүйесінің ерекшеліктері
Жүйке жүйесі
Гормондар биохимиясы. Гормондар және адаптациялық процестер
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ ШЕТКІ
Симпатикалық жүйке
Пәндер