Жүректің салмағы
Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ
АКАДЕМИЯСЫ
Қалыпты анатомия кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Балалардың жүрегінің және қан тамырларының құрылысының жастық ерекшеліктері.
Орындаған: Шоханқызы А.
Тобы: В-ЖМҚА-10-19
Қабылдаған: Мурзанова Д.А.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
o Жүрек туралы жалпы түсініктеме
o Балалардағы жүрек құрылысының ерекшелігі
o Балалардағы жүрек қабырғасы қабықшаларының ерекшелігі
o Балалардағы қан-тамырлар ерекшелігі
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жүрек – қан–тамыр жүйесінің орталық мүшесі. Балалық
шақта жүректің өсуімен қатар жүрек тіндерінің қайта
құрылуы, ажыратылуы жүреді. Жүрек-қан тамырлары
жүйесі арқылы жүйке және эндокриндік жүйелердің,
сондай-ақ иммунологиялық қорғау функциялары жүзеге
асады.
Жүрек қабырғасы қабықшалары:
Ішкі эндокард
Ортаңғы миокард
Сыртқы эпикард
.
Эндокард жүрек
камераларын, бүртікшелі
бұлшықетті, сіңірлік
жіпшелерді, қақпақшаны
ішінен қаптайды.Ол қолқа
мен өкпе сабауы сағасында
қалыңырақ, сіңірлік
жіпшелерде жұқа.
Ерте жастағы балалардың
эндокарды
борпылдақтығымен
ерекшеленеді, өскен
сайын клапандары
қалыңдайды.
.
Жаңа туған балалардың миокарды жіңішке, өзара толық
ажырамаған, көп ұсақ, сопақша ядролары бар бұлшық
ет талшықтардан құрылады. Дәнекер тіні мен эластикалық
талшықтар аз дамығандықтан көлденең сызықталу және
ұзынша бөліну нашар білініп тұрады. Жас өскен сайын
миофибрилдер, Пуркинье талшықтары қалыңдайды,
ядролары таяқша тәрізді, ірі болып өзгереді, бірақ саны
азаяды. Дәнекер және эластикалық тіні одан әрі дамып,
бұлшық еттердің көлденең сызықталуы күшейеді
.
Эпикард жүректің сыртқы қабықшасы. Перикардтың
висцералды жапырақшасы болып табылады. Дәнекер тіннің
жұқа табақшасынан тұрады. Коллагендік эластикалық қабат
болады. Ол қабат эпикард қалыңдығының 50% құрайды.
Эпикард жас балаларда өскен сайын қалыңдайды.
Дамуы
Жаңа туылған балада жүректің пішіні сопақша немесе шар
тәрізді болып келеді. Жүректің көлемі кез келген жаста
адам қолын жұмғандағы жұдырықтың көлеміне сәйкес
келеді. Жаңа туылған баланың жүрегі үлкен болады; орташа
массасы 23 г.(11,4-49,5 г.) немесе дене салмағының 0,89 %
құрайды; ал үлкен кісілерде -0,48-0,52 %.
Баланың жүрегі үздіксіз өсіп, жетіліп, 10 – 14 жастың
арасында жүректің ақырғы тіндік
дифференциясы аяқталады, сонымен
морфологиясы жағынан өлшемінен
басқа, ересектер жүрегінің даму
дәрежесіне жетеді.
Балалардағы жүрек құрылысының
өзгерісі:
• Баланың жасының өсуіне байланысты жүрек құрылысы да
өзгереді. 3 жасқа дейін ұзынша бағытта өседі. Соның
нәтижесінде 1 жаста сопақша, 3 жаста конус тәрізді пішінде
болады. 2-6 жасқа дейін жүрекше мен қарынша бір қалыпты
өседі. 10 жастан кейін қарынша тез өседі. Жүректің салмағы
5-6 жаста ұлдарда қыздарға қарағанда үлкен.
• 9-13 жаста қыздарда үлкен, 15 жаста ұлдарда үлкен болады.
Сол жақ қарынша миокарды оң жаққа қарағанда тез өседі. 16
жасқа дейін осы көлемдері сақталады. 1 жастағы балаларда
қарынша ішіндегі бұлшық етті трабекулалар ішкі бетін толық
жабады. Трабекулалардың едәуір қатты өсуі жас өспірім
шақта(17-20 жж.). 60-75 жастан кейін трабекулалар
тегістеледі, торлы пішіні жүрек ұшында ғана сақталады.
Қан-тамырлар ерекшелігі:
Жаңа туған балаларда қан тамырлары жұқа, бұлшық ет және
эластикалық талшықтары нашар дамыған. Артериялардың
және веналардың саңылауы шамамен бірдей, бірақ
веналардың өсуі озып кетеді, сондықтан 16 жасар балаларда
олардың ені 2 еселенеді. Сонымен қатар тамырлардың
бұлшық еті, дәнекер тіні дамиды, әсіресе ішкі қабаты
қалыңдайды. Бала өскен сайын тұрғаннан, жүргеннен бері
капиллярлардың саны, ұзындығы ұлғаяды, коллатеральді
тамырлар көбейеді, дененің төменгі бөлігінің вена
жүйесінің үдемелі дамуы байқалады. Ал кіші шеңбер
тамырлары, керісінше инволюцияға ұшырап, жұқарады,
саңылаулар кеңейеді.
Жүректің өсуімен қатар магистральды тамырлардың дамуы байқалады,
.
бірақ олардың өсу қарқыны неғұрлым баяу болып келеді. Туар кезінде
өкпе артериясының саңылауы аортадан кең, аорта 16 мм, өкпе
артериясы 21 мм, 10-12 жаста олардың саңылаулары теңеледі, ал
ересектерде аорта өкпелі артериядан біршама кең болады – аорта 80 мм,
өкпе артериясы 74 мм.
Оң және сол тәж артерияларының арасында анастамоздары көп
болғандықтанректің қан жабдықталуы өте жақсы, мол. Жас өскен сайын
тәж тамырларының сыйымдылығы ұлғаяды, анастомоздар кері дамуға
ұшырайды.
Қорытынды:
Бұл негізгі айырмашылықтар жас балаларға белгілі бір
дәрежеде, анықталған жүрек патологиясын анықтауға
мүмкіндік береді. Жас балаларда миокард инфекциялық
агенттердің әсеріне барынша сезімтал болып келеді. Бірақ
миокард зақымдалуы ересектерге қарағанда жылдам
қалпына келеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Кузенбаева Ә. Адам анатомиясы. - Алматы,2001.
2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы. - А., 1991.
3. Анатомия человека в 2-х томах. / Под.ред. М.Р. Сапина. -
1987.
4. Курепина М. М., Воккен Г.Г. Атлас по анатомии человека.
- М., 1979.
5. Керимбаев Б.М. Анатомия человека. - А., 1992.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz