Қарым - қатынас түсінігі
Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Көшбасылық пен жетекшілік.
Орындаған: Шоханқызы А.
Тобы: В-ЖМҚА-10-19
Қабылдаған: Беккулова А.А.
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қарым-қатынас түсінігі.
2. Қарым-қатынастың негізгі қызметтері.
3. Қарым-қатынас мақсаты.
4. Көшбасшылық және жетекшілік.
5. Көшбасшылық теориялары.
6. Беделдік формалары.
7. Көшбасшылық қасиеттер.
8. Көшбасшылықты анықтауға арналған сұрақтар.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе:
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет
қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс;
екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық
немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер,
дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар
дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып
табылады.
Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына
білдіреді) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті
қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға
көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы
адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып,
оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық
хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен,
дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі
қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті,
коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо,
макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады.
Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас
кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға
дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер
қалыптасады.
Негізгі қызметі:
ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу
және адамдардың бірін-бірі тануымен
байланысты);
реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-
әрекетін реттеу және біріккен әрекетті
ұйымдастыру);
аффективті-коммуникативтік (адамның
эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты
мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-
қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап,
түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі
жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге
мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен
көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік,
ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз
құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды.
Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай
ережелердің орындалуы көмектеседі:
● барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен
жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау;
● сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау;
● бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
● басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін
қабылдай білу.
Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен
қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық
білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-
қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете
алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін,
ауыртпашылығына төзе білетін тұлға.
Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі,
сенімділік пен
әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус
түсініктерімен байланыстырады
Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы
ажырата білу керек.
Басшы – бұл жұмысты беруші және сол
жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл
адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері
орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады.
Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа
жетуде болашақты көр қасиеті арқылы адамдарды
ортақ мақсатқа бағыттайды.
Көптеген көшбасшылық теориялары бар.
Қазіргі кезде олардың ішінде үшеуін жеке
қарастыруға болады:
Тұлғалық;
Қылықтық;
Жағдайлық.
Тұлғалық теория – Оған сәйкес менеджерлердің ең
үздіктері белгілі бір жеке қасиеттер топтамасына ие
болады. Олардың арасында: ақыл мен білім деңгейі,
тартымды сыртқы көрінісі, адалдылық пен
инициативтілік, өзіне деген жоғарғы сенімділік.
Жағдайлық теория – Жағдайлық теория бойынша
тиімді басқару үшін менеджердің жеке қасиеттері мен
өз-өзін ұстауы нақты жағдайларға сәйкес болуы керек.
Көптеген жүргізілген зерттеулер бойынша менеджер-
көшбасшы әр түрлі жағдайларда әр түрлі әрекет етуі
қажет.
Қылықтық теория – Бұл теорияға сәйкес басқару
түрлерін классификациялауға негіз салған болатын. Ол
бойынша тиімділік менеджердің тұлғалық
ерекшеліктерімен емес, оның қарамағындағы адамдарға
қатысты қылықтардың сипатымен анықталады. Бұл
көшбасшылық түсінігін одан әрі тереңдетіп, адамдарды
мекеме мақсаттарын орындауға бағыттаған
менеджердің мінез-қылықтарына ерекше назар
аудартқызды. Оның негізгі кемшілігі басқару түрлерінің
белгілі бір жалғыз түрі бар деген тенденцияға негізделу.
Алайда тек бір ғана ең тиімді басқару түрі болуы
мүмкін емес. Белгілі бір түрдің тиімділігі нақты жағдай
мен адамдардың жеке басына тән қасиеттеріне
байланысты болады.
Беделдік формалары
Көшбасшылықтың негізі ретінде беделділік
қарастырылады. Көшбасшы рөлі белгілі бір
беделділік формасына негізделіп, келесі түрлерден
құралады:
● Харизматикалық бедел
● Дәстүрлі бедел
● Рөл мен орын беделділігі
● Құқықтық бедел
● Біліктілік беделділігі.
Көшбасшы жұмысы үш бағыт бойынша жүруі тиіс:
● Тапсырма қажеттілігі – негізгі мақсаттың орындалуын
қамтамасыз ету;
● Топ қажеттіліктері – топты белгілі бір тапсырманы
орындау үшін құру, сақтау мен ынталандыру, топтық жұмысты
марапаттау;
● Жеке қажеттіліктер – әрқайсысының жеке қажеттіліктерін
анықтау және олардың арасындағы татулықты сақтау;
Егер көшбасшы жұмысын осы үш элементке негіздесек, онда
оның басты мақсаты нақты жағдай шартында қойылған
мақсатқа жету үшін адамдар арасындағы ең жақсы балансқа
жету болып табылады.
Көшбасшының орындайтын функциялары.
Егер көшбасшы төменде көрсетілген үш
функцияны орындап жүрсе, онда оны
көшбасшы деп толығымен атауға болады:
Бағыттаушы;
Ұйымдастырушы;
Ынталандырушы.
Көшбасшының бойынан табылатын
қасиеттер:
1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез
ашуланатын көшбасшы басқаларды тығырыққа
тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы
болуы тиіс.
2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына
жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен
мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі
бола білуі керек.
3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға
беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де,
басқаларды да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт
жібермейді.
4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің
мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.
5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып,
сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша
тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге
асырады.
6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын
қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар
эмоционалдық тұрақтылығы бар.
7. Психологиялық дайындық. Әрбір адамның пікірімен
санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар
жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып,
армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер
барлығына дұрыс баға береді.
9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа
технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты
басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады.
10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің
сеніміне ие бола алады.
11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды.
Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін
жақсы біледі.
12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға
тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен
болады.
13. Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да
ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез
қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын
қалайды
1. Бала кезіңізде үлкеннің тілін алу мен өзгеге бағыну сіз
үшін ауыр болды ма?
Иә (10 ұпай) Есімде жоқ, білмеймін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай)
2.«Ғылым мен мәдениеттегі жетістіктерге тек билік ете
алатын жандар ғана қол жеткізе алады»деген пікірмен
келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
3.«Нағыз ер - азамат әйел затын өз талаптары мен
заңдарына бағындыра білу керек» деген ойға
көзқарасыңыз?
Өте дұрыс (10 ұпай) Нақты айта алмаймын (5 ұпай) Дұрыс
емес (0 ұпай)
4. Жақын жандарыңыздың асты - үстіңізге түсіп,
еркелеткендігі сізге ұнайды ма?
Иә, оған еш қарсылығым жоқ (10 ұпай) Кейде - кейде (5 ұпай)
Шынымды айтсам, ұнамайды (0 ұпай)
5.«Әйел заты көнбіс болу керек» деген пікірмен келісесіз
бе?
Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
6.«Мені қоршаған жандардың жағдайын жақсарту үшін
мойныма көп дүниені жүктеп алдым. Алайда, мұны біреу
білсе, біреу білмес». Сізге таныс жағдай ма?
Иә, дәл қазіргі менің жағдайым (10 ұпай) Таныс жағдай, тек
мұны барлығы білуге тиісті eмес (5 ұпай) Жоқ, мұндай
жағдайға ұшыраған емеспін (0 ұпай)
7.«Мықты адам» деген теңеуге сай келетін жан
көшбасшы бола алады» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
8. Оңтайлы нәтижені тез табу керек болатын кейбір
жағдайларда шешімді тез қабылдайсыз ба?
Иә, тез табуға тырысамын (10 ұпай) Нақты айта алмаймын
(5 ұпай) Жоқ, шешімді бірден қабылдай алмаймын (0 ұпай)
9. Мен өзгелерді өзіме бағындырып, билік ете аламын
Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, билік ете алмаймын (0 ұпай)
10. Ешкімнің алдында ашылып сөйлеп, өзімді толық
көрсеткім келмейді
Иә (10 ұпай) Білмеймін, әр кезде әр қалай (5 ұпай) Жоқ (0
ұпай)
11. Мен беймаза, тыныш өмірді армандаймын
Иә, іште жатқан сондай арманым бар (10 ұпай) Білмеймін, ол
туралы ойланбаппын (5 ұпай) Менің ондай арманым жоқ (0
ұпай)
12. Бағынышты адам бастығының кез келген
тапсырмасын орындай білуі керек
Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
13. Жақын жандармен тілдескен кезде, әсіресе, олардан
өтініш - жәрдем сұраған іштей бір қарсылықтың
тұрғанын сеземін
Иә, мұндай сезімдер менде жиі болады (10 ұпай) Білмеймін,
аса мән бермеппін (5 ұпай) Жоқ, мұндай сезімде болған
емеспін (0 ұпай)
14. Менен өзгелер түсінік сұрап, ақталуымды талап етеді.
Иә, онсыз да түсінікті дүниелерді қайта сұрап жатады (10
ұпай) Білмеймін, байқамаған екенмін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай)
15. Менің мінезім үйіміздің тірегі әкемнің/анамның
мінезіне ұқсас
Иә (10 ұпай) Білмеймін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай)
Тест нәтижесі 150 - 100 ұпай: Сіз өктем жансыз. Сіз
үшін алынбайтын қамал жоқ. Кез келген жағдайдың
оңтайлы шешімін таба аласыз. Өзгені өзіңізге
бағындыра аласыз. Басшы болуға лайықты жансыз.
99 - 50 ұпай: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген
мақалмен өмір сүресіз. Барлығын ақылға салып,
сабырлықты серік етесіз. Сіз басшылық ете аласыз,
сондай - ақ, берген тапсырманы тыңғылықты
орындайсыз.
49 - 0 ұпай: Сіз өте көнбіс жансыз. Өз күшіңізге өзіңіз
сенбейсіз. Алайда, сіз оңтайлы шешім қабылдай аласыз.
Өзгеден үлгі алып, мінез - құлқыңызды өзгертуге
тырысып бағасыз.
Көшбасшылыққа жетудің
кедергісі – өзімшілдік...
Іске сәт!
Сіз көшбасшы болуға лайықсыз!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аронсон Э. Көпке ұмтылған жалғыз [Мәтін] = The Social Animal: әлеуметтік
психологияға кіріспе: [оқулық] / Э. Аронсон ; ауд. Д. Д. Дүйсенбеков [және т.
б.]. - 11-бас. - Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. - 407, [2]
б. - (Рухани жаңғыру).
2. Майерс Д. Әлеуметтік психология [Мәтін] = Social Psychology: [оқулық] / Д.
Г. Майерс, Ж. М. Туенж ; ауд. Г. Қ. Айқынбаева [және т.б.]. - 12-бас. - Астана :
"Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. - 559, [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).
4. Көбекова, Ж. С. Психология негіздері: оқу құралы. - Қарағанды : ЖК
"Ақнұр", 2013
5. Турдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы:оқу құралы.-Эверо2013
6. Көбекова Ж.С. Психология негіздері-Ақ-Нұр,2012
7. Ерментаева, А. Р. Жоғары мектеп психологиясы: оқулық. - Алматы : ЖШС
РПБК "Дәуір", 2012
8. Жарықбаев Қ.Б.Жантану оқулығы. Толықтырып,өңделінген 10-шы басылым.-
Эверо,2011
9. Кемелбеков, Қ. Б. Қазақтың әдеп мәдениеті: оқу құралы / - Алматы : Эверо,
2016. - 140 бет. с.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz