Суицид туралы түсінік




Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ
АКАДЕМИЯСЫ

Әлеуметтік - гуманитарлық пәндер кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Суицид

Орындаған: Шоханқызы А.
Тобы: В-ЖМҚА-10-19
Қабылдаған: Қаратаева Ф.М.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Суицид туралы түсінік
2. Суицидтің түрлері
3. Суицидтің себептері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
• Суицид- (лат.тілінен sui – өзін
+ caedere – өлтіру) — өзін –
өзіне қол жұмсауға икемді
адамның әрекеті. Былайша
айтқанда, бұл адамның өзінің
«ішкі болмысына» жасалған
қаттыгездігі, яғни жауыздығы.
Суицид дертіне әдетте рухани
әлсіз, психикалық тұрғыдан
тұрақсыз адамдар шалдығады.
Сондай – ақ, өз – өзіне қол
жұмсауға күнделікті күйзеліс
түрткі болуы да мүмкін.
• Қазақстан суицид бойынша
әлемнің алдыңғы бестігіне
кіреді екен. Ал Орта Азияда
«бәйгенің» басында келеміз.
Елімізде әрбір 100 мың
адамның 53 – інің ажалы
өздерінен болатыны
анықталған. Нақтылы айтсақ,
еліміз, өкінішке қарай, өзін –
өзі өлтірушілердің жалпы
саны жағынан әлемде үшінші
орынға, ал қыз балалар өлімі
бойынша бірінші орынға
шыққан.Бұл Қазақстандағы
суицид саны жалпыәлемдік
стандартпен салыстырғанда,
өте жоғары деңгейде екендігін
білдіреді.
• - Балалық шақ – 12 жасқа дейін;

• - Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;

• - Жастар арасы - 17-29 жас;

• - Ересектер арасы – 30-35 жас;

• - Қарттық кезең – 55-70 жас.
• И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту
деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі
әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір
мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса
басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу.
Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене
түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі
мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар
артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні
жоғалғанына байланысты олар өз- өздерін өлтіруге
мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі
мақсаттар саны шексіз...» Тек И.П. Павлов суицидке
барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы
жоқ деген.
Суицидальді мінез-
құлықтың 5 типі бар:
• 1) Протест.

• 2) Жанашырлыққа шақыру.

• 3) Қайғыдан қашу.

• 4) Өзін-өзі жазалау.

• 5) Өмірден бас тарту.
• Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар,
тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін
адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге
болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір
жартысын ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған
адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын
басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай
психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.

• Суицидальді мінез-құлық тағыда балалар үйінде және толыққанды
емес отбасында өскен балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен
қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да
байланысты болады.

• Көктем, жаз жыл мезгілдерінде сейсенбі күні суицид жасалу күні
жоғары болады. Күз, қыс мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері
суицидтің жасалуы төмен болады деп қарастырады.
• Өзіне қол салу әрекеті дегеніміз – саналы түрде өз өмірін
қандай да бір жолдармен қиюға бағытталған, бірақ соңы
өліммен аяқталмаған іс-әрекет..Өз өмірін қиюға немесе басқа
мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немесе қайтымсыз
болуы мүмкін.
• Аяқталған суицид деп- өлімге әкеліп соққан әрекетті айтамыз.
Өзіне қол салу көріністері арқылы өзіне суицидтік ойларды,
түсініктерді, көрністерді, күйзелістерді, сондай-ақ суицидтік
тенденцияны, олардың арасынан түпкі ой мен ниетті
айқындауға болады.
• Суицидалдық ниет- түпкі ойға ерік компоненті қосылған
кезде шығады, яғни, шешім сыртқы мінез-құлық әрекетіне
көшуге дайын болу кезеңі.
Суицидтің 3 түрі бар:
► Шынайы суицид
► Жасырын суицид
► Демонстративтік суицид
• Шынайы суицид (шындығында да өзін-өзі өлтіргісі келетін
адам) –Қашанда жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден
бас кешу жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу
жатады.
• Демонстративтік суицид – өлуге деген ниетпен байланысты
емес, қайта өз проблемасына назар аудатудың әдіс-құралы
болады, көмекке шақырады.
• Жасырын суицид - өзін-өзі қол салу мінез-қылығының бір
түрі. Бірақ қатаң мағынада оның белгілеріне жауап бермейтін,
сонда да сол бағыт пен қорытындыға ие болады. Бұл іс-әрекет
көп жағдайда қауіп-қатер деңгейінің жоғарғы
ықтималдылығымен ұштасып жатады.
Мына мінез-құлық әрекеттеріне
байланысты:
• Жасөспірім кезеңде суицидалдық мінез-құлықтың
кейбір өзгешеліктері болады. Жасөспірімдер
арасында ересек балаларға қарағанда өзін-өзі
өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың
азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді.
Суицидалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда
демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық
сипат алады. А. Е. Личконың көрсеткеніндей, тек
қана жасөспірімдердің 10 пайызы ғана шынайы өлгісі
келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке
шақырған жанайқай.
Қазіргі кездегі суицидтің
себептер.
• Әр суицидтің шығу себебі бар. Бірақ көп
жағдайлардағы себеп ондай адамдардың иманының
болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс
түсінбеулерінде болады. Бұлар басты себептері. Ал
басқа себептердің барлығы осы басты себептерге
тікелей тәуелді. Мысалы, сүйген қызымен ұрысып,
немесе аралары ажыраған жігіттің өзін-өзі өлтіруіне
санасы ояу адам баласы үшін ешқандай ақылға
қонымды себеп жоқ. Ақымақтықпен өз өмірін қияды.
• Суицидтің алдын алу үшін ата-
аналар,мұғалімдер,психологтар мен әлеуметтік
қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы
мамандар,бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс
атқару керек.Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары
жасалу қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы
тақырыпта дәрістер,әңгімелесулер ,сұхбаттасула,кеңес
беру,сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені
дұрыс.Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан
күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс
жағдайында болады,сонымен қатар психикалық
ауырулармен,көңіл күй бұзылыстарымен,әсіресе
депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір
қызықтырмайтын болып келеді.
Қорытынды
Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға,
әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына
байланысты. Педагогикалық этиканы сақтай отырып,
баламен сөйлесу, оған жылы қабақ таныту, қолдау, оның
көңіл-күйінің бұзылу себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
Баланың қиналып жүрген сәтінде көңіліне демеу болар,
ақыл-кеңес берер досы, ұстазы, ата-анасы болса, оның өз
өміріне қасақана қол сұғып, өзін-өзі өлімге қимасы анық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әбдірайымова Г. С. Жастар социологиясы: оқу құралы. 2-басылым. - Алматы:
«Қазақуниверситеті», 2012. - 224с.
2. Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. - Алматы: «Ұлттық
аударма бюросы»қоғамдық қоры, 2018. - 856 бет.
3. Абсаттаров Р. Б. Саясаттану негіздері. - 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011.
4. Мұсатаев С. Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014
5. Әлемдік саясаттану антологиясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. -
Алматы:Қазақстан. - 2005-2009. -Т.
6. Нысанбаев Ә. Социология: оқулық. - Алматы; Эверо, 2014.- 206 бет.
7. Бринкерхоф Д. Әлеуметтану негіздері: оқулық. /Д.Бринкерхоф, Р. Уэйтс, С.
Ортега.Қаз. тіл. ауд. С.А.Амандосова және т.б./9 басылым. Астана: Ұлттық
аударма бюросы, 2018. 464б.
8. Әлеуметтану: жаңа буынға арналған оқулық / А.Н.Тесленко, Ж.Ж.Сембина, А.
Т. Аязбаева: ҚРбілім және ғылым министрлігі. ҚазГЮУ университеті. АҚ-
Қарағанды: ЖШС Medet Group,2015

Ұқсас жұмыстар
Жалпы суицид туралы түсінік
Суицид
Суицид статистикасы
ЖАЛҒЫЗДЫҚ - СУИЦИДКЕ ИТЕРМЕЛЕЙТІН БІРДЕН БІР СЕБЕП
Суицид және өмір. 9-11 сынып аралығы
Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері
Дін әлеуметтануының дербес саласы ретінде қалыптасуы
Дюркгеймнің суицид әлеуметтануына қосқан үлесі
НАРАЗЫЛЫҚ ҚАРСЫЛЫҚ КӨМЕККЕ
СУИЦИД ТУРАЛЫ
Пәндер