Липидтердің жіктелуі



Тақырыбы: Липидтер алмасуының сатылары.
Орындаған: Сайлыбай Д.
Тобы: В-ЖМҚ-А 205-19
Қабылдаған: Қарабасова Б.
ШЫМКЕНТ 2020 ж
Презентация
Биология және биохимия кафедрасы

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Липидтер
Липидтердің жіктелуі
Липидтер алмасуының сатылары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Липидтер дегеніміз - гидрофобты қасиет көрсететін (суда ерімейтін, органикалық еріткіштерде еритін) органикалық қосылыстардың гетерогенді тобы.

Липидтер екіге жіктеледі:
Жай
Күрделі
тек май қышқылдары мен спирттен тұрады
құрамына май қышқылдары мен глицериннен басқа да заттар кіреді
ТАГ,
Холестерол (ХС),
Холестерол эфирі (ХЭ)
Гликолипидтер (көмірсулар бар)
Фосфолипидтер (Н3РО4+азотты негіз)

Липидтер алмасуы 4 сатыдан тұрады:
І сатысы. Липидтердің қорытылуы гидролазалар класының эстеразалар тобы ферменттерінің қатысуымен АІЖ жүреді

І сатысы
Липидтердің қорытылуы гидролазалар класының эстеразалар тобы ферменттерінің қатысуымен АІЖ жүреді
ЛИПИДТЕР ҚОРЫТЫЛУ ҮШІН АЛДЫМЕН ЭМУЛЬСИЯЛАНУЫ КЕРЕК.
ЭМУЛЬСИЯЛАНУ ІШЕКТЕ ЭМУЛЬГАТОРЛАР (ӨТ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ТҰЗДАРЫ, БЕЛОКТАР) МЕН ІШЕК ПЕРИСТАЛЬТИКАСЫНЫҢ ӘСЕРІНЕН ЖҮРЕДІ .

Эмульсиялану (эмульгирлену) нәтижесінде өте ұсақ, майлы тамшылар түзіледі. Осы тамшылардың сыртқы бетінде өт қышқылдарының тұздары адсорбцияланып, оларға теріс заряд береді. Сондықтан тамшылар біріге алмайды және тұрақты эмульсия пайда болады

Ролі:
Ішекте майлардың эмульсиялануына қатысады, өйткені ӨтҚ тұздары май/су беткейіндегі беттік керілісті азайтумен қатар түзілген эмульсияны тұрақтандырады.
МИЦЕЛЛАНЫ ТҮЗУГЕ ҚАТЫСАДЫ
ХС-Ң АҒЗАДАН БӨЛІНУІНІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ (ХС ӨтҚ-на дейін тотығады) .

ІІ сатысы
Сіңірілуі, ащы ішекте өтеді: суда еритін гидролиз өнімдері - глицерол, фосфор қышқылы, қысқа көміртек тізбекті (С<10) май қышқылдары және азотты негіздер диффузиялық жолмен, өз бетінше сіңіріледі.

Ал суда нашар еритін немесе ерімейтін гидролиз өнімдері: β-МАГ, ұзын тізбекті БМҚ, холестерол мицелланың гидрофобты ядросын түзеді. Мицелланың гидрофильді қабатын ФЛ мен ӨтҚ құрайды, бұл заттар суда да, майда да ериді. ФЛ мен ӨтҚ-ң гидрофобты бөлігі мицелланың ішіне қарап, гидрофильді жағы сыртына қарап орналасады.

ІІІ сатысы
Аралық алмасу.
Липидтер алмасуы барлық жасушаларда өтеді, солардың ішінде
ІШЕК ҚАБЫРҒАСЫ;
ӨКПЕ;
БАУЫР;
МАЙ ТІНІ
ерекше роль атқарады.

ІШЕК ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ РОЛІ
МИЦЕЛЛА ЫДЫРАЙДЫ.
ЛИПОГЕНЕЗ - ТАГ синтезі, бұл моноглицеридті жолмен өте жылдам жүреді:
β-МАГ ДАГ ТАГ

3. Липонеогенез - липидтердің заттар алмасуының аралық өнімдерінен түзілуі.
4. ФЛ түзіледі (өте аз мөлшерде) . Осы ішек қабырғасында түзілген ТАГ пен ФЛ-ң құрамы тағам липидтерінен өзгеше болады.
5. Хиломикрондардың (ХМ) түзілуі.

ХМ липидтердің тасымалдану формасына жатады. ХМ - тұрақсыз, диаметрі мицеллаға қарағанда 100-300 есе үлкен: d=0, 5-1, 5мкм. ХМ-ң гидрофобты ядросын 80% ТАГ, 11% ХС және оның эфирі, ал гидрофильді қабатын ФЛ-7%, белоктар-2% құрайды. Белоктар немесе апопротеиндер (апобелоктар) В-48, С-ІІ, Е (апо В-48, апо С-II, апо-Е) .

ЛПЛ ферментінің әсерінен ХМ мен липопротеиндердің (ЛП) қан тамырларының эндотелийлерінде ыдырауы қан тамырішілік липолиз деп аталады. ЛПЛ әсерінен ХМ қалдық ХМ-ға (құрамындағы ТАГ мөлшері аз) айналады да, эндоцитоз жолымен гепатоциттерге тасымалданады. Қалдық ХМ-нан бауырда липидтердің басқа бір тасымалдану формалары - ЛП түзіледі.

Липидтер алмасуындағы өкпенің ролі.
1. Өкпе ХМ қатысты бөгеттік немесе қор жинау ролін атқарады. Астың қорытылуы кезінде ХМ көп түседі, сол кезде өкпе оларды ұстап қалып, қорға жинайды, ал артерия қанындағы ХМ деңгейі азайғанда өкпе өзінде қорға жиналған ХМ береді.
2. ХМ-ң біраз бөлігі өкпеде ыдырап, оның құрамындағы ТАГ глицерин және БМҚ-на дейін гидролизденеді. Ал олар тотығып, энергия бөледі, бұл энергия дем алғанда жұтылған ауаны жылытуға жұмсалады. Сонымен қатар АТФ түрінде жиналған энергия өкпедегі анаболикалық реакцияларға және механикалық жұмысқа пайдаланылады.

4 Сатысы
Бауырдың ролі.
Липидтер бауырға 2 түрлі жолмен 10%-ы қақпа венасы арқылы, 90%-ы бауыр артериясы арқылы түседі. Бауырда липидтер алмасуының барлық реакциялары дерлік өтеді:

А) Анаболикалық:
1. Келесі заттардың синтезі:
80% ХС;
100% ХС эфирі;
80% ФЛ;
100% ЛП;
100% ЛП-ң апобелоктары;
100% кетон денелері;
2. Липогенез (фосфатид қышқылы арқылы аз мөлшерде ТАГ) синтезі.
3. Липонеогенез.
4. БМҚ синтезі.

Б) Катаболикалық реакциялар:
Глицериннің тотығуы.
Май қышқылдарының β-тотығуы.
ХС-ң өт қышқылдарына дейін тотығуы (100%) .
Липолиз.
Майда еритін витаминдер мен стероидты гормондардың метаболизмі.

Липопротеиндердің (ЛП) құрылысы, құрамы
ЛП - белокпен байланысқан ерекше липидтік комплекс, липидтердің тасымалдану формасы. Олардың ХМ-нан ерекшелігі белоктары мен фосфолипидтері көбірек, сондықтан ЛП тұрақтылау және көлемі кішірек болып келеді.

Барлық ЛП-да суда ерімейтін
гидрофобты ядросы (ТАГ, ХЭ) ;
сыртын қоршап тұрған гидрофильді қабаты (ФЛ, бос ХС, Б) болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz