Простагландиндер мен тромбоксандар




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының “Оңтүстік Қазақстан
Денсаулық сақтау министрлігі Медицина
Академиясы” АҚ

Биология және биохимия кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Эйкозаноидтар және олардың физиологиялық
қызметтері.

Орындаған: Раман А.Т.
Тобы: В-ЖМҚА-210-19
Қабылдаған:Ордабекова А.Б.

Шымкент, 2020
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Простагландиндер мен тромбоксандар. Лейкотриндер
2. Химиялық табиғаты
3. Линетол. Г дәрумені
4. Әсер ету механизмі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Эйкозаноидтар (гректің eicosi – жиырма деген) молекуласында көміртек
атомы бар активті органикалық қосылыстар. Олардың алғы заты арахидон
қышқылы С20:4.
Эйкозаноидтар клетка ішіндегі химиялық реакцияларды реттеуші белгілі
биологиялық заттардың ішіндегі ең күрделі және активтілері. Олар әрбір
клеткада түзіледі және сол клетка ішінде циклды АМФ немесе циклды ГМФ
арқылы өздерінің рөлін орындайды. Олардың әсері бірнеше минутта іске
асады, одан кейін ыдырайды, қасиетін жоғалтады. Сондықтан қалыпты
денсаулық үшін полиқанықпаған май қышқылдары күнделікті тағамда болуы
керек.
Химиялық табиғаты. Катехоламинер тромбин және басқада биологиялық
активті заттар клетка ішінде СА 2+ мөлшерін көбейту арқылы А2
фосфолипазаны активтейді. Бұл фермент мембранадағы фосфолипидтерден
арахидон қышқылының бөлініп шығуын жылдамдатады. Циклооксигеназа
ферментінің әсерінен эйкозаноидтар синтезі басталады. Арахидон қышқылы
линол қышқылынан түзіледі.
Простогланиндер

Лейкотриендер Эйкозаноид Тромбокандар

Простациклиндар
Простагландиндер - дәрі-дәрмектілік белсенді касиеті бар простан қышқылынын
туындысы, Простатландиндер антиген әсерінен болатын лимфоциттердің әртүрге
ажыратылуы мен бөлінуіне және Т, В- торшаларының бір- бірімен байланысын
реттеуге қатысады, антигенге сезімталдығы күшейтілген торшалардың реакциясына
ұқсас жауап береді және I, III және IV түрдегі аллергиялық реакциялар кезінде туатын
әртүрлі медиаторлардың бөлініп шығуын реттейді; лейкоциттердің сезімталдығын
өзгертеді. Простагландиндер өте аз мөлшерде адам және жануарлар ағзаларының
барлық жасушаларында кездеседі, бірақ оның ең көп мөлшері ұрықта болады.
Простагландиндерді зерттеу 1933ж. бұлшық етті ынталандыру және қан кысымын
төмендететін биогенді тұзды физиологиялық белсенді зат анықталған соң кеңнен өріс
тапты. Кейіннен ол простогландин (ПГ) деп аталды, себебі ол қуық түбі безінде түзіледі
деп болжамданды (glandula prostata ). Бұл простогландиннің құрылысы 1962 ж
анықталды, ал 1968 ж оны алғаш рет алу мүмкіндігі туды. Қазіргі кезде бірнеше
ондаған алғаш рет алу мүмкіндігі туды. Қазіргі кезде бірнеше ондаған
простогландиндер белгілі. Олардың бірнеше карбоксил тобы бар және молекуласы 20
көміртек атомдарынан тұрады, яғни бұл заттарды эйкозан қышқылының туындылары
ретінде қарауға болады. Агзадағы простагландиндердің биосинтезі, ең алдымен
архидон қышқылы және т.б. полиқанықпаған майлы қышқылдардың көмегімен іске
асады. Өте аз мөлшерде простогландиндер адам және жануарлар ағзаларының
барлық дерлік жасушаларында кездеседі, бірақ оның ең көп мөлшері ұрықта (0.3г/г)
болады.
Простагланиндер(ПГ) - жоғарғы активті органикалық заттар, олар бір жерде
әсер ететін гормондар. Бұл гормондарды 30 - жылдары ең алғаш швед
ғалымы У Эйлер тапты. Ол адам спермасында, бұлшық еттің жиырылуына
жағдай жасай алатын және қан қысымын төмендететін зат бар екенін
анықта ы. Простогланин деп аталу себебі ол ең алғаш қуық түбі безінің
(простаттың) ұрықтық сұйық затынан бөліп алынды. Қазір ПГ сүтқоректі
жануарлардың эритроциттерінен басқа, барлық клеткаларынан табылды,
бірқатар өсімдіктерден де алынды. -9 ПГ затының мүшелердегі,
тканьдердегі мөлшері шағын, 103 г шамасындай. Осындай аз мөлшерінің
өзі организмге өте күшті әсер етеді. Олар организмде жиналып калмайды,
клетка аралығына үздіксіз шығып отырады. Гормондардан айырмасы ПГ өзі
бөлініп шыққан жердің маңына әсер етеді және клеткалардан тыс
жағдайда тез бұзылады(секундтың бірнеше бөлігінен - 2 минут
аралығында).
Химиялық табиғаты. Қазіргі кезде 20 шамасындай простагланиндер
белгілі. Олардың бәрі - полиқанықпаған арахидон қышқылының
туындысы, молекуласында 20 көміртегі атомдары және төрт қос
байланыс бар( C20:4). ПГ латын алфавитінің бас әріптері A,B,C,D,E,F, т.с.с.
белгіленеді, молекуланың циклдық бөлігінен тыс орналасқан қос
байланыс саны цифрмен көрсетіледі. Мысалы, ПГЕ 2 - Е простагландин
молекуласында екі қос байланыс бар дегенді білдіреді. ПГ клетка
мембранасында алғы заттан түзіледі, ол зат фосфолипаза көмегімен
фосфолипидтерден бөлініп шығады Мұнда, ең алдымен, линоль
қышқылы босап шығады, оның мөлекуласы көміртегінің екі атомына
ұзарады және екі қос байланыс қалыптасады да, арахидон қышқылы
пайда болады. Бұдан кейін циклопентандық немесе циклопентендік
сақинаның арахидон қышқылы молекуласы тізбегінің ортасында
тотығып түйісуі нәтижесінде ПГ түзіледі. Сонымен, ПГ дегеніміз-
полиқанықпаған гидроксимай қышқылы.
Биологиялық қызметі. ПГ клеткалардағы зат алмасуды белсенді реттеуші
қызметін атқарады. Тәжірбие жүзінде мыналар дәлелденген: ПГ ның жылтыр
бұлшық етті, әсіресе жатыр бұлшық етін және жұмыртқа жолының бұлшық
етін жиырылдыратыны, қан тамырын кеңейтетіні, қанның ұюын баяул тарыны
громбоциттар бірігуін баяулату арқылы) және асқазан сөлінің кейінгі
дәлелденеді. ПГ ішек - қарын, өкпе мен қолқа жұмысын бөліну жақсартады,
жүрек қызметінің ырғақтылығын өзгертеді, әйелдердің жыныс циклына әсер
етеді, орталық нерв жүйесінің жұмысын активтендіреді, қабыну процестеріне
жауапы. ПГ химиялық құрылымдары ұқсас болғанына қарамай, олар
организмге кереғар әсер етеді, Мысалы, олар әйелдің жыныс қынабы
қабырғасына оңай сіңеді, аналық клетканың ұрықтануын жеңілдетеді. Мұнда
ПГ әртүрлі әсер етеді. ұрпақ беруге қатысы бар жылтыр бұлшық еттердің
жиырылуын тежейді, ал - ондай бұлшық еттердің жиырылуына ықпал етеді.
Сондықтан түсік түсіруге көмектесетін препарат ретінде қолданылады. ПГЕ
адамда қан қысымын төмендетеді, ал ЕГЕР қан қысымын көтереді. ПГ
медицинада, малдәрігерлігі саласында және мал шаруашылығында кең
көлемде қолданылады, А Ал аушерлік салада әйелге көмектесу, оның тууын
жеңілдеті үшін пайдаланылады, малды қолдан ұрықтандырудың тиімділігін
арттыру үшін және қысыр малдың санын азайту үшін қолданылады. ПГ ауыл
шаруашылығы малдарының жыныс циклын реттеу, қаракөлше өндіруде
малға іш тастату үшін пайдаланылады.
Әсер ету механизмі. ПГ өзінің рецепторларымен клетка мембренасында
байланысады және циклдық АМФ мен ПМФ синтезін реттеу арқылы әр
түрлі биохимиялық әсер береді. Мұндай әсер өз кезегінде белок
құрамының құрылуына жағдай жасайды. ПГ клетка мембреналарындағы
кальций иондарының тасымалына әсер етеді. Көпшілік жағдайда Су 2*
өзін"Дік ерекшелігі бар реттегіш ретінде клеткалық процестерге тікелей
емес, клетка ішіндегі рецепторды - кальмодулин белогы- активтендіру
арқылы әсер етеді. Кальмодулин белогы барлық жануарлар мен
өсімдіктердің клеткаларында табылған. Сүтқоректі жануарлардың миынан
алынған кальмодулин бір полипептидтік тізбектен тұратын белок болып
табылады, оның бірінші реттік құрылымы анықталған, құрамына 148 амин
қышқылының қалдықтары кіреді. Бұлардың 30% молшері утамин
қышқылы мен аспарагин қышқылының үлесіне тиеді, сондықтан
кальмодулин өте қышқыл болады (pH 3.9- 4.3). Оның кальций иондарымен
өте жақындығы осыған бай анысты. Оның молекуласында кальций
байланыстырушы төрт орталық 6) ол орталықтарда амин қышқылдары
гомологтық ретпен орналасқан, Кальций иондары байланысқан кезде
белок барынша пиыршықталады да, кальмодулин ферменттерімен басқа
да белоктар активтігіне әсер ете алатындай қабілетті келеді.
Линетол.Г дәрумені қазіргі уақытта құрамында қанықпаған
қышқылы болатын майлардың липидтер мен ақуыздар алмасуына ,
гипертония мен атересклероздың жүруіне оң әсер ететіні анықталды.
Сондықтан да мұндай ауруларды емдеу және алдын алу шараларын
жүргізу үшін өсімдік майлары мен линетолды пайдалануға кеңес
береді. Соңғы зат синтетикалық препарат, ол олеин , линол, әсіресе
үстем мөлшердегі линолен қышқылдарының этил эфирлерінің қоспасы
болып табылады. Поли қанықпаған майлы қышқылдарды шартты
түрде «Г дәрумені» тобына біріктіреді, Осімдік майында кездесетін
көміртек атомы 18 және 20 болатын қанықпаған майлы қышқылдары
липидтердің (атап айтқанда, холестериннің алмасу процесіне өте
қажет. паруменінін химиялық құрамы.
Г дәруменінің химиялық құрамы. Г дәруменінің құрамына
линол Фқышқылы (С182 ), линолен және арахидон қышқылдары (С204)
енеді. Г дәруменінің биологиялық маңызы. Г дәрумені суда еритін
дәрумендердің әсерін арттырады. Ұлпаларда Г дәруменінен
простогландиндер түзіледі. Простогландиндер ( гормондар тобы
бұлшық етке, жүрек тамырларына әсер етеді, жүкті әйелдерге тез әрі
жеңіл босануына әсер ететін гормон.
Лейкотриендер. Бұлар 1979 жылы ашылды, простагланиндерге
туыстас болады. «Лейкотриенин» терминінің шығу тегі мынаған
байланысты: оларды лейкоциттер синтездеп жасап шығарады және
өздерінің қатар орналасқан үш қос байланысы бар. Лейкотриендер
глугатионмен немесе цистеинмен конденсациялану жолымен арахидон
қышқылынан түзіледі. Лейкотриендердің б түрі бар - А,В, С,Д, Е және F.
Лейкотриендер дегеніміз бір қатар физиологиялық процестер үшін қуатты
биорет күші, асқазан- ішек жолындағы біртегіс бұлшық еттерді активті
жиырылтады, журекке әсер етеді, жүрек тамырларын қатты жиырылтады.
Химиялық табиғат. Қазіргі кезде 20шамасындай простагландиндер
белгілі. Олардың бәрі полианқанықпаған арахидон қышқылының туындысы
молекуласында 20көміртегі атомдары және төрт қос байланысы бар. ПГ
клетка мембранасыданда алты заттан түзіледі, ол зат фосфолипаза
көмегімен фосфолипидтерден бөлініп шығады. ПГ дегеніміз-полиқанықпаған
гидроксимай қышқылы. Әсер ету механизміПГ өзінің рецепторларымен
клетка мембранасында байланысады кәне циклдық АМФ пен ГМФ синтезін
реттеу арқылы әр түрлі биохимиялық әсер береді. Мұндай әсер өз кезінде
белок құрамының құрылуына жағдай жасайды. ПГ клетка
мембраналарындағы кальций иондарының тасмалына әсер етеді.
Биологиялық маңызыі1Г клеткадағы зат алмасуды белсенді түрде ретте
қызметін атқарады. ПГЕ-нің жылтыр бұлшық етті, әсресе жатыр бұлшь етіп
және жұмыртқа жолының бұлшық етін жиылдыратыны қан тамырын
кеңейтетін қанның ұюын баяулататыны және асқазан сөлінің бөлінуін
тежейтіні дәлелденді. ПГ ішек-қарын өкпе мен қолқа жұмысын жақсартады,
жүрек қызметінің ырғақтылығын өзгертеді, әйелдердің жыныс цилына әсер
етеді. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын активтендіреді, қабыну
процестеріне жауапты.
Қорытынды

Простагландиндер , тромбоксандар, протациклиндер және
лейкотриендердің биохимиялық процестердің осы бір қуатты
реттеушілердің атқаратын қызметіне жасалған қысқаша шолудан
полиқанықпаған май қышқылдарының, ең алдымен арахидон
қышқылының қаншалықты маңызды екені байқалды.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ә.Қ.Патсаев, Шитыбаев С.К., Төребекова Г.А. «Физикалық және
коллоидтық химия» Шымкент-2010ж.
2. Ә.Қ.Патсаев., С.Ж.Жайлау., Ш.С.Шыназбекова., Б.Қ.Махатов.
«Аналитикалық химия» Шымкент-2007ж.
3. Б.Өтелбаев «Химия» 2-том. Шымкент-1999ж.
4. З. Сейітов «Биологиялық химия» Алматы 1992ж.
5. Интернет деректерінен

Ұқсас жұмыстар
Адам тіндерінің маңызды липидтері
Сальмонеллёз жұқпалы ішек ауруы
Липидтердің қызметтері
Май қышқылдары
Қызуды басатын әсері
Босану кезеңдері
Ревматоидтық артрит
Омыртқалылардың гранулоциттері және моноциттері, макрофагтардың таралуы
Гормондардың биохимиясы. Гормональді реттелу бұзылыстары. Заттар алмасуының гормональды реттелуі
Қабыну процесстерінің биохимиясы
Пәндер