Оқу процесін ұйымдастыру формалары және сабақтың дидактикалық рөлі


Slide 1

Оқу процесін ұйымдастыру формалары

Орындаған:Көкиева Марзия

Қабылдаған :Қожаева Сәнім

Slide 2

“Форма”түсінігі

Латын сөзі “форма” тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нәрсенің құрылымы дегенді білдіреді.

Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады:

Оқу форасы;

Оқу-ұйымдастыру формасы;

Slide 3

Оқу формалары

Жеке-дара

Топтық

Толық сыныптық

Ұжымдық

Жұптастық

Дәрісханалық

Дәрісханадан тыс сыныптық

Сыныптан тыс

Мектептік

Мектептен тыс

Slide 4

Оқу процесін ұйымдастыру формалары

Сабақ (дәстүрлі түсінімде)

Дәрісбаян

Семинар

Конференция

Зертхана-практикалық дәріс

Практикум

Факультатив

Оқу саяхаты

Курстық жоба

Дипломдық жоба

Өндірістік практика

Өзіндік үй жұмысы

Кеңес

Емтихан

Сынақ

Пән үйірмесі

Шеберхана

Студия

Ғылыми қоғам

Олимпиада, конкурс

Slide 5

Сабақ- оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

Сабақ-бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтармен оқытуды ұйыдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірбиесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педогогикалық шеберлігі жетіледі.

Slide 6

Сабақтың артықшылықтары

Педогогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында:мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй жұмыстарын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.

Slide 7

Сабақ - динамикалық құбылыс

Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінді-динамикалық құбылыс. Ол педогогикалық процестің негізгі даму тенденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.

Slide 8

Сабақтың ұйымдастырылу тенденциялары:

Сабақтың жалпы ұйымдастырылудын құруға қатысты тенденциялар:олардың құрылымдық жағынан өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен сабақтастығынан, ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты мейлінше қысқартудан сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмыстарымен біріктіру арқылы шешу үшін пайдаланудан көрінеді. Сабақтың шығармашылық бастамасын күшейту тенденциясы өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударудан байқалады.

Ауызша сұрау

Үй тапсырмасын тексеру

Басқа сабақпен сабақтастығы

Оқыту құрылымының

өзгеруі

Slide 9

Білім:

Қоғамдық -тарихи тәжірбиеде тексеруден өткізілген ақиқатты тану процесінің нәтижесі. Ақиқаттың адам санасында ұғым, пікір, теория түріндегі адекваттар бейнесі.

Дағды:

Жаттығу нәтижесінде автоматтандырылған әрекет.

Іскерлік:

Қамтылған білім мен дағды бірлігінде адам талаптарынан меңгерілген әрекетті орындау тәсілдері.

Slide 10

Білім, дағды және іскерлік беріктігі - практикада еркін қолдануда, оқушылардың жадында тұрақты бекіту материалын игерудегі тыңғылықты білдіретін дидактиканың ұстанымы. Мұндай игеру жаңа білімдерді табысты меңгеруге мүмкіндік береді.

Дағдының жасалу деңгейі Н. А. Бренштейн бойынша:

І кезең-дағдыны меңгеру

ІІ кезең-дағдылардың тұрақтануы

І фаза-жетекші деңгейді анықтау

І фаза-түрлі деңгейлердің бір мезгілде жұмыс істеуі(синергетикалық)

ІІ фаза-қимылдың қозғалыстық құрамын анықтау

ІІ фаза-стандарттау

ІІІ фаза- “осы қимылдарды іштей өзіндік түйсіну” ретінде сәйкес түзетулерді айқындау

ІІІ фаза-тұрақтану, яғни түрлі кедергілерге төзімділіктің қамтамасыз етілуі

ІV фаза-автоматтандыру процесі

Slide 11

Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары:

Тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;

“Үйге не берді?”деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу;

Жақсы көңіл-күйге бөлеу;

Оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;

Оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау және мадақтау;

Жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау;

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру(жай, темперамент, тіл кемістігі т. б)

Жеке тапсырмалар беру;

Оқушы өзін еркін сезінетін жағдау жасау;

Оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;

Оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға тапсырманы қайта беру;

Жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беру;

Бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;

Тестілік бақылауды жиі қолдану;

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Оқу процесінің формалары және ұйымдастыру түрлері
Сабақ-оқу жұмысын ұйымдастыру: негізгі формалары, талаптары және құрылымы
Бастауыш мектептегі оқу сабақтарында оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формалары (әдебиеттік оқу мысалында)
2023-2024 оқу жылына арналған орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
Өндіріс процесін ұйымдастыру: принциптер, әдістер және түрлері
Бастауыш мектепте оқытудың әдістері, мазмұны және ұйымдастыру формалары
Оқу заңдары мен заңдылықтары: дидактикалық принциптер мен ережелер
Информатика пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер мен ұйымдастыру формалары
Жоғары оқу орындарындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары: ұйымдастыру, мақсаттары және тиімді формалары
Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқарудың құрылымы мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz