Баланың мектепке бейімделуі




Презентация қосу
Баланың мектепке
бейімделуі

Группа: 1508-28а
Орындаған: Жұмаева Н.
Қабылдаған: Елғонова М.
Мақсаты:
- Бастауыш сынып оқушыларының мектепке
бейімделуінде ұстаздың рөлі.
- Мектептке бейімделу кезеңінде кездесетін
қиындықтар әсері.
- Бастауыш сынып оқушыларының даярлығын
аспектілерін айқындау.
- Ұстаздың негізгі көңіл аударуға тиісті
бейімделудің шарттарын қарастыру.
Еліміздің бүгіні, ертеңі –
болашақ жас ұрпақтың
қолында, - ал жас ұрпақтың
тағдыры – ұстаздардың
қолында.
Мектеп – баланың дамуының
жақсы жақтарын жүйелі
қалыптастырып отыратын
негізгі орын.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті –
жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы
қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге
деген сенімін нығайту, іскерлігі мен
дүниетанымын қалыптастыру, оқуға
деген қызығушылығын оятып, ынтасын
арттыру болып табылады.
«Мұғалім мәңгі нұрдың
қызметшісі, ол барлық
ой мен қимыл
әрекетіне ақылдың
дәнін сеуіп, нұр
құятын тынымсыз
жалын иесі»
Я.А.Коменский
Баланың мектепке бейімделу
нышандары:
Біріншіден - баланың оқу үдерісіне қанағаттануы. Оған
мектепке барған ұнайды, ол өзіне сенімсіздік танытпайды
және қорықпайды.
Екіншіден - баланың бағдарламаны жеңіл меңгеруі үшін оған
осы қиын кезде қолдау жасау керек. Баланың баяулығын
сынамау керек. Егер мектеп қарапайым және бағдарламасы
дәстүрлі болып, ал бала оқу кезінде қиналатын болса, онда оған
қиын сәттерде көмек көрсетіп, баяулығын, білмейтіндігін
сынамау, сондай-ақ басқа балалармен салыстырмау қажет. Әр
бала ерекше, әрі әр түрлі.
Табысты бейімделудің келесі нышаны - баланың оқу
тапсырмаларын өз бетімен орындау деңгейі,
тапсырманы өзі орындай алмаса, үлкендерден көмек
сұрауы. Көбінесе ата-аналар баласына соншалықты
ынтамен «көмектеседі», кейде бұл қарсы нәтиже
беруі мүмкін. Оқушы ата-анасымен немесе
жақындарымен бірлесе сабаққа дайындалуға үйреніп
алады. Мұндай жағдайда сіздің көрсететін
көмегіңіздің шегін белгілеп алуыңыз қажет.
Баланың мектептегі ортаға толығымен қосылуының
ең маңызды нышандарының бірі оның
сыныптастарымен, мұғаліммен тұлғааралық қарым-
қатынас жасаудағы қанағаттануы болып табылады.
Осы кезеңде бірінші сынып оқушысы белсенді түрде
қарым-қатынас жасайды, балалар ортасынан өз
орнын іздейді, басқа балалармен серіктесуге үйренеді
және өзіне көмектесуге қарсы болмайды.
М.М.Безруких, С.П.Ефимова баланың мектепке
бейімделуінің әлеуметтік-психологиялық және
физиологиялық жақтарын сипаттаған.
Физиологиялық бейімделу
Оқу басталуына байланысты жаңадан әсер етуші
ықпалдардың әсерінен балалардың ағзасының барлық
жүйесі қарқынды түрде жауап қайтарады. Бұл
«физиологиялық толқу» айтарлықтай ұзақ уақытқа -
2-3 аптаға созылады.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу
- Көптеген балалар оқудың алғашқы екі айында
бейімделеді. Олар ұжымға тез қосылып кетеді,
сыныпқа үйренеді, жаңа достар табады; үнемі
көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, сабырлы, байыпты
болып, мұғалімнің талаптарын өз еркімен еш
қиындықсыз орындайды. Әрине, олар тәртіптің барлық
ережелерін орындай қоюы қиынырақ, бірақ қазан
айының соңына карай мұндай балалар жаңа оқушы
дәрежесіне, жаңа талаптарға, жаңа күн тәртібіне тез
үйреніседі.
Ал кейбір балалардың мектепке бейімделуіне біраз
уақыт қажет; олар бір ай немесе одан да көп уақыт
бойы сабақта ойнап отыруы мүмкін немесе мұғалімнің
ескертуіне қарамай сыныптастарымен төбелесуі
мүмкін (немесе керісінше «кішкентай балалар сияқты»
жылап және олардың оқу бағдарламасын меңгеруі
қиындыққа түсуі мүмкін. Тек бірінші тоқсанның
соңында ғана олардың тәртібі дұрысталады.
Басқа балаларда оқу бағдарламасын меңгеруден басқа мейлінше маңызды
қиындықтар болуы мүмкін. Олардың тәртіптері нашарлап, көңіл-күйіне кері
әсер етеді. Мұғалімдер мен сыныптастары көбінесе осындай балаларға
шағымданады. Мұндай балаларды көбінесе сынып ұжымы қабылдамайды, ал
бұл олардың керісінше қарсылығын, наразылығын тудырады - үзілісте
төбелеседі, сотқарлық жасайды, айғайлайды, сабақта өзін дұрыс
ұстамайды. Егерде мұндай тәртіптің себебін дер кезінде анықтамаса, бұл
жүйке жүйесінің жұқаруына және психикалық денсаулығының бұзылуына
әкеліп соғады. Сондықтан, егер баланың тәртібі мұғалімді, ата-аналарды
мазасыздандыратын болса, балалар психологы мен психоневролог дәрігерге
көрсету қажет. Әрине осындай психологиялық жүктемелер мен бірінші
сынып оқушысының өмір сүру қалпын қайтадан өзгерту «физиологиялық
деңгейде» жүзеге асырылады
Баланың мектепке беімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер
етеді:

Үшінші түріне бірінші
сынып оқушылары оқу
Біріншісі, мектептің Екіншісі, баланың жылының ортасына
жаңа күн тәртібі – мектеп мұғалімімен, қарай сезінеді. Олар
ерте ұйқыдан тұру, құрбыларымен және басында мектепке
тыныш отыру, отбасымен өзара бірден жүгіріп,
сабақтан қалуға қатынасына байланысты уақытынан ерте баратын
болмайды, дер кезінде туындаған мінез- болса, кейіннен
сабақты орындау құлықтар ересектердің
ықпалымен ғана
барады.
Қорытындылай келе, біздің жастар елімізді,
жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек,
жаңа заманға лайық етіп тәрбиелейік.
Шәкірттеріміз көзге ғана емес, көңілге де қуаныш
сыйлап, өміріміздің гүліне, мәні мен сәніне
айналсын. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де
тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі
мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп
сенемін!

Ұқсас жұмыстар
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қиял түрлерін зерттеудің психодиагностикалық әдістер жинағы
Әлеуметтік бейімдеу және тұлғалық қолдау технологиясы
Алғашқы қадам бағдарламасы
Психикалық дамуында кемістігі бар балалар
Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбие мен оқыту мәселелері
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары
Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық - педагогикалық коррекциялық қолдау
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕВИАЦИЯ ТУРАЛЫ
Психологиялық факторлар
Пәндер