Кіші мектеп жасындағы оқушылардың мектепке бейімделуі: психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік аспектілері


Slide 1

Тобы: 1508-29а

Орындаған: Жұмаева Н.

Қабылдаған: Елғонова М.

Кіші мектеп жасындағы баланың іс‒әрекеті мен оқу процесі

Slide 2

Баланың мектептегі алғашқы кезеңдері

Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Әдетте, бұл процестегі қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі. Егер бұл балаларда құрбыларымен қарым-қатынаста жетерліктей тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден үйде қалыптасқан қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлмесе, оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға асықпайды және оған көнгілері келмейді.

Slide 3

Бастауыш сынып

Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы жеке басын қалыптастырудың қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті мәселе болып табылады, ал бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік тап өзгереді. Бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді.

Slide 4

Дезадаптация

Бастауыш мектеп жастағы мектеп оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын - оқу болады. Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар. Ол, әсіресе, баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуінде айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар мектепке үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, бөлек жаңалықтарды күте отырып, қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызға ие. Алдымен, мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Сонымен қатар, мектеп талаптарына бейімделу процесінің бұзылыстары да орын алуы мүмкін. Оларды дезадаптация деп атайды.

Slide 5

Дезадаптацияның формаларының жіктелуі мектептегі бейімделу процесінің бұзылуы

Slide 6

Мектептегі адаптациялану деңгейін бағалау төмендегідей блоктардан тұрады:

Интеллектуалдық даму көрсеткіші - жоғары психикалық функциялардың даму деңгейінен тұрады: мәлімет, оқуға қабілет баланың ақыл-ой іс-әрекетін өзіндік реттеу қабілеті;

Эмоциялардың даму көрсеткіштері - баланың эмоционалдық - экспрессивтік даму деңгейін, олардың жеке тұлғалық өсуін көрсету;

Коммуникациялық дағдыларының қалыптасу көркеткіштері (7 жастағы дағдарысқа байланысты психологиялық қайта құрылуын ескере отырып, өзін-өзі бағалау және тартымдық деңгейін анықтау) ;

Мектеп жасындағы даму кезеңіндегі баланың мектептік сауаттылық деңгейі;

Slide 7

Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімдеу жұмысын табысты ұйымдастыру үшін төмендегі ұсыныстарды ескергеніміз жөн

- 5-6 жастағылардың мектепке даярлық тобының мұғаліміне деген эмоционалды, жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру керек;

-5-6 жастағылардың педагогикалық жұмыста сабақтастықты тек қана жұмыс істеу әдістерінде емес, сонымен бірге педагогикалық қарым-қатынас стилінде де сақтау керек;

-1 сынып оқушыларының ұжымын қалыптастыру мен олардың тұлғааралық қарым-қатынасын ұйымдастыруда мектепке дейінгі және мектеп жұмыстарының әдістерін сақтау қажет;

-ең алдымен отбасы тәрбиесінде тәрбие әдістерін дұрыс жолға қойылған болуы керек, үлкен тәрбиелік мүмкіндіктерді бірігу әрекетінде орындау.

-5-6 жастағы балалардың іс-әрекетіне жетекшілік етуде, кең көлемде (әсіресе, 1 жарты жылдықта) мектеп жасына дейінгі тәрбие әдістерін мектепте қолдануға болады.

Slide 8

Біріншісі көрсетеді, екіншісі бейнелейді және үшіншісі жеткізеді. Біріншісі: баланың эмациональдық көңіл - күйі арқылы ересек адамдардың ойын білуі немесе өз ойын жеткізу үшін. Екіншісі: бір зат қолдану арқылы баланың қатнасын, қимыл іс-әрекетін айтамыз. Үшіншсі: тек сөз арқылы, интанация мен өзінің көңіл-күйін немесе іс - әрекетін білдіруі.

Баланың ересек адамдарға ойын жеткізу үшін:

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық диагностикасы және ерте оқыту педагогикасы
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуі: мұғалімнің рөлі мен физиологиялық-әлеуметтік психологиялық аспектілері
Мектеп жасындағы және жасөспірімдік даму: физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік аспектілер
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейінін дамыту жолдары: теориялық негіздер мен психологиялық-тәжірибелік эксперимент
Мектепке психологиялық дайындық: мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға бейімделуі мен дамудың аспектілері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру: теория мен тәжірибе
Кіші мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалаудың ерекшеліктері
Балалардың мектепке дайындығы: психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік аспектілер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие: мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сана-сезімін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz