Ауру формалары


Slide 1

Тірек-қимыл жүйесінің аурулары

Тобы: 1508-29а Орындаған: Жұмаева Н. Қабылдаған: Спабек Г.

Slide 2

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) - кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм.

Slide 3

Ревматоидтық артрит

Ревматоидтық артрит - көбінесе шеттік ( синовиялық ) буындардың симетриялық эрозиялық-деструциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы.

Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторлар әсер етеді:

Ген ерекшеліктері. Ревматоидық артритке шалдыққандардың қандас туыстарында осы дерт 4 есе жиі кездеседі.

Инфекциялық агенттер.

Slide 4

Клиникалық көрінісінен ревматоидтық артрит екіге бөлінеді. Біріншісі - буындық түрі, ревматоидтық артритпен ауырғандардың 80%-да кездеседі. Оның басты белгісі - буындардың қабынуы мен деформациясы. Екіншісі - буын - висцеральды түрі. Бұл түрінде буынмен бірге түрлі ағзалар зақымданады.

Көбінесе ревматоидтық артрит баяу басталады. Бірақ, кейде оның бастамасы биік қызбадан, буындардың бірден қатаң сіресуінен, ісініп ауырсуынан жіті басталады. Ревматоидтық артрит басталған кезінде ең алдымен өзінің » сүйікті » буындарын зақымдайды: алақан-саусақ, проксимальды флангааралық, кейіндеу - табан-бақай және тілерсек буындарын. Бұл ауруға буындардың симметриялы зақымдануы тән.

Жүре бара патологиялық процесс меңдеп, көптеген буындарға таралады. Бірақ ревматоидтық артрит тиіспейтін буындар да бар: омыртқа жотасының бел және кеуде бөлігінің, дистальды саусақаралық. Бұл ерекшелік ревматоидтық артритті өзге артриттерден айыруға көмектеседі.

Диагноз осы ауруға тән клиникалық, рентгендік және лабораториялық белгілерге негізделеді. Ең негізгі клиникалық белгілері: алақан саусақтық, проксимальды фалангааралық және табан бақайлық буындардың симетриялы қабынуы, буындардың таңертенгілік сіресуі, жаңа буындардың біртіндеп зақымдануы, теріастылық ревматоидтық түйіндер.

Slide 5

Диагнозды қоюға диагностикалық критерийлерді пайдаланады.

Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері:

әйелдердің жиілеу шалдығуы.

инфекцияға тікелей байланысының жоқтығы.

буындардың ауырсынуы, ісінуі, салицилаттардың әсер етпеуі.

қимылсыз жағдайдан кейін, ертеңгілікте буындардың ең болмағанда 1 сғат сіресуі.

басым ұсақ буындарды симметриялы зақымдауы.

буындардың қайтымсыз деформациялануы.

буын маңындағы теріастылық түйіндер болуы.

рентгенограммадағы өзгерістер: остеопороз, шеміршектің бұзылып жойылуынан буын жегінің тарылуы, сүйекте - буын бетінің кетіктенуі.

Slide 6

Емі

Ем жобасын түзгенде ревматоидтық артриттің түрін, активтілік дәрежесін, науқастың жасын, ілеспелі ауруларын ескереді.

Ревматоидтық артрит кезіндегі ем бағдарламасы:

тез әсерлі қабынуға қарсы дәрмектер.

иммундық жүйені реттейтін дәрмектер мен шаралар.

жергілікті ем және дәрмектерді буын ішіне енгізу.

физиотерапия.

емдік дене шынықтыру, массаж, еңбекпен емдеу.

санаторлық - курорттық ем.

реабилитация.

диспансерлеу.

Физиотерапия.

Ревматоидтық артриттің емінде физиотерапияға көп мән берілуі тиіс. Ең жиі қолданатын әдістер: парафиннің, бишофиттің аппликациялары, түрлі дәрмектерді буынға фонофорез немесе электрофорез әдісімен енгізу т. б.

Хирургиялық ем.

Оның түрлері: Бұзылған буынды протезге ауыстыру, бұл ем ірі буындардың жарамсыздығында қолданылады. Ұсақ буындарға синовэктомия, артродез және артропластика жасалады.

Slide 7

Остеохондроз жер бетіндегі тірек-қозғалыс жүйесінің ең көп тараған ауруы болып табылады. Бұл - омыртқаның ауруы. Яғни, қатар тұрған омыртқалардың арасындағы шеміршек деформацияланып, ақырында омыртқалар арасы жақындап кетеді де, оның ортасындағы жұлын-ми жүйке тамырлары қысылып, адамның белі, аяғы, қолы, басы, тіпті, ішкі ағзаларының барлығы ауруға ұшырайды. Грек тілінен аударғанда «osteo» - сүйек, aл «hondrа» - шеміршек деген мағына береді. Осы остеохондроз ауруының асқынған түрі омыртқа арасындағы жарық (грыжа) ауруына алып келіп соқтырады.

Остеохондроз

Slide 8

Остеоартроз- үдемелі дегенеративті-дистрофиялық ауру, негізінде жатады: шеміршектің жүктемеге қарсы келуі сәйкессіздігі.

Остеоартроз

Остеоартроздың қауіп факторлары

45 асқан жас

Артық дене салмағы (ДСИ > 30 кг/м2)

Буын аурулары (артрит)

Туа біткен ерекшелік (гипермобилділік, дисплазия)

Хирургиялық шаралар

Кәсіби жүктемелер

Спортпен айналысу

жарақат

Қант диабеті

Slide 9

Остеоартроз клиникалық классификациясы

Біріншілік (идиопатиялық) остеоартроз

жергілікті: алақан, табан, тізе, жамбас-сан буыны, омыртқа т. б. буындар

жайылған: 3 не одан көп буын зақымдалуы

Екіншілік остеоартроз

Жарақаттан кейін

Туа біткен, жүре пайда болған және эндемиялық аурулар (Пертес ауруы, гипермобилділік синдромы)

Метаболизм аурулары: охроноз, гемохроматоз, Вильсон-Коновалов ауруы, Гоше ауруы

Эндокринопатиялар: қант диабеті, гиперпаратиреоз, гипотиреоз

Невропатиялар (Шарко ауруы)

Кальций тұнуы (кальций фосфаты, гидроапатит)

Басқа аурулар: РА, аваскулярлық некроз

Slide 10

Артроздың қазіргі емі

Қауіп факторларын жою: ОА үдеуін болдырмау (семіздік, артық физикалық динамикалық және статикалық жүктемелерді азайту, тамыр патологиясын коррекциялау)

Ауырсыну мен қабынуды жою және буын функциясы жетіспеушілігін коррекциялау арқылы өмір сапасын арттыру

Ауру- модификациялаушы әсермен зақымдалған буынның шеміршек құрылымының дегенерациялық және қабыну өзгерістерін тоқтату

Slide 11

Бехтерев ауруы

Анкилозирлеуші спондилоартрит (Ankylosing Spondylitis, қазақша -Штрюмпелля-Бехтерева-Мари ауруы) немесе Бехтерев ауруы - буындардың созылмалы жүйелі ауру

Белгілері

омыртқадағы ауырсыну, ол көбінесе түнде күшейеді;

омыртқа қозғалуының шектелуі;

омыртқаның деформациясы (көбінесе кеуде кифозының ұлғаюы мен бел лордозының тігістелуі

Slide 12

Этиологиясы

Бехтерев ауруы этиологиясы Klebsiella кейбір штаммдары және энтеробактерияның басқа түрлері Бехтерев ауруы дамуына әсер етеді. Патогенездің басты факторы - тұқымқуалаушылық. Оның маркері - HLA-B27 гистосәйкестік антигені болып табылады. Бехтерев ауруы өмірдің екінші онжылдықтың аяғы мен үшінші онжылдықтың басында басталады. Қазіргі кезде жасөспірім жаста да кездеседі. Балалық шақта немесе жасөспірім кезде ауру переифериялық буын зақымдалуымен және дене температурасының жоғарлауымен сипатталады

Slide 13

Клиникасы


Ұқсас жұмыстар
Экогенетика және фармакогентика негіздері
Өсімдік ауруларының жаппай дамуын айқындайтын жағдайлар
Балалардағы мешел ауруының өту ағымы
Иценко - Кушинг ауруы
Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар
Личинкалары судағы насекомдардың паразиттері
Өсімдік ауруларына қарсы қорғау шараларының жүйесі
Ас қорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы
Аддиктивті бұзушылықтар психологиясы
Инфектология ғылым түрінде және оның микробиологияда алатын орны.Инфекциялық процесстің сипаттамасы.Бактериялардың және вирустардың патогенділіг және токсигенділігі.Патогенділік және токсигенілік факторларының генетикалық бақылауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz