Диалогтік оқыту технологиялары


Slide 1

Диалогтік оқыту технологиялары

Группа: 129-28

Орындаған: Әйтбек Д.

Қабылдаған: Валиева Г.

Slide 2

Диалогтік оқыту:

Оқушылардың диалог құру және терең ойлау қабілеттерін дамыту

Коммуникативтік қатынас орнатуға үйрету

Танымдық қабілеттерін дамыту

Әлеуметтік құзырлықтарын қалыптастыру

*

Slide 3

Түсінігі

Диалог екі немесе одан да көп серіктестердің ауызша сөйлесу әрекетінің үйлесімді жемісі, ол- өзара байланысы бар мәтін»,

Диалог-сабақ барысында оқушы мен мұғалім арасындағы, оқушы мен оқушының арасындағы жүргізілетін қарым-қатынас. Талқылау мен диалог өзінің танымдылығы мен ерекшеленеді.

Slide 4

жұптық

Slide 5

Диалогтік оқыту

Slide 6

Диалог құру әдістемесі

Сұрақ қою

Әңгіме

Әңгіме-кеңес

Әңгімелесу

Пікір-талас

Сұхбаттасу

*

Slide 7

Диалогтік оқыту әдістері

рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер т. б. .

Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді.

Slide 8

«Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою»

әдісінің негізгі мақсаты - бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Жаттығу барысында оқушылар кез келген сұрақ қоя отырып, менде осы тақырып бойынша қандай ойлар мен ұстанымдар бар? Бұл жұмыс мен және менің құрбыларым үшін қаншалықты маңызды? т. б. сұрақтарға жауап бере отыра қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, оларды қалай шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас орнатады.

Осы жұмыс арқылы оқушыларды өздігінен, жұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен септігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Slide 9

Диалог арқылы өз ойын қорғау

диалогке қатысушылардың мысалы, сөйлеуші әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнерімен сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы - айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылықпен таныту керектігін жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді. Диалогтік оқыту барысында әңгімелесудің оқу-танымдық, тілдік-дамытушылық, әлеуметтік-бағдарлаушы міндеттері қамтылуы маңызды болып табылады.

Slide 10

Диалог құру технологиясы

қарым -қатынас

вербалды және вербалды емес қатынасқа түсу

интербелсенді оқыту үрдісі

өзара оқыту

өз бетімен оқу

өз -өзін бақылау, бір-бірін бақылау

*

Slide 11

Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданылатын сұрақтардың екі түрі: «төмен дәрежелі» және «жоғары дәрежелі» сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар.

Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға тиіс болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана танымдық сұрақ сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың ізденуіне қолдау көрсетіп, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін жақсартады және білім, ақпарат алу көкжиектерін кеңейте түседі. Қойылған сұрақтар баланың санасына қойылатын талаптар тұрғысынан ойластырылса нұр үстіне нұр болады. Жоғары дәрежелі сұрақтар балалардан ақпаратты белгілі дәрежеде қолдануды, қайта ұйымдастыруды, дамытуды, бағалауды, талдауды, яғни, ойлау операцияларына дайын болуды талап ететін сұрақтар. Ашық сұрақтарды көбірек пайдалану оқушыларға әлдеқайда жоғарырақ деңгейде ойлануға көмектеседі.

Slide 12

Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі -

ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қазіргі оқытудың талаптарына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек деп ойлаймын. Оқушыларға жаңа тақырыптарды қызықты, түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті тәсілдердің бірі ретінде диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету деп ойлаймын. Осы жаңа әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, жаңа сабақтың аясында қосымша қызықты деректерді ұсынуға, қиын тақырыптарды әр түрлі жұмыс түрлері арқылы жеткізуге, жаңа идеяларды әсерлі етіп көрсетуге болады. Бағдарламаның жеті модулін білім беру үрдісіне енгізе отырып мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастырып, келешек өмірге жол ашамыз.

Slide 13

Диалогтік оқытудың артықшылықтары:

барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысады;

барлық оқушылар өздерін еркін сезінеді;

олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады;

жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір- біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады;

сабақ оқушы үшін, мүғалім үшін де пайдалы болады;

ең бастысы олар бір- біріне қатты әсер етеді, бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі үйретеді.

Slide 14

Мәдени диалог құру тәсілдері

Сөз жұмбағы;

Табиғат құбылыстарының жұмбағы;

МЕН - жұмбағы;

Тарих кезеңдеріне байланысты жұмбақтар.

Slide 15

Мәдениетті қалыптастыру әрекеттері

Оқу үрдісінде

Тәрбие үрдісінде

Жаңа материалдарды ұғыну, қабылдау;

Біліктілік, іскерлікті, дағдыны жетілдіру;

Білім, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану;

Оқушылардың жетістіктерін таңдау, білімдерін, іскерліктерін бағалау;

Өнердегі және өмірдегі көркем сезімге, қызығушылықпен қабылданатын бейнелерге талғампаздық пен шығармашылық санасына, сезіміне әсер ету арқылы мәдениетті қалыптастыру;

Slide 16

Жалпы сипаттамасы:

Педагогикалық іс-әрекетте эмоциялық қатынасты талап етуі

Даму факторларына байланысты қоғам мен әлеуметтік ортаға негізделуі


Ұқсас жұмыстар
Диалогтік оқыту жолдары
Диалогтық оқытудың мәні
Чек лист
Топтық тапсырмалар
ТИІМДІ СҰРАҚТАР
Сыни тұрғыдан ойлаудың анықтамасы
Интерактивті оқыту технологиялары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Диалогтік оқыту Коучинг
Білім беру процесіндегі цифрлық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz