Оқыту процесінің функциялары



Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі
ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Группа: 129-28
Орындаған: Әйтбек Д.
Қабылдаған: Налмишова К.

Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі.
Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді:
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
20-30 жылдарда Н. М. Верзилин, Е. Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады.
М. А. Данилов (1899-1973), Б. П. Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру.

И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. Ю. К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі. М. И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.


Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал. Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады. Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері. Тәсілдері: • оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру; • талап қою; • талаптарды орындауға үйрету; • өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау; • керек жағдайда жазалау әдісін қолдану; • оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу.

Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау түрлері: • баға қою; • тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу; • оқушыны тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге көмекші етіп алу; • топтық тәжірибелік жұмыс кезінде оқушыға бөлімшелерді басқарту; • үлгерім және сабаққа қатынас көрсеткіштерін шығару; • білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау; • жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі, т. б. Жазалау түрлері: • сабақта оқушыға ауызша ескерту жасау; • күнделікке, дәптерге "қанаттанғысыз" баға қою; • қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету.

Оқыту процесінің функциялары
Білім беру
Тәрбиелік
Дамыту

Оқытудың білім беру функциясы-оқушыны біліммен қамтамасыз ету, қаруландыру, оны өз бетімен ізденуге баулу, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру. Оқытудың тәрбиелік функциясы оқу-тәрбиенің басты құралы болып табылады. Оқыту оқушыларды терең біліммен қаруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді. Оқытудың дамыту функциясы-бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни, олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету.

Кітаппен және оқулықтармен жұмыс - оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар: • конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау; • мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;

• тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау; • цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі; • аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау; • рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу; • справка жазу - тапқан кітап, т. б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т. б) түрде болады; • формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы; • тақырыптық тезаурус - бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz