Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы және халықаралық тәжірибелер: Ұлыбритания, Грузия, Сингапур және Швеция мысалдары


Slide 1

Группа: 1508-28а

Орындаған: Жұмаева Н.

Қабылдаған: Битұрсын Ғ.

Slide 2

Жемқорлық туралы түсінік

Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.

Slide 3

Сыбайлас жемқорлық ұғымы

«Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын тілінен «corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын «со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық - бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді.

Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру» дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді.

Slide 4

Адамзаттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастырудың шетелдік тәжірбиесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуға болатыны туралы ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып саналады. Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарама-қайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді.

Slide 5

Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлық

Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғам институттары ерекше орын алады. Ұлыбританияның халқын сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардар ету деңгейін арттыру міндетін парламент, коммерциялық компаниялар, БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар атқарады. Британдықтардың бұқаралық санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы басымдықтарды тарату мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аса тиімді тәсілі мен азаматтық белсенді ұстанымның көрінісі ретінде сөз жеткізудің жағымды келбетін қалыптасады.

Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлықты ғаламдық түп-тамырымен жою жөніндегі идеясын жақтаушылардың қатарына мыналар жатады: «Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы», «Transparency International», «Кедейшілікке қарсы инженерлер», «Ғаламдық инфрақұрылымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық» және басқалар.

Slide 6

1. Риясыздық. Лауазымды қызметкерлер қоғамдық мүддені жоғары ескере отырып, бір шешімге келеді. 2. Сатылмастық. Лауазымды қызметкерлердің өздерін басқа бір адамдарға не ұйымдарға қаржылық тәуелсіздікке қоймағаны дұрыс. 3. Әділдік. Жоғары қызметке тағайындау, келісім шарт жасау, марапаттау мәселелері бойынша шешім қабылдағанда лауазымды қызметкерлер үміткердің кәсіби қабілеттерін, іскерлігін ескеруі тиіс.

Жемқорлықтың алдын алатын 7 қағида

1995 жылы Ұлыбританияда Нолан Комиссиясы жемқорлықтың алдын алатын 7 қағида қабылдаған:

Slide 7

4. Есептілік. Лауазымды қызметкерлер қоғамның алдында өздерінің істеген ісі, қабылдаған шешімдері бойынша есеп беріп отыруы керек.

5. Ашықтық. Лауазымды қызметкерлердің шешімдері мен істері қоғамға ашық болуы тиіс. Әр шешім дәйектеліп отыруға міндетті. 6. Арды, абыройды сақтаушылық. Лауазымды қызметкерлер өздерінің мүдделері туралы ашық айтып, егер де осы мүдделері олардың істеген жұмысына қайшылық келтірсе, қоғамның пайдасына әкелетін шешімге келуге тиісті. 7. Басшылық. Лауазымды қызметкерлер осы аталған қағидаларды қолдана отырып, басшылықты орындап, өзінің дұрыс істерімен, мінез-құлқымен үлгі көрсетіп отыруға міндетті.

Slide 8

Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын дерлік алу үшін пара сұрайтын - жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу, үй құрылысын мен жоғары оқу орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын күрт қысқартты. Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген көрсеткіштер бойынша «Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне біршама жақындады деп атап көрсетеді»

Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі

Slide 9

Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқалар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізумен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру қызметімен тікелей айналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатар шетелдік беделді сарапшылар шақырылады.

Slide 10

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша ең төменгі елдер

Сингапур

Азия өңіріндегі ең «таза» мемлекеттердің қатарында. Индексі ─ 9, 2 балл.

1952 жылы құрылған сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу Бюросының арнайы органының үздіксіз жұмыс жасап келеді.

Басты идеясы:

«Жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет жасауға мүмкіндіктерін, жағдайларын болдырмауға мейлінше тырысу »

Slide 11

Швецияда адам құқықтарын қамтамасыз ету үшін күресте халықаралық саясат саласындағы сегіз салаға басымдылық беріледі:

1

Демократияны құру. Швеция үкіметі қоғамдық пікір жасауға ұмтылады, қоғамдық ұйымдардың қызметін қолдайды және демократиялық мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытады

3


Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, тарихи дамуы және Қазақстандағы күрес тәжірибесі
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы және Қазақстандағы құқықтық реттелуі
Еуропадағы экотуризмнің төрт бағыты: Швеция, Швейцария, Ұлыбритания және Италиядағы тәжірибелер
Сыбайлас жемқорлық: Қазақстандағы жағдайы, әлеуметтік-экономикалық зардаптары және халықаралық тәжірибелер
Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық нысандары және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен даму шарттары
Сыбайлас жемқорлықтың жіктелуі, механизмдері және қарсы саясаттың негізгі принциптері
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен оны туғызатын жағдайлардың талдауы
Мемлекеттік қызметтің 20 жылдық қалыптасуы: Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың сипаты және құқықтық қарсы шаралар
Сыбайлас жемқорлықтың мәні мен шығу себептері: Қазақстанның құқықтық және әлеуметтік-экономикалық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz