Қызметкерге берілетін сыйақылардың анықтамалары



Тақырыбы:Қызметкерлерге берілетін сыйақылар
Факультет:Экономика және бизнес
Студент:Арыстанбек Ақерке
Жетекші: Есенова М. Ж.
Топ:БУАИН
Курс:2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Мақсаты
Осы курстық жұмыстың мақсаты есеп тәртібін орнату және қызметкерлерге берілетін сыйақы туралы ақпаратты ашу болып табылады. Стандарт ұйымнан мыналарды тануды жөн көрдім:
міндеттемені - егер қызметкер болашақта төленуі тиіс сыйақы орнына қызмет көрсеткен жағдайда;
шығысты - қызметкердің сыйақы орнына қызмет көрсету нәтижесінен шығатын ұйымның экономикалық пайданы пайдаланған жағдайда.

1. Акция негіздегі төлемдер ХҚЕС - та (IFRS ) қолданылатындарды қоспағанда, жұмыс беруші қызметкерлерге беретін барлық сыйақыларды есепке алу үшін қолданылуы тиіс. 2. Қызметкерлерге сыйақы төлеу жоспарлары бойынша есептілікке қатысты емес . 3. Қолданылатын қызметкерлерге сыйақылар мыналарды қамтиды: - жасалған ресми жоспарларға немесе ұйым және жеке қызметкерлер, қызметкерлер тобы немесе олардың өкілдерінің арасындағы басқа да жасалған келісімдерге сәйкес; - заңнамалық талаптарға сәйкес немесе ұйым ұлттық, мемлекеттік, салалық немесе басқа да жұмыс берушілер тобына жарналар төлеуді жүзеге асыруға тиісті сала ішіндегі шарттарға байланысты; - жүктелген міндеттеменің шығуына әкеліп соқтыратын ұйым тәжірибесінің қалыптасуына сәйкес. Егер ұйымның қызметкерлерге төлеулерді жүзеге асыруына нақты баламасы болмаса, қалыптасқан тәжірибе жүктелген міндеттемеге әкеліп соқтырады. Мысалы ұйымның қалыптасқан тәжірибесінің өзгеруі оның қызметкерлерімен қарым-қатынасында тиімсіз зиянға әкеліп соқтыратын жағдайы болуы мүмкін. 4. Қызметкерлерге берілетін сыйақы төмендегілерден тұрады: -егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толығымен төленетін болса, қызметкерлерге келесідей қысқа мерзімді сыйақылар қарастырылады: - жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы, еңбекақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар; - жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс; - пайда және сыйлықақыларға қатысу; -ақшалай емес нысандағы сыйақылар сияқты (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер сияқты) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар; -зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар:
Қолдану аясы

Қызметкерге берілетін сыйақылардың анықтамалары
Қызметкерлерге берілетін сыйақы - ұйымның қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері.
Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар - (шығу жәрдемақыларын қоспағанда) қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы.
Еңбек қызметі аяқталған кезде төленетін сыйақылар - еңбек қызметі аяқталғанда төленетін қызметкерлерге берілетін сыйақылар (шығу жәрдемақыларын қоспағанда) .
Қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар - (еңбек қызметі аяқталуы бойынша төленетін сыйақылар, шығу жәрдемақыларды қоспағанда) қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиісті емес қызметкерлерге берілетін сыйақы.

Тану
Егер қызметкер кезең ішінде ұйымға қызмет көрсеткен болса, ұйым осы қызметтердің орнына белгіленген жарналармен бағдарламаға төленуге жататын жарналарды былайша таниды: төленген жарнаны шегергеннен кейін міндеттеме ретінде. Егер бұрын төленген жарналардың сомасы есепті кезеңнің соңына дейін қызметтер үшін төлеуге тиесілі жарнаның шамасынан асып кетсе, ұйым бұл асып түсуді тиісті алдын ала төлем, мысалы, болашақ төлемдердің қысқаруына немесе ақша қаражатының қайтарылуына әкелетін шамада актив ретінде таниды;

Бағалау
Егер қызметкер тиісті қызметтер көрсеткен жылдық есепті кезең аяқталғаннан кейін 12 ай өткенге дейін белгіленген жарналары бар бағдарламаға жарналарды толық көлемде төлеу күтілмесе, осы жарналар осы тармақта көрсетілген дисконттау мөлшерлемесі қолданыла отырып дисконтталады
Еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақылар бағдарламасы бойынша міндеттемелерді дисконттау үшін пайдаланылатын Ставка есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жоғары сапалы корпоративтік облигациялардың нарықтық кірістілігі негізінде айқындалады. Мұндай облигациялардың сыйымды нарығы жоқ елдерде мемлекеттік облигациялардың нарықтық кірістілігі пайдаланылады. Корпоративтік немесе мемлекеттік облигациялардың валютасы мен шарттары еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақылар бағдарламасы бойынша міндеттемелердің валютасына және есеп айырысу шарттарына сәйкес келуге тиіс.

Қызметкерлерге берілетін сыйақыға:

Қызметкерлерге берілетін сыйақы - компанияның қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері. Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар - қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде кезең аяқталғаннан кейін толық көлемде 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы (шығу жәрдемақылары және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда) . Еңбек қызметі аяқталған кезде төленетін сыйақылар - еңбек қызметі аяқталғанда төленетін қызметкерлерге берілетін сыйақылар (шығу жәрдемақылары және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда) .

Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары - егер қор қызметкерлерге ағымдағы және алдыңғы кезеңдерде олардың көрсеткен қызметтері үшін есептелген барлық сыйлықақыларды төлеу үшін жеткілікті қаражаты болмаса, компанияның белгіленген жарнаны бөлек қорға төлеуді жүзеге асыруын және қосымша жарналар төлеу бойынша қандай да болмасын заңды және жүктелген міндеттемелері болмаса, белгіленген жарнасы бар зейнетақы жоспарларынан ерекшеленетін зейнетақы жоспарларын қамтамасыз етуді болжайтын зейнетақымен қамсыздандыру жоспары. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары - белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарларынан айырмашылығы бар зейнетақымен қамсыздандыру жоспары.

Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарлары - бұл:
жалпы бақылауда тұрмайтын әр түрлі компаниялар енгізген активтерді біріктіретін;
зейнетақы жарнасы және көлемі зейнетақыны алушы қызметкердің қандай компанияда жұмыс істеуіне тәуелсіз анықталу шартымен бірнеше компаниялардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру үшін бұл активтер пайдаланылатын белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа) немесе белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа) .

Қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар - қызметкер тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде төлем жасау бойынша берешек, кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толық көлемде өтелу мүмкін болмайтын қызметкерлерге берілетін сыйақы (еңбек қызметі аяқталуы бойынша төленетін сыйақылар, шығу жәрдемақыларды және үлестік құралдармен өтемақы төлемдерін қоспағанда) .

Шығу жәрдемақылары:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz