Ұлттық бірегейлікті сақтау: Қазақстандық мемлекеттік саясат пен қоғамдық келісім


Slide 1

Тақырып; Ұлттық бірегейікті сақтау

ФИО: Кадерова Мадина

Группа ЮП-20-01

Slide 2

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген біздің санамызды өз­­гер­туге тиісті алты басты бағыттың ішіне ұлттық бірегейлікті сақтау да кіреді.

Slide 3

Расында да бүгінгі әлемдегі орын алып отырған көптеген оқиғалар мен қалыптасқан жағдайларды этникалық, азаматтық және ұлттық бірегейлік, ұлттық сана-сезім, ұлттардың қай­та өрлеуі, жаппай этносаяси жұмыл­дыру, этносаяси шиеленістер мен қақ­тығыстар сияқты факторларды ескермейінше түсіну мүмкін емес. Жалпы, ғалымдардың пайымдауынша ұлтаралық қатынастарға тікелей және жанама түрде әсер ететін фак­торлар қатарына әлеуметтік-эконо­микалық тұрақсыздық, саяси, геосаяси, жұмыссыздық, адам құқығын қорғау, этностың іс жүзіндегі статусы, жеке ұлт ішіндегі татулық, қоғамдағы мәдениет пен әдет-ғұрып деңгейі, тіл саясаты, ұлттар мен ұлыстардың ұлттық санасының өсуі, миграция мен демографиялық және т. б. үрдістерді жатқызуға болады.

Slide 4

Осының барлығын ескере отырып Елбасы «алдымен экономика, со­дан кейін саясат» деген ұстанымы - «қазақ­стандық жол» мен Н. Ә. Назарбаев­тың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік, ұлтаралық және дінаралық қатынастардың қазақстандық моделі бей­бітшілік пен келісімнің берік іргетасын қалады. Мемлекеттің жүргіз­ген сауатты ұлттық саясаты өз аза­мат­тарының мүдделерін үйлестіре білді, әу бастан-ақ олардың құқықтарын қорғап, этномәдени дамуларына бар­лық жағдайларды жасап отырды. Қазақ жерінде тұрып жатқан халық­тардың этностық емес, азаматтық қа­уымдастығын қалыптастыруға басым­дық берілді. Елдегі жағдай ушық­ты­рылмай, қалыпты даму үстінде болды.

Slide 5

Сондықтан кез келген көпұлтты мемлекеттің ұлттық саясатының ең басты бағыт-бағдары - ұлттық және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру болуы керек. Оған алып баратын төте жол - мемлекеттің жан-жақ­ты ой­ластырылған этносаясаты мен қоғамды демократияландыру процесіндегі жетістіктері.

Slide 6

Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті.


Ұқсас жұмыстар
Ұлттық бірегейлікті сақтау және жаңғырту: Қазақстандағы рухани жаңғыру мен мемлекеттік стратегия
Қазақстандағы мәдени мұра және рухани жаңғыру: мемлекеттік бағдарлама мен ұлттық бірегейлікті сақтау
Азаматтық және қазақстандық елжандылық: этносаралық келісім мен ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу
Азаматтық құқық, Қазақстандық елжандылық және этносаралық келісім
Қазақстандық азаматтық пен этносаралық келісім: патриотизм және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
Қазақстандық этносаралық келісім үлгісі: институттар, тәжірибелер және тұрақтылық
Патриотизм және этносаралық келісім: қазақстандық елжандылықтың теориясы мен саясаты
Қазақстандағы денсаулық сақтау: мемлекеттік саясат, басқару және даму стратегиялары
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат: ерекшеліктері, элементтері және функциялары
Саясат пен дін: өзара ықпалы, қоғамдық рөлі және Қазақстан тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz