Мұнайды алғашқы айдаудың негізгі аппараттары: ректификациялық колонналар, табақшалы элементтер, жылуалмастырғыштар және құбырлы пештер


Slide 1

Мұнайды алғашқы айдаудың негізгі аппараттары

Орындаған:ХТОВ-31 тобының студенті Капизов. М. С

Slide 2

Сұрақтар:

Біріншілік мұнай айдаудағы негізгі аппараттар

Ректификациялық колонна, жылуалмастырғыш аппараттар, құбырлы пештер, электродегидраторлар

Slide 3

Ректификациялау колонналары

МӨЗ-да қолданып жүрген ректификациялау колонналары технологиялық міндетіне, қысымына, бу мен сұйық арасындағы жанасуды іске асыру тәсіліне, қоспа өнімдерді бөлгенде алынған заттардың санына байланысты жіктеледі. Ректификациялау аппараттары атқаратын міндетіне байланысты мұнайды атмосферада айдау колоннасына, бензинсіздендіру, мазутты вакуумды болып, жанасуды іске асыру тәсіліне байланысты-табақшалы және отырғышты болып бөлінеді. Көпшілік технологиялық қондырғыларда мұнайды өңдеуде тек табақшалы колонналар қолданылады

Slide 4

Ректификациялау табақшалары

Табақша деген - металдан жасалған, бойында булардың өтуіне арналған көптеген тесігі бар диск

Ректификациялау табақшаларының әр түрлісі болады - қақпақты, қақпақсыз, бағытталған-ағушы және т. б.

Қақпақтың әр түрлі конструкциялары - науалы, дөңгелек, алтықабырғалы, S-тәрізді болады. МӨЗ-да 1960 жылға дейін науалы қақпақты табақшалар қолданылып келді. Олардың конструкциясы қарапайым және жеңіл жиналады. Науалы табақшалардың негізгі кемшіліктері - барботаж бетінің аздығы (табақша бетінің 30%-ға дейін құрайды), бұл бу жылдамығын өсіріп, флегманың онымен ілесіп кетуіне әкеліп соғады

Slide 5

1-патрубок; 2-қақпақ; 3-табақша дискі; 4-құйылу құбыры; 5-құйылу қалқаны; Н-құйылу стакандағы сұйықтықтдеңгейінің биіктігі; һст-стакан биіктігі; һсл-сұйықтықты ағызудағы сүйеу биіктігі; lсл-табақша үстіне шығып тұратын құйылушы қалқаның бөлігі немесе құбыр биіктігі

Сурет 1. Қақпақты табақшаның жұмыс істеу жүйесі

Slide 6

Ағынды жасау әдістері

1-колонна; 2-сыбағалы конденсатор-тоңазытқыш; 4-рефлюкс ыдысы; 5- сорап; 6-жылуалмастырғыш (тоңазытқыщ) ; I-колоннадан шығатын бу; IIағын; III-суытушы агенті (су, ауа, суық шикізат) ; IV-ректификат Сурет 2 - Ректификациялау колонналарының сыбағалы конденсаторды (а) 6 суық (өткір) ағынды (ә) және қайта айналушы ағынды (б) пайдалану жүйесі

Сыбағалы конденсатор (2, а-суретті қара) - құбырлы жылу алмастырушы колоннаның өзінде орналасқан аппарат. Аппарат құбырына су немесе суық шикізат береді. Құбыр аралығында түзілген конденсат колоннаға флегма түрінде қайтадан ағып түседі.

Жылу өткір ағынмен алғанда (2, б-сурет), колоннаның жоғарғы жағына құрамы ректификат құрамына сәйкес сораппен суық сұйық береді.

Бұл сұйықтық жоғарғы табақшаларда төменгі табақшалардан көтерілуші булармен жанасып, буланады. Нәтижесінде, төменнен көтерілуші булар суыйды да, аздап конденсацияланады

Slide 7

Құбырлы пештер

Олар мұнай мен мұнай өнімдерін, отынды жағудан бөлінетін жылу арқылы, жоғары температураға дейін (200 С - тан жоғары) қыздыруға арналған. Термиялық процестерде пештер көбінесе реактор рөлін атқарады.

Құбырлы пештер, әдетте, екі - радиация және конвекция камераларынан тұрады. Радиация камерасында отын ( газ немесе мазут) жанатын шілтер және сәуле жылуын қабылдайтын радиант құбырлары орналасады. Жану газы (түтін газы) радиация камерасынан конвекция камерасына түседі. Бұл жерде радиация камерасынан 950 С температураға дейін қызған қалдық түтін газдарының жылуын қабылдайтын конвекция құбырлары орналасады. Суытылған түтін газдары газжиғыш арқылы түтін құбырына жіберіледі.

Құбырлы пештерді төмендегі белгілеріне: 1) пайдалы жылу қуатына; 2) қуатына, яғни, белгілі уақытта қыздырылатын өнім мөлшеріне; 3) технологиялық мақсатына; 4) конструкциялық ерекшеліктеріне қарап кластарға бөледі

Slide 8

а - конвекция пеші; ә - конвекция камерасының қабырғаға орналасқан бір камералы пеші; б- конвекция камерасының төменде орналасқан бір камералы пеші; в- конвекция камерасының жоғарыда орналасқан бір камералы пеші; гтік цилиндрлі пеш; ғ- панельді шілтер мен жалынсыз жанушы бір камралы пеш; д- екі камералы екі ағымды горизонталды күмбезді пеш; е-екі ағымды екі камералы қиғаш күмбезді пеш;

1-шілтерлер(форсункалар) ; 2-радиантты имек құбырлар; 3-

конвекциядағы имек құбырлар; 4-түтін жүргіш; 5-асу қабырғасы; 6-панельді шілтерлер

Сурет 3 - Құбырлы пештердің негізгі түрлерінің жүйесі


Ұқсас жұмыстар
Ректификациялау және ректификациялық колонналардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері мен қолданылуы
Отынды химиялық өңдеу: тас көмірді кокстеу және мұнайды өңдеудің негізгі әдістері
Мұнай өңдеу зауытындағы құбырлы пештердің конструкциясы, классификациясы және жылу-техникалық сипаттамалары
Қаптама құбырлы жылу алмастырғыштардың конструкциясы, классификациясы және қолданылуы
Қаптама құбырлы жылу алмастырғыштар: құрылымы, классификациясы және эксплуатациялық талаптары
Тағам өндірісіндегі экстракция процестері мен аппараттары
Мұнайды екіншілік айдау процестері: гидротазалау, каталитикалық реформинг және термиялық крекинг
Жылу алмасу аппараттары мен процестері: түрлері, жұмыс істеу принциптері және өнеркәсіптік қолданылуы
Булану және конденсация процестері және олардың аппараттары
Құбырлы өзектерді орау әдісімен жасау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz