Топырақ ағзаларының көптүрлілігі жəне топырақтағы топтар құрамы
Презентация қосу
Топырақ ағзаларының
көптүрлілігі жəне
топырақтағы топтар
құрамы
Қабылдаған: Ерденов Мұ
Дайындаған: Еркінбек А
Жаз
Топырақты табиғи тіршілік ортасы ретінде
пайдаланатын əр түрлі тірі ағзалар
топырақтың əртүрлі қабаттарында тіршілік
етеді. Онда топырақ микроағзаларынан -
бактерия, саңырауқұлақ, сəулелі
саңырауқұлақ, т.б. жəне көптеген
омыртқасыз жануарлардан қарапайым
жəндіктер, құрттар, былқылдақденелілер,
ересек бунақденелілер мен олардың
дернəсілдері, жер қазғыш омыртқалылар,
т.б. кездеседі. Олардың санының өзгеруі
жыл маусымына да байланысты, көктем
мен күзде көбірек болса, қыс пен жазда
азаяды.
Қарапайым жəндіктер өздігінен тіршілік ететін, бір жасушалы
өте ұсақ ағзалардан тұрады. Топырақ арасындағы тұнба суларда
бірнеше мыңға жуық түрлері мекендейді. Оларды 4 класқа
бөледі: талшықтылар, саркодиналар, споралылар жəне
инфузориялар.
Қарапайым жəндіктер кəсіптік бағалы жануарлардың негізгі қорегі, ал
басқа түрлері паразит түрінде адамдар мен жануарларға ауру жұқтырады.
Мысалы, талшықтылар, споралылар құстар мен адамдарды безгек ауруына
шалдықтырады. Жұмыр құрттардың бір түрлері топырақтың арасында (50-
1200 млн/га-ға дейін) шоғырланып, топырақтың қалыптасу үдерісіне
қатысады, ал екіншілері өсімдіктерді зақымдап, адамдар мен омыртқалы
жануарларды ауруға шалдықтырады
Сақиналы кұрттардың да кейбір түрлері топырақта
мекендейді. Мысалы жауын кұрты топырақты өз
ішегінен өткізіп, оны қопсытып, араластырып, ауа мен
ылғал өткізгіштігін жақсарта отырып, топырақ
құрамының қалыптасу үдерісіне қатысады.
Топырақты буынақаяқтылар арасында шаянтəрізділер,
өрмекші тəрізділер, бунақденелілер кластарынан
өрмекшілер, кенелер, бұзаубастар, шаяндар,
сымқұрттар, т.б., хордалылардан жыландар,
кесірткелер, кірпілер, суырлар, сарышұнақтар,
қосаяқтар, тышқандар мекендейді. Кірпілер мен
жертесерлер зиянкестер мен кеміргіштерді жойып
пайда келтірсе, кейбір түрлері адамдар мен жануарлар
арасында ауру қоздырғыштарын таратады
(сарышұнақтар, тышқандар, т.б.).
Топырақ жəндіктері мен микроағзаларының жүйесі табиғаттағы зат
айналымында, топырақ құрамының құрылу үдерісіне, оның
құнарлылығының түзілуінде белсенді рөл атқарады. Олар барлық
табиғи органикалық қосылыстарды, табиғи немесе бірнеше
органикалық қосылыстарды ыдырата алады. Яғни, олар топырақта
өскен өсімдіктердің барлық қалдықтарын ыдыртып, өсімдіктерге
сіңетін əр түрлі минералды заттармен қатар, қарашірінді түзеді.
Мұндай ағзаларға, мысал ретінде, бұршақ тұқымдас өсімдіктердің
тамырларында өмір сүріп, ауадағы азотты осы өсімдіктердің
тамырларына жинайтын түйнек бактерияларын жатқызуға болады.
Бүкіл əлемдегі ауыспалы егіс жүйесінде бұршақ тұқымдас
өсімдіктердің ерекше орын алатыны да сондықтан. Топырақ құнарын
тиімді пайдалану үшін оның құрамындағы ағзаларға жағдай жасап,
ауыспалы егіс жүйесі мен агротехниканы дұрыс қолдану қажет.
Топырақтың 10-15 см-ге дейінгі беткі құнарлы қабатында гектарына 10 т
бактериялар, сол шамада саңырауқұлақтар, 4 т жауын құрты, 140 кг
балдыр, 17 кг-дай əртүрлі жəндіктер кездеседі.
Mammalia топырақтың мегафаунасын құрайды. Топырақпен
кемірушілер (Rodentia) жəне кейбір жəндікқоректілер (Insektivora) көп
дəрежеде байланыста болады. Қоянтəрізділер (Lagomorpha) жəне
жыртқыштар (Carnivora) топырақты тұрғын орны мен уақытша
қорғаныс орнын жасау үшін кей кездерде қолданады.
Ірі шөпқоректі жануарлар - бұғылар, еліктер, арқарлар, сайғақтар,
жылқылар, ешкілер мен қойлар, алғашқы өнімдерді жей отырып,
қорытылмаған астың қалдықтарын сыртқа шығарады жəне қоректік
тізбекке түсетін екінші өнімді түзеді. Бұл жануарлар топыраққа
механикалық əсер көрсетеді, органикалық заттардың
минерализациясына қатысады. Тропикалық аудандарда орманның
саваннаға айналуына сай топырақтың алмасуы пілдердің іс
əрекеттерінің əсерінен жүреді. Олар бұталарды, орман жанын жəне
ағаштардың өзін жояды.
Топырақта тұратын немесе онда тұрақты
ін қазатын аңдар басым түрде топыраққа əсер
етеді. Бұл жануарлардың топырақтағы
қозғалыстары топырақ массасының аздаған
алмасуымен байланысты, ол топырақтың
құрылысының бүлінуіне жəне топырақ
профилінің құрылымына, территорияның
микро-жəне мезорельефінің өзгеруіне əкеледі.
Кемірушілер (тышқандар, аламан, суыр, сілеусіндер жəне т.б.
слепцы, соқыртышқан, қосаяқ, тоқалтіс, құмтышқан жəне басқалары)
сүтқоректілердің 1/3 біріктіреді. Олардың көп бөлігі топырақта
тіршілік етеді. Бұлар фитофагтар. Індерінде қоректерінің қорын
жинақтайды, топырақта экскременттері мен зəрін қалдырады да
оның биогенді құрамын өзгертеді. Сілеусіннің қорытылмаған
қалдықтары 12%, аламандікі 25% құрайды.
Тундралық топырақтарда кемірушілерден ең маңызды рөлді
леммингтер алады, ормандарда – бұлар тышқандар, далада жəне
жартылай шөлде – суырлар, сілеусіндер. Дала жəне жартылай шөл
топырақтарының қайтатүзілуінде маңызды рөлді кемірушілер
алады, себебі мұнда олардың алуантүрлері басым кездеседі, ал
сандары маңызды көрсеткіштерге жетеді. Шөл сүтқоректілерінің
арасында, мысалы, олар барлық дарақтардың жартысын құрайды.
Аталған жануарлар өз зəрлерімен топырақтың сілтілігін
жоғарлатады. Суырлар топыраққа ылғалдың тереңірек енуіне
ықпал етеді. Кемірушілердің індеріне кіретін жерінде топырақ
əрқашан еріген тұздарға бай, əсіресе бикарбонаттармен.
Орман жəне шалғындық топырақтағы жануарлар індері
ылғалдану сипатына əсер етеді: жаңбырдан кейін ылғалдың
жоғарғы горизонттардан төменгі горизонттарға тез өтуін
қамтамасыз етеді.
Жəндікқоректі
омыртқалылар (көр тышқандар,
кірпілер, жертесер, тенректер)
негізінен Еуразиялық материкте,
Африка мен Солтүстік Америкада
таралған. Олар Австралия мен
Антарктидада жəне Оңтүстік
Американың көптеген
территориясында болмайды. Олар
топырақтың қалыпты құрылымын
бұза отырып, дренаж жасап
араластырады.
Жертесерлер (Soricidae) - ұсақ,
тышқандарға ұқсайтын
жануар, жəндіктердің
дернəсілдерімен,
моллюскалармен қоректенеді,
дегенмен өсімдік
тағамдарында қолдануы
мүмкін. Олардың арасында ең
кіші сүтқоректілер бар,
мысалы, ұзындығы шамамен 4
см болатын (Sorex araneus).
Еуропа көртышқаны, немесе
кəдімгі (Talpa еигореа), -
жапырақты ормандардың жəне
өзен жағалауын мекендеушілер
құрғақ далада сирек кездеседі,
ал жартылай шөлде, шөлде
жəне тундрада мекендемейді.
Көртышқандар барлық
өмірлерін жер бетіне шықпай
ін-жолдарда өткізеді -
осыдан көздерінің
редукциясы жəне қазғыш
аяқтары мықты дамиды.
Көртышқандар жауын
құрттарымен, жəндіктермен
жəне олардың
дернəсілдерімен қоректенеді.
Оларды ұстаймын деп қуып
көртышқандар топырақта
ұзақ жол жүгіріп өтеді.
Қоянтəрізділер -
Антарктикадан жəне
Оңтүстік Американың
оңтүстігінен басқа барлық
материктерге тараған.
Олардың
популяцияларының
тығыздығы жеке аудандарда
1 га жерде 25- 40 дараққа
жетеді. Олар
ауылшаруашылық
дақылдарын зақымдайды,
олардың əрекеттері табиғи
биогеоценоздардың
деградациясына əкеледі.
Борсықтар, қабандар, түлкілер, жолбарыстар жəне аюлар
топырақта ін жəне қорғаныс орындарын жасап, беткі қабаттарын
тырнай отырып, топыраққа өз əсерлерін жасайды. Қабандарды,
жолбарыстарды «бақылау пунктері», аюлардың жолдары
өсімдіктердің құрамын өзгертеді, жəне осы жерлерде топырақ
алмасуы болады.
Тіпті топырақүсті
ярусын мекендеушілер
(тиіндер, сусарлар, кейбір
құстар) осы жəне басқа да
тəсілдермен топыраққа
əсер етеді. Тиіндер
топырақта салған сақтау
орындарына самырсын
жаңғақтарын тасиды, олар
кейіннен өсіп өнеді де,
астында торфты
қаттыгумусты топырақ
қалыптасады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz