МИКОЗДАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ



ТАҚЫРЫБЫ:МИКОЗДАР ЖӘНЕ МИКОТОКСИКОЗДАР
Орындаған: Озатбекұлы А Тобы: ВМ-705
Тексерген: Оразалинова С. Б

ЖОСПАРЫ:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Терінің терең микоздар
Актиномикоз
Терең бластомикоз
Тері астылық микоз
Хромомикоз
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар микоздар деп аталады. Аурулардың атаулары кейде патологиялық үрдістің орналасуына (теріде-дерматомикоздар, өкпеде-пневмомикоздар т. б) кейде-қоздырғыштардың түрімен(мукоромикоз, аспергиллез, трихофития т. б) байланысты.


МИКОЗ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ:

МИКОЗДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ:
Терең микоздар туберкулез таяқшасы мен актиномиоциттер тудыратын созылмалы бактериялық инфекцияларға ұқсас. Алғашқыда әдетте өкпелерді зақымдап, жедел пневмония түрінде өтеді, кейде гематогендік жолмен бүкіл ағзаға таралады. Ауру жұқпалы емес. Антибиотиктер ашылғанға дейінгі кезеңде бұл ауру өліммен аяқталатын. Қоздырғыштары:Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum, Blastomyces dermatitidis.




Оппортунистикалық микоздар-аспергиллездар, кандидоздар, мукороздар және т. б. иммунДЫ тапшылық нәтижесінде п. б. Қоздырғыштардың көбі қалыпты адам микрофлорасына жатады. Клиникалық көрінісі үрдістің орналасуымен анықталады. Аурудың нәтижесі көбінесе ағзаның қалпымен байланысты. Қоздырғыштары:Candida albicans, Aspergillus, Mucor, Penicillium.

КОКЦИДИОИДОЗДЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ(СOCCIDIOIDES IMMITIS)
Кокцидиоидоз-жүйелі микоз, көбінесе тыныс жолдарының мүшелі зақымдануымен сипатталады.
Морфологиясы:Диморфты саңырауқұлақтар. Табиғи және бөлмелік температура (20-22С ) жағдайында мицелиялық түрінде дамиды.
Дақылдық қасиеттері:Қарапайым қоректік ортада өседі. Бөлме температурасында Сабуро ортасында ақ, сұр және қоңыр түсті әртүрлі колониялар түзеді.
Антигендік құрылымы:Мицелиялық түрі 3 тәулік бойы сұйық қоректік ортада өскенде HS, F, HL экзоантигендерді түзеді.


Резистенттілігі:Саңырауқұлақтың артроспоралары қоршаған орта факторларының әсеріне төзімді. Антибиотиктер(амфотерицин В, кетоконазол, миконазол) мен кеңінен қолданылатын антисептиктер және дезинфектанттарға сезімтал.
Эпидемиологиясы:Саңырауқұлақтардың экологиялық мекені-эндемиялық аймақтардың топырақтары. Саңырауқұлақ көбінесе құмды және шөлді жерлерде кездеседі. Ауру адам айналасына жұқпалы емес, таралу механизмі-аэрогенді, ауа шаң арқылы .
Патогенезі. Ағзада артроспоралар тіндік пішінде-сферулаға трансформацияланады немесе айналады. Сферулалар домалақ, қалың екі қабатты жасушалық қабырғаға ие.

Алдын алуы:Арнайы сақтандыруы жасалмаған. Зертхана ішілік жұқтыруды алдын алу үшін барлық күдік келтіретін материалдардың бетіне стерилді физиологиялық ерітінділер құйып зерттейді.


МИКОЗДАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Микоздарға диагноз қою үшін микроскопиялық, серологиялық, биологиялық, және гистологиялық әдістер қолданылады. Патогенезіне баиланысты зерттеу материалдары:ірің, қақырық, зақымдалған шаштар, тырнақ, ликвор, лимфа түйіндері мен ішкі мүшелер, қан, өт, нәжіс, тіннің биопаттары және т. б.

Микроскопиялық әдіс бойынша нативті және боялған жағындылардың микроскопта зерттелуі. Бұл әдіс саңырауқұлаұтардың құрылысын, споралардың орналасуын зарттеуге мүмкіндік береді. Жағынды көбінесе Грам, Циль Нильсон, Романовский Гимзе әдістері арқылы зерттеледі.
Саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға диагноз қою үшін жалпы әдістемелер бойынша саңырауқұлақтық антигендермен серологиялық реакциялар қолданылады.

Биологиялық зерттеулерді зертханалық үлгілерде жүргізеді(тышқан, егеуқұйрық, теңіз шошқасы, орқоян, ит, мысық ) . Микоздардың биологмялық үлгісін қоздырғыштырдың патогендігін, таза дақылды бөліп алу және жаңа микоздарға қарсы препараттарды зерттеу ушін қолданады.
Гистологиялық зерттеу тіндегі саңырауқұлақты, оның мрофологиясын, ағзадағы тудырған потологиялық үрдістің ерекшелігін зерттеуге мүмкіншілік береді.

CАҢЫРАУҚҰЛАҚТЫ АУРУЛАР.
Саңырауқұлақтық аурулар, дерматофиттер - өсімдіктік микроорганизмдердің саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады. патогенді саңырауқұлақтар хлорофилі жоқ, көмір қышқылын ассимиляциялауға қабілетсіз, төменгі сатыдағы өсімдік класына жатады.
Патогенді саңырауқұлақтың ең негізгі тобы жіп тәрізді саңырауқұлақтар гиформициттерден тұрады (дерматомицеттер немесе дерматофиттер), олар мицелий жіпшелерін және ұрық спораның түзілуімен
ерекшеленеді. Инфекцияның көзі - ауру адам немесе ауру мал. Сонымен қатар кейбір саңырауқұлақтардың топырақта тіршілік ететіні белгілі. Саңырауқұлақтар адамның, малдың организмінен басқа жерде тіршілік еткенде ұрық тастау арқылы өздерінің ауру қоздырғыштық қабілетін көп жылдарға дейін сақтайды, заттар арқылы жұғу осығын байланысты.
Потогенді саңырауқұлақтың екінші тобына кандида текті ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар (Oidium Albicans, monilia) жатады.
Кандида текті саңырауқұлақ анаскоспора (спор түздейді) ашытқышқа жатады.

Ашытқы клеткалары ұрық арқылы емес, бүршіктеніп көбейеді; құратын жіптер бұтақсыз, сондықтан жалған мицелий деп атайды (псевдомицелий) .
Теріні және ішкі ағзаларды зақымдайтын ашытқының потегенді түрі
Candidae Albicans. Кандидадың түрлері табиғатта өте көп таралған. Олар
жемісте, көкөністерде, сүтте табылады, тұрақты сапрофит ретінде адамның, жануардың терісінде, кілегейлі қабатта тіршілік етеді, тек қана тиісті жағдайда өзіне тән кандидоз деп аталатын ауруға душар етеді.
Грибокты аурулардың түрлері өте көп: А. М. Ариевич пен Н. Д. Шеклаков
ұсынған ТМД елдерінде танылған жіктеу бойынша барлық саңырауқұлақтық
аурулар 4 топқа бөлінеді:
1. Кератомикоздар
2. Дерматомикоздар
3. Кандидоздар
4. Терең (жүйелік) микоздар

ТЕРЕҢ МИКОЗДАР
Терең микоз терілерді зақымдайтын саңырауқұлақты ауруларға жатады, тері, шырышты қабық және ішкі ағзаларды зақымдайды. Микоздар Қазақстанда өте сирек кездеседі.
Терең микоздың 3 түрі бар.
1. Актиномикоз
2. Терең бластомикоз
3. Хромомикоз

АКТИНОМИКОЗ
Актиномикоз (грекше aktіs (aktіnus) - сәуле және mykes - саңырауқұлақ) - актиномициттер қоздыратын жұқпалы ауру. Актимикозбен көбіне жануарлар шалдығады, ал адамдар сирек ауырады. Актиномикоз табиғатта кең тараған. Ол топырақта, жануардың ішек-қарнында, арпа-бидай дәндерінде ұзақ сақталады. Актиномикоз адам аузының шырыш қабатында, ішек-қарнында, жоғарғы тыныс алу жолында әрқашан кездеседі, бірақ зиян келтірмей тіршілік етеді. Ағзадағы қорғаныс қызметі төмендегенде (тұмау, аппендицит, туберкулез тағы басқа) адамдар актиномикоз ауруларына шалдығады. Ол көбінесе мойын терісін, асқазан мен өкпені зақымдайды. Актиномикозды операция жасау, антибиотиктер егу, сәулемен күйдіру арқылы емдейді. Аурудың алдын алу үшін қабынған ошақтарды (әсіресе ауыз қуысын, тісті) уақтылы емдеу қажет.

Этиология және патогенезі
Аэробты актиномицетер, ауада, суда, лайда көп кездеседі.
Анаэробты актиномицетер адамның және жануарлардың шырышты қабаттарында кездеседі.

КЛИНИКАСЫ
Табиғатта кең тараған және ауыздың шырышты қабаты мен ішек-қарында сапрофит ретінде тіршілік етеін актиномицеттер қоздыратын созылмалы ауру. Іріңді микроскоппен және зақымданған теріні гистологиялық жолмен зерттегенде актиномиоциттер жан-жағына сәуле шашып тұрған және шоқпарланып бітетін жіңішке мицелийдің жіп шумақтары сияқты көрінеді. Тереңде жатқан тканьдерден, мүшелерден немесе метастаз жолмен патологиялық процесс таралып, тері екінші қатарда зақымданады. Кейде сиректеу экзогендік жолмен жұғыпауру теріде бірінші қатарда даму мүмкін. Көбнесе гуммозды-түйінді түрінде дамиды, тері астында бір немесе бірнеше қатты түйіндер пайда болады, терінің беті өзгермейді. Біртіндеп мөлшері үлкейіп, бір-бірмен қосылып кедір-бұдырлы, ағаштың қаттылығындай сіңбе түзеді. Ер адамдарға қарағанда әйел адамдар екі есе жиі аурады.

Сіңбенің үстіндегі тері көкшіл-қызыл түстес. Кейінен кейбір жерлерінде инфильтрат жұмсарып, құрт жеген ұсақ тесік сияқты ашылады, одан сұйық ірің шығады, іріңнен сарғыштау дәндері-саңырауқұлақ друзаларын табуға болады. Ірі түйіндер ыдырап жара пайда болады. Жараның беті салбыраған жұмсақ, қазылған тәрізді, көкшіл түсті болып көрінеді; түбі некрозды массалармен және әлсіз грануляциялармен жабылады. Көбнесе актиномикоз бет, мойын аймағында, бөкседе(актиномикоздық парапроктит), кеудеде(өкпеге бірінші жұқанда) және іште (біріншілік ішек зақымданғанда) орналасады. Созылып өрістейді, үдеуге бейім.

ДИАГНОЗЫ
Кедір-бұдырлы инфильтратттың аса қаттылығымен және құрт жеген тесігін анықтау арқылы қойылады. Түбегейлі диагноз іріңнен немесе гистологиялық препараттарда қоздырғышын табумен дәледенеді және тері-аллергиялық, серологиялық реакциялар қолданылады.

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОЗ
Скрофулодермия, туберкулезды волчанка, қаттерлі ісікпен, гуммозды сифилид және басқа терең микоздардан ажырата билу керек

ЕМІ
Комплексті еммен атибиотиктер жақсы нәтиже береді. Актинолизат 3-4мл аптасына 2рет тері астына немесе бұлшықетке енгізіледі. Антибиотиктер пеницелин, стрептомицин, биомицин және сулыфаниламидттер. Кейде йод препараттарын қолданып, рентген пайдалануда тиімді нәтиже береді.

ТЕРЕҢ БЛАСТОМИКОЗ
Терең бластомикоз Джилкариста созылмалы инфекция болып табылады, неконтагиозды ауру, Blastomyces dermatitidis саңырауқұлағымен шақырылады. Джилкрайста бластомикозы теріні, өкпені, сүйекті, бауырды, талақты, бүйректізақымдайды. Инфекцияның кірер қақпасы тері немесе тыныс алу жолы.
Ауру екі формада көрініс береді
1. Біріншілік терілік
2. Жүйелік (висцеральды)

Біріншілік терілік зақымдану бет терісіне ақшыл қызыл бөрітпелі папула пайда болады. Түйіндерің үстіне пустулалар шығады оның беті іріңмен жабылғын. Жайлап үлкей бастайды, олар үлкен табақшалармен сипаталады, шетіне қарай үлкейіп өскенімен ортасы жұқара бастайды, ошақтың шеті көкшіл қызыл түсті.

Терілік көріністің пайда болуы екіншілік көрініс болуы мүмкін, ішкі ағызалардың зақымдануының диссеминацилық нәтижесі. Тері астылық және тері ішілік түйін пайда болады, олардан жыланкөз жене жара пайда болады, жара жазылғана кейін тыртық қалады.

Созылмалы пиодермиядан, сифилитикалық гуммамдар, лейшманиоз және басқа терең микоздардан ажырата білуіміз керек.
Микроскопиялық және терілік тест бластомиозды вакцинамен. Комплемен жүйесмен байлансыты реакция анықтайды.

ТЕРЕҢ БЛАСТОМИКОЗ
Терең бластомикоз Буссе-Бушке. Жүйелі торпидті фугозды бас минын зақымдаумен жүретін ауру. Сонмен қатар өкпені, талақты, бауырды, бүйректі, теріні,
тері астылық клетчаткаларды, шырышты қабаты зақымдайды. Cryptococcus neaformans ашытқы саңырауқұлағы шақырады. Тері сирек зақымданады.

Көптеген бөрітпелі папулалар, тері астылық гуммозды типті түйіндер, тері үстінде инфильтрат пайда болады, тері астылық абсцесстер. Жара түбі грануляциямен және шырышты-іріңді бөлінділермен жабылған, шеттері қалың.
Жара орнында тыртық қалады.

Сирек табан гиперкератоз, онихия анықталады. Жиі өкпе, сүйек, лифа түйіндері, сүйек миына метастаз береді.
Нерв жүйесінің зақымдауынан менингит, менингоэнцефалит дамиды, пневмония, сепсис летальный исходта пайда болуы мүмкін.

ДИАГНОЗ
Терең микоздың диангоз гистологиялық тексеруге негізделеді, зақымдалған жерден жағынды алып саңырауқұлақтың қандай түрі екенін аықтайды. Серологиялық раекция және терілік тест аруды анықтауға көмек береді.
Терең микоздың диагностикасында науқастың жағдайына байланысты температура және сүйектің, бұлшықеттің аурсынуы болады.
Диф диагноз: бірінші кезекте гуммозды сифилидпен, созылмалы вегетирлеуші пиодермиямен және басқада микоздармен.

ЕМІ
Флюканазол
Амфогюкамин
Анконтил
Кең спектрлі анитбиотик
Гемотерапия, витаминотерапия.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz