Ісік клеткаларын зерттеу әдістері


Slide 1

Ісік клеткаларын зерттеу әдістері

Slide 2

Жоспары:

Ісік туралы ұғым және ісіктердің этиологиясы.

Ісіктің морфологиялық көріністері мен құрылысы. Өсу ерекшеліктері.

Ісіктің түрлері.

Ісік клеткаларын зерттеу әдістері.

Ісік өсуінен сақтандыру және оны емдеу тәсілдері.

Қорытынды.

Пайдалынылған әдебиеттер.

Slide 3

Ісік дегеніміз

Ісік (латынша-tumor, blastoma, грекше-neoplasma, орысша-опухоль) - шексіз тоқтаусыз, бақылаусыз өсумен сипатталатын патологиялық үрдіс. Ісік өсуге қабілетті кез-келген тіннен дамуы мүмкін.

Ісіктер қазіргі таңда ауру адамдар өлімінің негізгі себебі ретінде екінші орында тұр. Адамдардың әрбір бесінші немесе алтыншысы осы қатерлі ісіктен өледі екен. Сол үшін ісіктердің пайда болу себептерін, оның таралу жолдарын, морфологиялық өзгешеліктерін білу және үйрену медицина тәжірибесі үшін өте маңызды мәселе. Ісіктерді зерттеумен онкология ғылымы шұғылданады.

Slide 4

Ісіктің морфологиялық көріністері мен құрылысы. Өсу ерекшеліктері.

Ісік қай тіннің негізінде өсуіне байланысты әр түрлі түзіліске ие. Ісік ағза қуысына қарай немесе терінің сыртында полип тәрізді жіңішке сабаққа ілініп тұрса, оны экзофитті өсу дейді. Егер ісік қуыс ағзаның қабырғасына немесе басқа ағзалардың ішіне қарай өссе, оны эндофитті өсу деп атайды.

Slide 5

Ісіктің бірнеше:

-өсіп-өну атипиясын;

-морфологиялық атипиясын;

-биохимиялық атипиясын;

-антигендік атипиясын;

-функциялық атипиясын;

-физикалық-химиялық атипиясын-ажыратады.

Slide 6

Ісіктердің этиологиясы.

Ісіктердің пайда болу себептері өте көп, олар әлі де болса ақырына дейін зерттелмеген. Ракты тексеруші Халықаралық қоғамның анықтауы бойынша адам рагының 80-90 пайызы қоршаған ортада таралған әртүрлі (химиялық, физикалық және биологиялық) ықпалдардың әсеріне байланысты.

Slide 7

Ісіктің түрлері:

Slide 8

Қатерлі ісіктің клиникалық классификациясы.

I саты - ісік бір ғана жерде орналасқан, шағын шектеулікеңістікті алып жатады, ағза қабырғасынан өтпеген, метастаздары жоқ.

II саты - ісіктің көлемі үлкен, дегенмен, ағзаның шеңберінен шыға қоймаған, аймақтық лимфа түйіндерінде бірен- саран метастаздар болуы мүмкін.

III саты - ісіктің көлемі үлкен, ыдырау процестерінің белгілерібар, ағзаның қабырғасынан өтіп кеткен немесе шағын ісік, бірақ аймақтық лимфа түйіндерінде көптеген метастаздары бар.

IV саты - ісік іргелес ағзаларға, оның ішінде алынбайтын ағзаларға (аорта, қуыс вена) таралып өскен немесе алыс аймақтардағы метастаздары бар кез-келген көлемдегі ісік.

Slide 9

Ісік клеткаларын зерттеу әдістері

Slide 10

Цитологиялық зерттеу

Slide 11

Ісіктің макроскопиялық формалары

Slide 12

Қатерлі ісіктерді анықтау және дәлелдеу үшін қосымша зерттеу әдістерін қолданады:

1. Эндоскопия (эзофагоскопия, гастродуоденоскопия, колоноскопия, бронхоскопия, ректороманоскопия, цистоскопия, лапароскопия, торакоскопия және т. б. ) .

2. Рентгенография.

3. УДТ.

4. үш тәсілмен орындалатын цитологиялық әдіс:

» таңба-жүғындылар;

» пункциялық биопсия;

» биопсия (инцизиялық, эксцизиялық) .

5. Рактың (қанның морфологиялық құрамы, қан плазмасындағы өзгерістер, арсынақтар - маркерлер) .

6. Радиоизотоптық диагностика.

7. Ангиография.

8. Лимфография.

Slide 13

Иммуногистохимияның мысалы:

барлық күдікті құрылымдардың айналасындағы СК14-ке оң реакция (қоңыр бояу) сүт безінің қатерлі ісігін жояды-науқасқа қосымша емдеу қажет емес

Slide 14

Ісік өсуінен сақтандыру және оны емдеу тәсілдері.

Ісік өсуінен алдын-ала сақтандыру обыр алды және дисгормондық жағдайларды ерте анықтап емдеуге негізделеді. Сонымен бірге қоршаған ортаның тазалығы үшін және әртүрлі зиянды әдеттермен күресуді қажет етеді.

Емдеу тәсілдерінің жалпы негіздері мынаған бағытталған:

Ол үшін еркін радикалды тотығуды тежейтін антиоксиданттар, ісік өсуін туындататын вирустарға қарсы интерферондар, иммундық жүйені қалпына келтіретін дәрі-дәрмектер, зат алмасудың бұзылыстарын жөнге келтіретін витаминдер т. с. с. заттар қолданылулары керек.

Slide 15

Қорытынды:

Қатерлі ісік неден пайда болады?


Ұқсас жұмыстар
Радионуклидтердің қолданылуы мен өндіру
Асқазан рагы
Жануарлар биотехнологиясының әдістері
Өсімдіктерден экономикалық маңызы зор заттарды алу
Моноклональды антиденелер - жеке антиген детерминантына қарсы антиденелер
Лимфа түйіндері
Жедел лейкоз
Интервенциялық ядролық медицина
Өсімдік клеткаларын өсіру
Ісіктердің құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz