Клетка культурасы



Клетка культурасы. Клеткаларды жасанды өсірудің шарттары мен қолдану салалары

Жоспары:
Клетка өсіру ұғымы.
Каллусты культура.
Суспензиялы культура.
Жасушалық линиялардың кейбір танымалы түрлері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Клетка өсіру ұғымы
Жасуша өсіндісі дегеніміз - ол биосистема жасушаларының организмнен тыс (in vitro) жасанды ортада өсіп көбеюі.
Клеткаларды өсіру деген ұғымға өсімдіктен бөлініп алынған клеткаларды, ұлпаларды, мүшелерді қоректік ортада заласыздандырылған жағдайда өсіру енеді.
Өсімдік клеткаларын іn vitro жағдайында нәтижелі өсіру жұмыстарын ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Ф. Уайт пен Р. Готре бастап еді. Өсімдіктің тірі клеткасы лайықты коректік ортада өзіне тән тотипатенттік қасиетін көрсетеді, яғни бүтін регенерант өсімдігін түзеді. Іn vitro жағдайында пайда болған өркені мен тамыры жетілген өсімдікті регенерант деп атайды.

Тәжірибелік салада клетка культурасы қолданылатын бағыттар:
селекция;
көп мөлшерде биологиялық заттарды алу;
вируссыз өсімдіктерді өсіру;
өсімдіктердің клондық көбеюі;
өсімдік, жануарлар мен адамдардың жеке жасушаларын өсіру

Жасуша өсінділерінің көздері ол биосистемалар: өсімдік, жануарлар және адам жасушалары мен ұлпалары

Биологиялық тәжірибеде қолданылатын жасушалық өсінділердің классификациясы
Каллустық жасуша - жасанды ортада өсірілетін өсімдік жасушасының басты түрі.
Алгашқы жасуша өсіндісі - ол тікелей организмнен алынып, in vitro өсірілген жасушалар (3-5 тәулікте пайда болады) . Мұндай өсіндіні адам мен жануардың кез келген органынан немесе ұлпасынан алуға болады.
Субкультуралар - ол алғашқы жасуша өсіндісінен бірінші пассаж (қайталап егу) жасалғаннан кейін алынады (2-3 тәулікте пайда болады), көптеген жасушалық линиялардан тұрады.
Қайталап өсірілген жасуша өсінділері - ол, организмнен тыс шексіз өсуге қабілетті жасуша өсінділері.
Диплоидты жасуша өсінділері дегеніміз морфологиялық бірқалыпты жасушалар популяциялары. Бұл жасуша өсіндісінің тіршілігі шектеулі, пассаж кезінде өзінің кариотипін сақтап қалады, контаминанттардан таза.
Дара қабатты жасуша өсіндісі деп қоректі ортаның беткі қабатында пайда болған жасуша өсіндісін айтамыз.
Суспензиялық жасуша өсіндісі дегеніміз жасушалардың бос кеңістікте өсіп-көбеюі. Мұндaй жасуша өсіндісін алу үшін суспензияны үнемі араластырып отыру қажет.

Каллус культурасы
Каллус - өсіру кезінде меристемалық жасуша, өткізгіш жүйе элементтерін, пигментті жасушалар ошағын түзетін ұйымдастырылған паренхималық жасушалардың пролиферациялық массасы.
Каллустық культуралар көптеген өсімдіктерде өндірістік жағдайда биопродуценттерді алу мақсатында, сонымен қатар бастапқы өсімдікті көбейту үшін-донор мен самоклональды алу үшін қолданылады.
Каллусты индуцирлеу үшін бастапқы залалсыздандырылған материалды 2-4 мм өлшемінде сегменттерге бөледі және оны пробирка немесе Петри табақшасындағы агарланған орта бетіне салады. Егер эксплант ретінде сабақ сегменті алынса, онда оларды ортаға апикальды жағынан орналастырады; астықтардың оқшауланған жас ұрықтарынан (10-14 күндік) каллус түзілу үшін ортаға қалқанынан жоғары қаратып салады. Егер мезокотиль, астық ұрығынан каллус алғысы келсе, оны қалқанын төмен қаратып ортаға салады. Сосудтарда жоғары ылғалдылықты сақтау үшін культуральды сосудтардың тығынын немесе қақпағын парафин немесе лейкопластырмен бекітеді.


Суспензиялы культура
Өсімдіктер клеткаларын өсіру әдістерін толык жетілдіру бағытында кол жеткен күнды жетістіктердің бірі - жеке клеткаларды өсіру болды. Соның негізінде клеткалык суспензияны алу және өсіру әдістері мүкият зерттелуде.
Суспензиялы культуралардың каллустарға қарағандағы бір артықшылығы клеткалардың өсуімен метаболизмнің реттеушілігін анағұрлым қатал іске асыратын біркелкі клеткалы популяцияларды алу мүмкіншілігі; бұндай культура жоғары дәрежеде физиолого-биохимиялық, молекулярлық-биологиялық және т. б. зерттеулердің шарттарын қанағаттандырады.

Суспензиядағы клеткаларды есіру әдістері

Қазіргі күні суспензиялық жасушаларды алу толық дамыған, соның нәтижесінде белгілі бір қасиеттері негізделінген жасушаларды алуға болады.
Сүтқоректілердің көптеген жасушалары белгілі бөліну дәрежесінен кейін тіршілігін жояды. Мысалы: адамның тері жасушалары тіршілігін жойғанға дейін 50-100 рет бөлінеді. Мынандай тұжырым, жасуша өсіндісіндегі өсу шектілігі, жануардың тіршілігінің шектілігімен тығыз байланысты. Себебі жылдам қартаятын және өлетін ауру организмнен алынған жасушалардың тіршілігі қысқа. Кейбір уақытта өсіндіде, кенеттен мутантты жасушалар пайда болады, олардың тіршілігі шексіз. Мұндай жасушалар үздіксіз көбейіп, жасушалық линия түзеді, кестеде тәжірибеде жиі қолданылатын жасушалық линиялар түрлері сипатталған. Бұл жасушалар қатты бетте өседі, дара қабат түзгеннен

Жасушалық линиялардың кейбір танымалы түрлері:
Жасушалық линия
Жасуша түрі, алынған организм
3Т3
Фибробласт (тышқан)
ВНК 21
Фибробласт( сириялық атшалман)
Hela
Эпителия жасушасы (адам)
PTK 1
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz