Гистологиялық препараттарды дайындау әдістері


Slide 1

Гистологиялық препараттарды дайындау әдістері

Slide 2

Жоспары:

Гистологиялық препараттар және оның түрлері.

Жақсы дайындалған гистологиялық препарат нұсқаулары.

Гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі кезеңдері.

Материалды алу техникасы.

Микротом.

Кескіндерді бояу.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Гистологиялық препараттар

бұл арнайы гистологиялық бояғыштармен боялған ағзалар, тіндер немесе жасушалар кесінділері.

Гистологиялық препараттар - микроскопиялық зерттеулерде пайдаланылады.

Slide 4

Гистологиялық препараттар зерттеу мақсатына байланысты бөлінеді:

Slide 5

Жақсы дайындалған гистологиялық препарат мына көрсетілген нұсқауларға сай болуы қажет:

Оны қамтамасыз ету үшін:

-дер кезінде зерттелетін материалды алу және фиксациялау;

-кесінділердің сапасы мен өңдеу шаралары;

- зерттелетін препаратқа сәйкес бояуды қолдану;

Slide 6

Гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі кезеңдері мыналар:

Slide 7

Микроскопиялық зерттеу кезінде ең маңызды болып материалды алу техникасы маңызды рөл атқарады. Сондықтан кесіндіні бөліп алу кезінде мына ережелерді есте сақтау қажет:

Slide 8

Бекіту

Бекіту мақсаты тірі организмді тұрақтандыруда, яғни тіршілік процесін тоқтатуда болып отыр. Бұл кезде зерттелетін ағзаның тірі кезіндегі құрылымын сақтап қалуға ұмтылу қажет. Бекіткіштер (фиксаторлар) қарапайым және күрделі болады.

Бекіту ұзақтығы, зерттелетін заттың мөлшері мен қалыңдығына байланысты 2-24 сағат аралығында болуы мүмкін. Материалды жылдам бекіту үшін ағзалар мен тіндердің кішірек үлгілерін алады (0, 5 - 2 см) . Бекіту мөлшері бекітілетін материалдың мөлшерінен 20-30 рет жоғары болуы керек. Бекітудің көптеген тәсілдерінен кейін зерттелген микропрепаратты сумен жуады. Бекіткіштер әсерінің салдарынан зерттелетін үлгінің мөлшері біршама азайып, тығыздалады.

Slide 9

Фиксатор түрлері

Slide 10

Фиксациялаушы сұйықтықтармен жұмыс істегенде тиісті ережелерді есте сақтау тиіс. Фиксация кезіндегі жалпы ережелер:

Slide 11

Тығыздау.

Гистологиялық препаратты дайындаудың мақсаты зерттелетін материалға қажетті қалыңдығы бар жұқа кесінділерді алуға мүмкіндік жасайтын тығыздық беру болып табылады. Мұны екі тәсілмен жүзеге асырылады: үлгіні қатыру немесе тығыздалған ортамен сіңіру (парафин, целлоидин және т. б. ) .

Парафин немесе целлоидинге салу үшін бекітілген үлгілерді құрғатады, өйткені бекіткіштердің көпшілігі сулы ерітінділер болып табылады және су тығыздалатын ортамен араласпайды.

Slide 12

Парафинге құю.

Парафин қалыпты температурада қатады, сондықтан сіңіру алдында оны термостатта 52-56оС дейін ысытады. Парафин спиртпен араласа алмайтындықтан, аралық орта (ксилол, толуол және т. б. ) қолданады.

Үлгіні спиртте дегидратациялағаннан кейін, оны ксилол мен абсолют спирттің теңдей қоспасына, кейінен таза ксилолға ауыстырады. Одан әрі материалды бірнеше сағатқа парафин мен ксилол қоспасына (37оС-та ), содан соң 1-2 сағат таза ерітілген парафинге салып, (52-56оС температура кезінде), соңынан формаларға (қағаз немесе метал) ауыстырады. Үлгілер бар бекітілген парафиннен тік бұрышты блоктарды кеседі, оны ағаш кубикке ерітілген парафинмен бекітеді. Осындай түрде материал кесуге дайын.

Slide 13

Целлоидинге құю.

Целлоидин - арнайы дайындалған целлюлоза. Дегидратациядан кейін үлгіні абсолютті спиртпен сусыз эфирдің теңдей қоспасына, ал содан соң целлоидиннің 2, 4 және 8% ерітіндісіне бірнеше тәулікке ауыстырады. Одан әрі материалды хлороформ буында тығыздайтын қою целлоидинге ауыстырады. Бекітілген целлоидиннен блокаторды кеседі, ағаш кубиктерге желімдейді және сақтау үшін 70%-ті спиртке салады. Бұл құюдың кемшілігі тығыздалудың ұзақтығы (10-15 тәулік), кесінділерді 7-8 мкм-ден жіңішке етіп алу мүмкін еместігі.

Slide 14

Кескіндерді дайындау.

Кескіндерді дайындау үшін арнайы аспап - микротомды қолданады. Оның үш негізгі бөлігі бар: объектіні ұстаушы (ағаш кубикті блокқа қатайту үшін) ; микрометриялық механикалық жүйе (объекті ұстағышты берілген шамаға беру үшін) ; микротомдық пышақты ұстаушы.

Микротомның әртүрлі конструкциясы бар. (Микротомдар) . Арнайы суытатын үстелдермен жабдықталған микротомдарды бекіткіштер әсерінен құтылу керек болған жағдайда қолданады, мысалы гистохимиялық зерттеулер кезінде. Осы микротомдарда 10-20 мкм және одан да үлкен қалыңдықтағы кескіндерді алады.

Slide 15

Микротом (кесінді жасауға арналған аспап)

Slide 16

Микротом түрлері

Slide 17

Кескіндерді бояу.

Гистологиялық практикада қолданылатын бояғыштар химиялық қасиеттеріне байланысты үш топқа бөлінеді: негізді, қышқылды және бейтарап. Негізді бояғыштар (азур, гематоксилин, кармин және т. б. ) боялатын негіздің тұздары болып табылады. Негізді бояғыштармен таңдамалы боялатын гистологиялық құрылымдар базофильді деп аталады. Негізді бояғыштартармен жасуша ядроларын бояйды. Қышқылды бояулармен (эозин, қышқыл фуксин) әдетте цитоплазмалық құрылымдарды бояйды.

Қышқыл бояумен боялатын гистологиялық құрылымдар оксофильді деп аталады. Бейтарап бояғыштар боялатын негіздермен қышқылдың тұздары болады.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Құю парафин
Жарық микроскопы
Гистологиялық препараттарды жасау және бояу әдістері
Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы
Гистологиялық техника, Гистологиялық материалды жануарлардан алу
КЛЕТКАНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЦИТОЛОГИЯ ГИСТОЛОГИЯ
Бірінші микроскопиялық кезең
ПАРАФИН БЛОКТАРЫНАН СЕКЦИЯЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ
Микоз қоздырғыштары
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz