Баланы қырқынан шығару




Презентация қосу
ҚAЗAҚСТAН PEСПУБЛИКAСЫ БІЛІМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИСТPЛІГІ
ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДAP ПEДAГОГИКAЛЫҚ УНИВEPСИТEТІ

МАМАНДЫҚ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ
КУРС: 1
ПӘН : ҚАЗАҚ АРУЫ

ОРЫНДАҒАН: ТӨРЕБЕК ЕРКЕНАЗЫМ, КЕНДЕБЕКОВА АҚБОТА, ТӨРЕХАН АРАЙ​
ТЕКСЕРГЕН: ҚЫЛЫШПАЙ БАЯН
Баланы қырқынан шығару
• Баланы қырқынан
шығару - тіршілік цикліне
қатысты атқарылатын
рәсімнің бірі.
Баланы не үшін қырқынан шығарады?
• 40 күн ана үшін де бала үшін де
қатерлі кезең болып саналады.
40күнге дейін баланың еті мен
сүйегі бөлек болып, кейін бірігеді
екен.
• Жалпы бұл кезеңді бала өткеру
үшін, анасы күтіну қажет. 40күн
жылы киініп, салқын суға қолын
салмай, салқын су ішпей, ауыр
жұмыс жасамай, еркек қойды
сойып, қалжасын жегізіп, сорпасын
ішкізген.
Бала күтімі
• Ал баланы мүлдем қараңғыда
қалдырмай, жанынан адам үзілмеген.
• Сонымен қатар, бала 40-нан
шыққанша оның шаш мен тырнақтары
алынбаған.
Қырқынан шығару туралы медицинада
• Бұл медицинада
дәлелденген. Яғни, ДДҰ
енді босанған ана үшін
алғашқы 6апта қатерлі
болып саналады деген. 6
апта 42күнге тең.
• Онда біздің әжелеріміз
әу бастан-ақ алғашқы
40күннің қатерлі екенін
білген.
Қырқынан шыққанға дейінгі баланың
жағдайы
• Алғашқы 40күнде бала да, ана да
өмірге бейімделеді.
• Яғни, жаңа туған нәрестелерге
қарасақ, көздері тұманданып тұрады.
• Ал қалай 40нан шығады, солай
жарыққа, анасының бетіне қарайды,
дыбысқа елеңдейді.
Қырқынан шыққан бала
• Салт бойынна 40 күннен аман өткен баланы қырқынан шығарып,
той жасайды.
Қырқынан шығару туралы
• Әдетте, ер баланы ерте жетіледі, жылдам өседі деген
түсінікпен 40күн толмай жатып қырқынан шығарған.
• Ал қыз бала, керісінше, жеңілтек болып кетпесін,
байсалды, орнықты болсын деп анық 40күн толғаннан
кейін қырқынан шығару рәсімін орындаған.
• Кей жерлерде ер баладан сұралатын қалың малы аз
болсын деген ниетпен 40күннен ерте шығарса, қыз
баланың қалың малы көп босын деп, 40күннен
асырып шығарып та жатады екен.
Қырқынан шығару реті:
• Алдымен, баланы
шомылдыратын ыдыстың
түбіне күміс жүзік, күміс білезік
сияқты заттар салып;
• 40 қасық таза суды бата-тілек
айта отырып құяды. Оның
себебі, ырзығы мол болсын
деген.
• Содан кейін ыдыстың түбіне
кішкене мата төсеп баланы
шомылдырады(мұрын, құлақ
барлығы жуылуы керек).
Не үшін күміс?
• Себебі, күміс шайтаннан, жыннан сақтайды
деген сенім бар;
• Суға күмісті ол адал, пәк болсын деп салған;
• Әрі күміс суды құнарлы ете түседі екен.

• Соңғы кездері суға тиын салу әдетке айналып
бара жатыр.
• Тиын - күміс емес, түрлі металлдардың
қоспасы. Бір жағынан тиын қолда, кез келген
жерде жүретін зат болғандықтан ол таза
болмайды.
"Сүт тырнақ", "қарын шаш"
• Баланы шомылдырып боған соң, ол
өмірге қадам басады. Сүт тырнағын,
қарын шашын осы уақыта алады.
Кейін шашын ақ шүберекке түйіп,
тұмарша етіп, баланың оң жақ
иығына немесе, бесігіне қадап қояды.
• Ал сүт тырнағын адам баспайтын
жерге немесе ұрпағы көп болсын,
тамыры тереңге жайылсын деп, жеміс
ағашының түбіне көміп тастайды.
Баланы қырқынан шығарарда кімді
шақырады?
• Баланы шомылдыру
дәрежесі кез келген әйелге
емес, ел арасында сыйлы,
көп балалы ана атанған, үлгі
боларлықтай адамға
бұйырған.
• Ал баланың тырнағы мен
шашын ер адамдарға
алғызып отырған.
Итжейде
• Бала 40күн бойы киген
итжейдесін сол күні шешеді.
Бала таршылық көрмесін,
несібесі мол болсын деп ұзын,
кең жейде кигізген.
• Сол жейдеге әр алуан тәтті
түйіп, иттің мойнына байлап
қоя береді.
• Ауыл балалары сол итті қуып
жүріп ұстап алып, тәттіні
бөліп жейді.
Итжейде
• Баланың итжейдесін киелі
санап, ақсақалдар алыс
жолға шыққанда, дауға
барғанда қойнына тығып
алып жүрген.
• Бала таппаған, үнемі түсік
тастаған әйелдер оны
сұрап алып, басына жастап
жатады екен.
Қорытынды
• Қырқынан шыққан бала
адам қатарына қосылды,
қауіпті кезеңнен өтті деп
саналған.
• Ел ішіне шыға бастаған.
• Қазақ дәстүріндегі
қырқынан шығару рәсімінің
ерекшелігі осындай болған.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының дәстүрі
Салалас құрмалас сөйлем
Тәрбие дәстүрлері
Халық дәстүрі-асыл қазына
Қалжа мен шілдехана тойы
Қазақтың салт-дәстүрлері
Қазақ халқының салт- дәстүрлері
Қазақтың дәстүрлерін дәстүрлерді ата
13 - ЖАС АЛҒАШҚЫ МҮШЕЛ
Бүгін мектепте
Пәндер