Қарым - қатынас процесіндегі тұлғааралық қабылдау мен өзара түсіністіктің ролі



Жоспар:
Әлеуметтік психологиядағы перцсптивті процестсрді талдау ерекшсліктері. Қарым-қатынас процесіндегі тұлғааралық қабылдау мен өзара түсіністіктің ролі.
Субъект қасиеттері, қабылдау обьектісі, сипаты және тұлгааралық өзара байланыстар - перцептивті процесс факторлары ретінде. Қабылдау механизмдері мсн аффектілері.
Стереотиптілік құбылысының мазмұны мен мәні. Әлеуметтік стереотип туүсінігі және оның түрлсрі мен қызметі. «Себепті жапсыру» құбылысы. Тұлғааралық қабылдаудьң дәлдігі мәселесі. Өзге адамды тану мен қарым-қатынас процесінс «алғақы әсердің» ықпалы.
Өзара түсіністіктің құрылымы мен механизмдері. Рефлексия түсінігі. Эмпатия құбылысы. Тұлғааралық идснтификаңияны әлеуметтік-психологиялық зерттеу.

Мақсаты:
Әлеуметтік психологиядағы перцсптивті процестерді талдау ерекшеліктері, қарым-қатынас процесіндегі тұлғааралық қабылдау мен өзара түсіністіктің ролі, субъект қасиеттері, қабылдау обьектісі, сипаты және тұлгааралық өзара байланыстар - перцептивті процесс факторлары ретінде, қабылдау механизмдері мсн аффектілері жөніндегі теорияларға шолу.

Перцептивті аспект
Қарым-қатынастың келесі бір басты қыры - перцептивті (перцепция - латын тілінен аударғанда «қабылдау» дегенді білдіреді) аспект, яғни адамдардың бірін-бірі өзара дұрыс қабылдауы, түсінуі мен бағалауы. Басқаны дұрыс қабылдау арқылы, оны терең танып, ұғына аласыз, демек адамның ішкі әлемін дәл «оқи» алсаңыз, кейінгі өзара бірлесіп атқаратын іс-әрекеттеріңіз де сәтті болмақ.


Идентификация
Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою. Идентификация, бұл - адамның саналы немесе бейсаналы түрде басқаға өзін ұқсастыру, теңестіру, өзін оның орнына қою арқылы түсінуі болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдар басқалардың ішкі күйін, сезімдерін, ойлары мен ниеттерін, өзін оның орнына қойып көру арқылы болжап, жорамалдай алады. Идентификацияда басқа адамның құндылықтар нормасы, мінез-құлқы, талғамдары мен дағдылары игеріледі. Әсіресе, жеткіншектік кезеңде оның мәні зор.

Эмпатия
Эмпатия басқа адамды «сезіну», оның эмоциялық күйіне ортақтаса білу. Бұл терминді психологиялық ғылым айналымына енгізген Э. Титченер болды.

Рефлексия
Рефлексия басқа адамдарды қабылдаудың құрамдас бөлігі. Яғни басқаны түсіну, оның өзіне деген көзқарасын сезіну. Демек, қарымқатынас кезінде идентификация мен рефлексия бірлесіп, тұтас күйде қатар жүреді. Рефлексияны әлеуметтік психологияда Дж. Холмс, Г. Гибш пен М. Форберг зерттеген.

Каузалды атрибуция
Күнделікті өмірде адамдарда мұндай мәліметтер болмағандықтан, олардың ісәрекеттері мен жүріс-тұрыстарының себебін «солай шығар» деп басқалардың іс-әрекетін оларға таңу арқылы, жорамалдай алады. Адамдардың мінезқұлқының себебін, өзі болжайтын ниеттерді, ойлар мен мотивтерді таңу арқылы түсіндіру каузалды атрибуция (лат. сausa - себеп және atributio - беремін, таңамын) немесе себепті телу деп аталады. Оны зерттеушілер Г. Келли, Э. Джонс, К. Дэвис, Д. Кенноу, Р. Нисбет, Л. Стрикленд. Каузалды атрибуция адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу жағдайы.

Аттракция
Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы аттракция деп аталады. Аттракцияның қазақша мағынасы -тартымдылық дегенге жақын. Аттракция, бір жағынан, қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі, екіншіден, осы процесс өнімі, яғни көзқарастардың біршама сапасы. Аттракцияның түрлі деңгейлері анықталған: ұнатушылық, достық, сүйіспеншілік.

Қабылдау эффектісі
Қарым-қатынас серіктесін қабылдаудағы қателіктер, оның бейнесін бұрмалаумен қатар, оған деген жалпы көзқарасқа зор ықпал етуі мүмкін. Психологияда бұл қателіктерді көбінесе «қабылдау эффектілері» деп атайды. Эффектілер мен қателіктер мәліметтердің жетіспеуі кезінде немесе іскер адамның оны дұрыс пайдалана алмағандығынан пайда болады.

Алғашқылық эффектісі
Алғашқылық эффектісі, яғни таныс емес адам жайлы алынған алғашқы әсер, оған деген көзқарасты қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Қабылдау процестерін зерттей келе, адамдардың бірін - бірі жағымды-жағымсыз, білімді-білімсіз, салмақты-жеңілтек, ақылды-ойсыз, жаман-жақсы деген сияқты, алғашқы шекаралық субъективтіь қабылдаулары мен бағалаулары, контактінің алғашқы 15 секундында қалыптасатыны белгілі болды. Әрине, бұл көзқарас қате болуы әбден мүмкін, себебі, адамдар алғашқы жүздесулерде, өздерін қалай көрсеткісі келсе, біршама уақыт дәл солай көрсете алатын қабілетке ие.

Жаңалық эффектісі
Жаңалық эффектісі жақсы білетін адам жайлы соңғы мәлімет, ол адам туралы жалпы көзқарасыңызға елеулі ықпалын тигізген кезде көрініс береді. Көп жағдайда, мұндай ақпарат адамға деген көзқарастың түбегейлі өзгеруіне себепші болып жатады. Бұл кезде аталмыш ақпаратты қабылдауда, ол жөніндегі бұрынғы білгендердің, одан алған әсерлердің, серіктеске деген көзқарастың, іс-керлік қарымқатынасты жолға қоюдағы оның үлесінің ескерілмей қалатындығы, үлкен қателік болып табылады.

Гало эффект
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz