Шымды топырақтар Шымды - күлгінді


Slide 1

Топырақтану Ғылыми география

Әлемнің топырақтары және олардың таралу заңдылықтары

Slide 2

Топырақ географиясы

топырақтың қалыптасуы мен кеңістік бойынша орналасу заңдылықтарын зерттейтін физикалық географияның ғылым саласы.

Жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді.

2

Slide 3

Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі.

Себебі, кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді.

Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер бедері және олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әр түрлі.

Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық әдіспен зерттейді

яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстырады

Осы әдісті қолдану нәтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.

3

Slide 4

В. В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының нұсқалық картасын дайындап, оны 1900 жылы Парижде әлемдік көрмеде көрсетті. Осы картада бес әлемдік аймақтар көрсетілді:

-бореалды немесе арктикалық;

-аэралды (олар тасты, құмды сорланған және лессті шөлдерге бөлінеді)

-орманды;

-далалық қара топырақты;

-латеритті.

4

2

3

1

4

5

Slide 5

Топырақ зоналары

топырақ түрлерінің түзілуі мен генетикалық қасиеттері өзіндік биоклиматтық жағдайына сай қалыптасқан аймақтар. Топырақ түзуші факторлар зоналылық тәртіпке бағынып ретімен тарағандықтан, осы факторлардың әсерінен топырақ та осы тәртіпке бағынады. Олар көлденең және тік белдеулік топырақ зоналарға бөлінеді.

5

Slide 6

Кейінгі жылдары дайындалған әлемнің топырақ карталарында топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына сәйкес орналасуы және басқада топырақ таралу құбылыстары көрсетілді.

В. В. Докучаев топырақтың аймақтарға бөлініп таралуы таулы өлкеде де байқалатынын анықтады. Кавказ тауларында етегінен бастап жоғары көтерілген сайын оның табиғатының және топырақ жамылғасының өзгеруін бақылап, зерттеп топырақтардың таулы өлкеде тік аймақ болып таралу заңдылығын ашты.

6

Slide 7

Топырақ географиясын негізгі терминдері.

Топырақ аймағы топырақ типшелерінің аймақшаларына, топырақ фацияларына және провинцияларына бөлінеді.

Топырақ аймақшасы - топырақ аймағына сәйкес таралған бір топырақ типшесі таралған жер аумағы.

Топырақ фациясы - жылу режімінің және жыл мерзімдері ішінде ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.

Competitor

Топырақ өлкесі (провинциясы) - жылу режимі және жыл мерзімі ішінде ылғалдылығының айрықша ерекшелігі бар топырақ фациясының бір бөлігі.

Топырақ округы және топырақ ауданы - жер бедерінің және топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.

7

Slide 8

1. Полярлық шөлдегі топырақтар.

Арктикалық топырақтар типі

жылдық жауын-шашын мөлшері = 150-330 мм;

топырақтардың тоңы 30-50см, 2-2, 5 ай ғана ериді;

еру - тоңу нәтижесі = жердің жарықшағы;

өсімдіктері шоқтанған: а) көк-жасыл балдырлар;

б) жер және тас қыналар; в) майда мүктер.

Арктикалық тундра белдемше (подзона) Оңтүстік Зеландияның оңтүстігін алып жатыр.

өсімдіктері жер бетін жауып жатыр: а) жабайы дәнді-дақылдар мен қияқтар, мүктер; б) батпақты қияқтар;

жылдық органиканың түсуі = 6 ц/га;

А0 қабаты болмайды;

глейлену процесі болмайды;

топырақ жуылмайды, темір мол;

рН - бейтарапты;

Арктикалық тундраның субарктикаға шектескен жерінде өсімдік молайып, глейлену басталады;

бұғылардың жайылымы;

8

Субарктикалық тундралы топырақтар белдемінің сипаттамасы:

жылдық жауын-шашын = 300-1600 мм;

ауаның ылғалдығы = 75-90 %;

тоңдану 100-600 метр қалыңдықта;

тоңның еру қалыңдығы = 50-60 см, 1-1, 5 метр;

өсімдіктеріне қарай 3 белдемшеге (подзонаға) бөлінеді:

а) солтүстіктік (мүк-қына; бұталар), б) оңтүстіктік (ақ қайық, бұталар, мүк-қына), в) ормандық тундра (ергежейлі ақ қайыңда, сібір шыршасы) ;

Slide 9

Тундра белдеміндегі топырақтар.

Тундралы глейлі топырақтар типінің сипаттамасы:

бұлардың барлығында А0 қабаты болады;

жарықшақ кездеспейді;

шымтезекті қабат болмайды (1, 2 - суреттерді салыстыр) ;

глейлі қабат 60-70 см тереңдіктен басталады;

“А” қабатындағы гумустың мөлшері = 2, 5 - 7, 5 %;

ТМД елдеріндегі бұғы шаруашылығының 41, 6 % орналасқан;

жылы жайлар (теплица, парник) дамыған;

жеңіл механ. құрамдағы топырақтарда көкөніс, азықтық шөптер, арпа егіледі.

Булану аз болғандықтан, түскен осы ылғалдың өзі мөлшерден артық болып топырақ қабаттарындағы суға ерігіш және басқа да заттарды топырақ астына шайып әкетеді. Ал мұның өзі біраз жерлерде батпақты аймақтардың пайда болуына әкеп соғады.

9

Бореалды белдеу. Орманды зонаның күлгінді және шымды-күлгінді топырақтары

Slide 10

. Бореалдық белдеудегі тайгалық-орманды белдемнің топырақтары:

1. Күлгінді топырақтар типі

солтүстігінде тундрамен, ал оңтүстігінде ормандық-даламен шектеседі;

ТМД елдерінің 52 % территориясында жайғасқан;

жалпы көлемі - 1150 млн. га;

65 % жазықтық, 35 % тау;

бұл аумақты “қара топырақсыз” (нечерноземной) деп те атайды;

климаты - суық қоңыржайлы (умеренно холодный) : Шығыс Сібірде - шұғыл континенталды, ал Қиыр Шығыста - муссонды;

жылдық жауын-шашын да әртүрлі - 150-1000 мм;

өсімдігінің доминанты - әртүрлі типтегі ормандар;

10

Slide 11

. Шымды (дерновые) және шымды-күлгінді топырақтар

11

Шымды топырақтар

Тайгалы-ормандық белдемдегі шымды топырақтар шалғынды шөптесін және мүктік-шөптесін өсімдіктердің астында жайғасқан. Олар Балтық бойы және Ленинград, Волгоград, Калинин, Москва облыстарында кездеседі.

“Шымды топырақ” терминін В. В. Докучаев енгізген, ал оның пайда болу теориясын В. Р. Вильямс пен И. В. Тюрин ұсынған. Мұндағы гумус 15%-ға дейін жетеді. Тайгадағы шымды топырақтар 3 типтен тұрады: шымдық-карбонаты, шымдық-литогенді, шымдық-глейлі топырақтар.

Бұлардың ішіндегі ең құнарлысы шымдық-глейлі топырақтар (гумус - 10-15%) .

Шымды-күлгінді топырақтар

Оңтүстік тайгадағы қылқан және жалпақ жапырақты орманда жайғасқан. Жоғарғы қабатында шымдық, ал төменінде күлгінді қабат орналасқан. Бұл белдемде биологиялық белсенділік артады, фульво-қышқылдарымен қатар гумин қышқылдары да түзіле бастайды.

Құрамында N, P, K өте аз, гумус - 2, 6%-ға жетеді (21 см), рН - 5. Мұнда құрғақшылық болмайды.

Slide 12

Тоңды-тайгалық (мерзлотно-таежные), құбалық (подбуры), иллювиалды-гумусты (иллювиально-гумусовые железистые подзолы) топырақтар

12

Бұлар Шығыс-Сібір тоңды-тайгалық облысындағы Енисейдің шығысына қарай жайғасқан. Канадағы тундра шекарасында да кездеседі.

Балқарағайлы (светлохвойными) ормандарға тән. Топырақ көпжылдық тоңдық жағдайда дамиды, топырақ 7-8 ай мерзімінде минустық t°C-да болып, жазда еріген топырақтың үстіңгі қабаты, қайтадан төменгі көпжылдық тоңмен жалғасып кетеді. Жазда өсімдік бояу дамиды, органикалық қалдықтар толық ыдырамайды, нәтижесінде Аₒ қабаты түзіледі, гумус мөлшері өте аз, N, P жетіспейді, өте құнарсыз.

Құбалық (подбуры) солтүстік және орталық тайгадағы тоңды және тоңсыз облыстарда жайғасқан. АТЖ-ның құрамында темірлі зат мол болады, олар оңай ыдырап, ортаның қышқылдығын бейтараптандырады, топырақ құба түске боялады. Ірі тастары мен топырақ қабатының саяздығы егіншілікке мүмкіндік бермейді.

Slide 13

Батпақты топырақтар

13

. Жер шарының тайгалық және тундра белдемдерінде жайғасқан. Басым көлемі тайгада дамып, әсіресе, Батыс-Сібірде көлемі мол. Бұлар жер бетінің және топырақ асты суларының шамадан тыс мол болып, ұзақ мерзімді әсерінен пайда болады. Құрамында 90% су, 10% құрғақ зат болады. Негізгі белгілері:

- сұр-жасыл мүктермен қапталып, аласа ағаштар өседі;

- таяз көлдері мол болады;

- шымтезектік (торф) органикалық заттарға бай болады;

Топырақтың жоғарғы қабатында шымтезек түзіліп, төменінде минералды глейлі қабат алып жатады.

Батпақты топырақтың үш типі болады: қырдағы (верховые), ойпаңдағы (низинные) және өтпелі (переходные) .

Қырдағылары су айрықтарында дамиды. Олар тек қана жауын-шашынның әсерлерінен пайда болғандықтан, минералдық заттар аз болады. Өсімдіктері: мүктер, аласа бұталар, ергежейлі қайыңдар, аққайың.

Ойпаңдағы батпақтар көбінесе топырақ асты суларының және көктемдегі су ағынының әсерлерінен пайда болады. Өзен байлары мен атырауларда кеңінен жайғасқан. Өсімдіктері; қияқ, қамыс, мүктер, т. б.

Өтелі (переходные) батпақтар жауын-шашын және топырақ асты суларының әсерлерінен пайда болады. Жоғарғы екеуінің ортасында (аралығында) дамыған.

Бұлардың барлығында шымтезекті (торф) қабаттар қатарласа пайда болған. Олар 50 см қалыңдыққа жетеді.

Slide 14

Суббореалды белдеудегі топырақтар.


Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕМНІҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ
Таулы алқаптың топырақтары
Топырақтың су-физикалық және физикалық қасиеттері
Қарттық кезең
Қазақстанның топырақ типтері
Өсімдік жамылғысының антропогендік факторлардан өзгеруі
Топырақ
Қара топырақты зона
Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар
Топырақтың органикалық бөлшегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz