МЕХАНИКАЛЫҚ ӘДІС




Презентация қосу
Суды алдын-ала тазарту
МЕХАНИКАЛЫҚ ӘДІС

Ағынды суларды механикалық әдіспен
тазарту
МЕХАНИКАЛЫҚ ӘДІС

Суды механикалық жолмен тазарту әдісі - ластанған сулардан
арнайы құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды
бөлуге бағытталған.. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік
қалдық сулардың - 95%-ке дейін ерімейтін қосындылардан айыруға
болады.
Механикалық тазарту әдісі екі жолмен жүзеге асады: перколяция
және фильтрация.
МЕХАНИКАЛЫҚ ӘДІС

Механикалық тазалаудың қандай түрін қолдану су құрамындағы қоспалардың
қасиеттеріне және оларды шығару толықтығына байланысты. Іркінді суларды сүзу әр
қилы торларда жүргізіледі.

Барабанды торлар – олар металлды сүзгі торымен қапталған үздіксіз айналып тұрушы
барабан. Олардың ұяларының өлшемдері 0,5 х 0,8 мм, осы барабанның 4/5 суға батып
тұратындай орнатылады. Тазаланатын су барабанның ішіне түсіп тор элементтері
арқылы сүзіліп камераға шығады.
Тұндыру. Өндірістік іркінді судағы ерімеген қоспалардан тазарту үшін горизонтальды
және радиальды тұндырғыштарды қолданады. Іркінді судағы, бетіне қалқып шығушы,
қоспалардан тазалау үшін арнайы тағайындалған тұндырғыштарды қолданады: мұнай
ұстағыштарды, май ұстағыштарды, шайыр ұстағыштарды. Тұндырғыштардағы
секциалардың саны екіден кем болмау керек.

Майды ұстау. Майларды су қоймаларына жіберуге рұқсат етілмейді, себебі олар су
бетін жұқа қабықпен қаптап, ауадан суға оттегінің өтуін қиындатып, өзіндік тазалану
процессін нашарлатады. Сондықтан асханалардың, ет комбинаттардың, май
зауыттарының, жүнді бастапқы өңдеу фабрикаларының іркінді сулары алдымен май
ұстағыштардан өтуі керек.
МЕХАНИКАЛЫҚ ӘДІС
ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ӘДІС

Ағынды суларды физика-химиялық әдіспен
тазарту
Ластанған суларды физика-химиялық жолмен тазарту әдісі - әр
түрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын жақсартуға бағытталған.
Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды
заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады. Химиялық әдіс негізі –
ағынды судың реагенттермен әрекеттесуі. Бұндай реакцияларға:
нәтижесінде ластанған суды жаңа құрылымды затқа
айналдыратын қышқылдандыру және қайта қалпына келтіру
жолымен тазалау процестері жатады.
ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ӘДІС

Қышқылдандыру
� Ағынды суларды қышқылдандыру деструктивті әдістерге жатады және улы
қоспаларды бейтараптандыру үшін пайдаланылады, мысалы, ағынды сулардан сүзіп
алуға немесе басқа әдістермен тазартуға келмейтін цианидтер немесе басқа да
қосылыстар.
� Ағынды суларды бейтараптандыру үшін түрлі тотықтырғыштар қолданылады: хлор,
кальций және натрий гипохлориттері, хлорлы әк, хлор диоксиді, озон, техникалық
оттегі және ауа оттегі. Кейбір жағдайларда сутегі пероксиді, марганец оксиді,
перманганат және калий дихроматын пайдалануға болады.
ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ӘДІС

Бейтараптандыру

� Бейтараптандыру - қышқыл мен негіз арасындағы реакцияға негізделген процесс. Әдетте
бейтараптану әдісін қышқылдық суларды тазарту үшін қолданады. Бұл жағдайда
бейтараптандыратын агенттер ретінде сода, аммиак, әк, сілтілі күл, шлактар және басқа
сілтілік реагенттер пайдаланылады

Ағынды суды бейтараптандыруға арналған Ағынды суды бейтараптандыру станциясы
реактор
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Мал қора ауасының шаң - тозаңдармен механикалық қоспалардың, бактериалық ластануын анықтау
АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ АЛДЫН АЛА ТАЗАРТУ
Сығылған ауа
Мұнай – химиялық қалдықтарын қайта өңдеу
Еріген газдар
Санитарлық –гигиеналық нормативтертердің ғылыми негіздеу
Желдету жүйесі
Пневмо - кинетикалық әдіс
Наноқұрылымдар мен наноматериалдардың алу әдістері
ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫ
Пәндер