Ауыз судың сапасын жақсарту: коагуляция, мөлдірлендіру және арнайы өңдеу әдістері


Slide 1

Судың сапасын жақсарту

Орындаған: Саметов Асан

Slide 2

Суды коагуляциялау

Суды коагуляциялау - судағы өте ұсақ үлпек - бөлшектердің пайда болу процесінен бастап, олардың - ірі ұлпекке айналып, тұнба түрінде шөгуі. Суды коагуляциялаудың 2 фазасын ажыратады.

1-фаза-коллоидты бөлшектер мен сузпенсияның (жүзінді) электр зарядын бейтараптандыруы.

2 - фаза - ірі үлпектердің пайда болуы, яғни, коллоид пен суспензия қосылып өте ірі жылдам шөгетін үлпекке айналуы. Коагуляция ретінде күкіртқышқылды алюминийді пайдаланады.

Slide 3

Коагуляциялық құрылғы ПВО-КГ

Slide 4

Коагуляциялаудың 2 түрі ажыратылады

Бос көлемде жүргізілетін коагуляция - ол үлпек құрау камерасында жүргізіледі.

Жанаспа түрде жүргізілетін коагуляция - ол жанаспа сұзгіштердің түйіршікті толтырғыштарының арасында жүреді.

Slide 5

Су сапасын жақсарту әдістері

Судың сапасын берілген санитарлық нормаларға дейін жеткізу, су атазарту қондырғылары арқылы жүзеге асырылады. Осы мақсаттағы сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде келесі әдістер ең көп таралған: химиялық құрамын қалыпқа келтіру бойынша, судың органолептикалық қасиетін жақсарту бойынша, эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша.

Slide 6

Мөлдірлендіру

Мөлдірлендіру - суды майда қалқып жүрген заттардан тазалаудың ең негізгі әдісі болып табылады, ал мөлдірлендірудің негізгі операциясына тұндыру жатады. Тұндыру тек ірі қалқып жүрген заттардың тұнуы үшін қолайлы, ал коллоидты және майда қалқып жүрген заттардың тұнуы үшін өте көп уақыт керек, сондықтан осы заттардың тұну жылдамдылығын арттыру үшін коагулянттар, яғни, реагенттер қолданылады.

Slide 7

Суды тұндыру

Тұндыру

Сүзу

Тұндырғыштар сүзгіштердің жұмысын жеңілдетеді, судағы заттарды литріне 10-12 мг-ға дейін азайтады және суды мөлдірлендірудің бірінші сатысы болып табылады. Судың қозғалыс бағытына байланысты тұндырғыштардың 3 түрін ажыратады: көлденең, тік, радикалды тұндырғыштар.

Slide 8

Суды сүзу

Суды тазартудың екінші сатысына жатады. Сүзгіш материалы ретінде жиі қолданылатындар: кварц құмы, құм және қиыршық тас. Сүзу материалы ретінде қолданылатын затқа Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты болуы керек. Сүзгілердің жұмыс тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіш - сүзу жылдамдығы болып табылады. Сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде әр түрлі құрылымдағы сүзгі қолданылады. Сүзу жылдамдығына байланысты оларды: баяу сүзгілер (сағатына 0, 1-0, 2м), жылдам сүзгілер (сағатына 6-8м) және өте жылдам (сағатына 100м) деп бөлінеді.

Slide 9

Тазартудың арнайы әдістері

Жоғарыда айтылған судың сапасын жақсартудың қарапайым әдістерімен қатар, ауыз судың сапасын стандарттарға жеткізетін арнайы әдістері қолданылады.

-

Судың арнайы өңдеу әдісі дегеніміз - судың құрамындағы белгілі бір химиялық заттың мөлшерінің нормадан көп немесе нормадан аз болған жағдайда, оны нормаға дейін жеткізуін айтамыз. Оларға келесі әдістер жатады: суды жұмсарту, суды тұщыландыру, суды фторлау, суды дефторлау, суды темірлеу, темірсіздендіру.

Slide 10

Қорытынды

Адам қолданатын су эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болуы керек, яғни, құрамында микроорганизмдер мүлдем болмауы керек, әсіресе, патогенді микроорганизмдер, сондықтан ауыз су ретінде қолданылатын су тұтынуға егіншілік суару алаңдары қосылды.

Адамдар суды шаруашылық - ауыз су қажеттілігінен басқа, қоғамдық, коммуналдық - тұрмыстық, мәдени - ағартушылық, балалар және жасөспірімдер мекемелері, емдік - профилактикалық мекемелер, тағамдық өндіріс мекемелері, қоғамдық тамақтану және сауда орындарында да қолданылады.


Ұқсас жұмыстар
Суды коагуляциялау және ауыз су сапасын жақсартудың арнайы әдістері
Ауыз және өндірістік судың қасиеттері, көздері және сапасын бағалау
Судың гигиеналық маңызы және Қазақстандағы ауыз су сапасын нормативтік реттеу
Терілер сапасын жақсарту: консервілеу әдістері және сапа көрсеткіштері
Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту мәселелері
ЖШС Батыс су арнасы жағдайындағы ауыз судың физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау және бағалау
Судың ластануы: гидросфера, ластаушы көздері, түрлері және тазарту әдістері
Судың физикалық және химиялық қасиеттері мен сапасын анықтаудың әдістемесі
Малды алғашқы өңдеу: сою технологиясы, ұша өңдеу және ет сапасын анықтайтын факторлар
Шығыс Қазақстан облысының су тазалығы мен сапасын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz