Гибридомды клеткаларды клондау



Орындаған: Абдуалиева А. Қ. Абдуллаева З. С.
Тобы: МХТ-19-3нк
Шымкент, 2020
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1 Жасушалық инженерия
2. 2 Гибридомды технология, этаптары
2. 3 МКАД қолданылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Антигендерді ағзаға енгізу, олардың детерминанттарға қарсы антиденелердің қалыптасуына ықпал етеді. 1975 жылы Г. Келлер және К. Мильштейн моноклонды антиденелерді гибридомды технология көмегімен алды. Бұл уақытқа дейін 10-12 жыл бойы тек қана ісік жасушаларын клондау жүзеге асқан.
Моноклонды антиденелер-бір жасуша клонынан синтезделетін иммуноглобулиндер.
МКАД-антиген молекуласындағы бір ғана антигендік детерминанттармен байланысады.

Жасушалық инженерия
Жасушалық инженерия жоғары сатыдағы организмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың жеке жасушаларын және ұлпаларын жасанды көректік орта жағдайында өсіру. Жасушалық инженерия әдісі арқылы бір жасушаның ядросын екінші жасушаға көшіру және ядросыз жасушаларды өсіріп алуға болады. Жасаңды көректік ортада, яғни "in vitro" (жасанды) жағдайында жануарлардың (ит пен мысықтың, тышқан мен адамның) гибридтік жасушасын алған. Жануарлар жасушасын коректік ортада ұзақ өсіруге болады. 1997-1999 жылдары жануарлар инженериясын зерттейтін ғалымдар үлкен табысқа жетті.

Англияда Розлин атындағы институттың ғалымдары алты жастағы саулық қойдың желінінің жасушасын "in vitro" жағдайында өсіріп, анасы тектес ұрпақ алды. Жапон елінде осындай өдісті қолданып, ірі қара малдың тұқымын, Оңтүстік Африка мен АҚШ-та кұрбақа мен тышқанның дараларын шығарды. Қазір өсімдіктер бт-ның ауыл шаруашылығында маңызды бағыттары көп.

Гибридома туралы түсінік
Гибридома - будандастырылған жасушалар тобы. Тышқан жасушасымен егілген малдың көкбауырының лимфоциттерін будандастырып алады. Бұл әдісті 1975 жылы Келер мен Милштейн ұсынған. Гибридома құрамындағы жасушалар ата-анасынан антидене туғызатын және организмнен тыс өте көп уақыт өмір сүре алатын қасиеттерін сақтап қалады. Мұндай культуралардан қажетті тәнділігі бар антидене шығаратын бір текті, ұрпағы таза жасушалардың түрін алуға болады.
Клетка инженериясының ең перспективалы бағыты гибридомалар алу. Гибридомалар рак клеткаларының шексіз көбеюге қабілеттілігін, ал көкбауыр клеткаларынан нақты антизаттарды синтездеу мүмкіндігін тұқым қуалау арқылы алады. Бұл ғылыми жұмыс медицина және ветеринария үшін маңызды жаңа клеткалық пайда болуына әкелді.

Гибридомды технология
Гибридомды технология - тоқтаусыз пролиферацияға қабілетті, алдын ала миеломдық антигендермен иммунизацияланған организм көкбауыры лимфоциттерінің полиэтиленгликоль көмегімен байланысуы. Клетка инженериясы негізіндегі ең перспективалы биотехнологиялық бағыт моноклонды антизаттар алу. Моноклонды антизаттар өздерінің қасиеттері бойынша бір келкілікпен сипатталады және тек жалғыз ғана антигенмен байланыса алады. Осыған орай моноклонды антизаттардың вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, токсиндер, аллергендер және қатерлі ісіктер қоздыратын ауруларды тану және емдеу үшін үлкен практикалық маңызы бар.

Моноклонды антизаттарды әр түрлі ауруларды диагностикалау үшін қолданады. Әр түрлі рак, ҚИЖС, гепатит, оба т. б. көптеген ауруларға диагноз қоюда моноклонды антизаттар кең практикалық қолдану алуда. Гибридомалар технологиясының ветеринария үшін маңызы ұлғая түсуде.
Мысалы, ірі қараның р24 лейкемия вирусы белогына қарсы моноклонды аитизаттар синтездейтін клеткалар культурасы алынды. Қазіргі кезде моноклонды антизаттар алу технологиясымен 500-ден астам компаниялар айналысады. Олар құны 5 млрд. долларға жуық биотехнологиялық өнім - моноклонды антизаттар өндіреді.


Гибридомды технология этаптары
-жануарды иммунизациялау
-қосылу
-АД клондарын алу
-клондау және реклондау
-гибридомды клеткаларды алу
-құрамында АД-і бар культуралық сұйықтық алу
-АД-і бөліп алу.

Гибридомды клеткаларды клондау
Жаңадан алынған гибридомды клеткалар хромосома жоғалтуына байланысты стабильділігі төмен болады. Кейбір жасушалардың антидене өндіруші қабілеті болмайды. Сондықтан клондау жүргізеді. Ол үшін жартылай сұйық агарда клондау мен цитофлуориметр қолданылады.
Жартылай сұйық агар үшін 2 жүйе қолданылады. Ол жүйе екі қабаттан тұрады. Төменгі қабат (қатты) құрамында 0, 5 пайыздық агар болады. Енді оның үстіне екінші сұйық қабатты қосады. Оның құрамында 0, 3 пайыздық агар және клондаушы жасушалар болады. Цитофлуориметрде флюросцентті микрошариктер қолданылады. Оны антигенмен қаптайды. Мұндай микрошариктер арнайы антигендік гибридомды клеткаларда адсорбцияланады да, осы құралда оларды бөліп алады.

МКАД көбейту
Гибридомды клеткаларды сұрыптаудан кейін, МКАД көбірек алу үшін көбейту керек. Культивациялау басында гибридомды жасушалар баяу көбеюі мүмкін. Сондықтан, жасуша концентрациясы 0, 5 млн/мл мөлшерінен аспауы керек.
Антиденелерді тазалау
Егер антиденедерді тек таза күйінде іріктеп алу керек болса, антиденелердің кластары мен класшаларын анықтау керек. Себебі, әр антидене кластары үшін-тазалау әдісі әртүрлі.
-Ухтерлони бойынша иммунодиффузия
-иммуносорбент.

МКАД қолданылуы
-Жасушаларды идентификациялау:Т- және В лимфоциттерді, басқа жасушаларды және олардың қасиеттерін анықтау.
-Қазіргі таңдағы антиген және антидене анықтау үшін радиоиммунды, иммуноферментті және иммунолюминесцентті әдістерді орындау.
-Гендік инженерия, биотехнология.
-Организмдегі антиген локализациясын анықтау, антиденелермен байланысқан дәрілік заттардың жеткізілуі.
-Антигендерді жою үшін қолданылатын иммуносорбенттерді дайындау үшін.

МКАД-ні диагностика саласында қолдану
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz