Антибиотик түрлері




Презентация қосу
Антибиотиктер

Орындаған:Аралбай Дулат Берікұлы
Тобы:ТпПЖ19-12
Тексерген: Маматаева Айгуль Тумаевна
Жоспар
• Кіріспе
• Негізгі бөлім:
Антбиотик түсінігі
Антибиотик түрлері
Антибиотиктерді бөліп алу және
тазалау:экстакция, иондық алмасу, тұнбалау
• Қорытынды
• Қорытынды сұрақтар
• Пайдаланылған әдебиеттер
• «Антибиотик» термині (anti – қарсы, bios - өмір) 1944 жылы
стрептомицин Stp.griseus продуцетін ашқан З. Ваксман
енгізген болатын. Антибиотиктер – бұл антимикробтық
биологиялық белсенділігі бар табиғи заттар. Олар микробтық
клеткалардан, өсімдік және жауар тіндерінен бөлінеді;
химиялық жолмен синтезделуі де мүмкін.
• Антибиотиктер пигменттер, алкалоидтар, уыттар сияқты
мироорганиздердің екіншілік метаболиттері. Олардың
биологиялық міндеті – қоректік ортадағы мироорганизмдердің
басқа бөтен топтарының тіршілігін басып жою.
• Бұл молеклярлық салмағы төмен, шамамен 1000 дальтон,
клеткада амин қышқылдардан, көмірсулардан, май
қышқылдарынан, пуриндерден және т.б. синтезделеді.
Антибиотктер – бұл тікелей емес трансляцияның өнімдері,
күрделі биосинтетикалық жолға ие. Сонымен қатар,
антибиотиктер негізгі алмасудың метаболиттеріне жатпайды
және клеткалар олардың қатысуынсыз тіршілігін сақтай
алады.
• Антибиотиктер биотехнология, медицина
тарихында ереше орын алды. Е. Хаувник
1984ж биотехнологияның даму кезеңдерін
анықтағанда, оның бір кезеңін
«антибиотиктер дәуірі» деп атаған.
• Жалпы антибиотктердің 9000 астам түрлері
белгілі, олардың 200 қосылысы медицинада және
басқа саларда қолданылады. Олардың ішінде
пенициллиндердің, цефалоспориндердің, әсіресе
оларды жартылай синтетикалық туындылары:
аминогликозидтердің, макролиттердің, сонымен
қатар синтетикалық препараттардың ішінде –
фторхинолдардың өндірісі басым.
• Антибиотктерді басқа биологиялық заттардан
айыратын қасиеті – олардың антимикробтық
әрекеті және бұл әрекеттің бір бағыттылығы
болуында.
• Медицинада қолданылатынантибиотиктер
ветеринарияда, ауыл шаруашылығанда
қолданылмайды және керісінше.
Антибиотиктерді көптеген актиномицеттер, бактериялар және
саңырауқүлактардан бөледі.
Антибиотиктердің микробтардың тіршілігін тежейтін әрекеті бар. Бұл
жағдайда олар бактериостатикалық әсер етеді, кейде антибиотиктер
микробтарды қырып жібереді. Оны бактерицидтік әсер деп атайды.
1871 жылы орыс оқымыстысы В.А. Манассеин зең саңырау-
құлақтарының бактерияларды жойып жіберетін қабілетін ашты. Бұдан
бір жылдан соң А. Г. Полотебнев оны іріңдеген жараға салып, жақсы
нәтижеге ие болды. Осыдан бастап микробиология ғылымында
антибиотиктерді іздестіру жөнінде көптеген зерттеулер жүргізілді.
Соның нәтижесінде қазір қолданылып жүрген көптеген антибиотиктер
белгілі болды. Олардың ішінде маңыздылары:
Пенициллин — пенициллум зең саңырауқүлағынан алынған. Ол
көптеген стрептококкаларға, стафилаккоккаларға күшті әсер етеді.
Таяқша тәрізді микробтар мүның әсеріне төзімді келеді. Оны қазір
медицинада, ветеринарияда кеңінен қолданады.
Стрептомицин — актиномицеттен алынады. Ол туберкулез таяк-
шасының тіршілігін тежейді. Бруцеллез және ішек ауруларын емдеуге
қолданылады.
Грамицидин — топырақта кездесетін бациллус бревис деп аталатын
таяқша бактериядан бөлінген. Жануарлардың бірқатар ауруларына
қарсы қолданылады.
Биомицин — актиномицеттің бір түрінен алынған. Бүл да жану-арлар
мен адамдар ауруын емдеуге қолданылады. Соңғы жылда-ры мал мен
адам ауруларына қарсы қолданылатын басқа да біраз антибиотиктер
табылды және олар жан-жақты зерттелуде.
Антибиотиктерді тек микроорганизмдер ғана емес
өсімдіктер де бөліп шығара алады. Өсімдіктер
антибиотиктерін бірінші болып совет оқымыстысы
Б. П. Т о к и н 1928 жылы ашқан болатын. Бұл
заттарды ол фитонцидтер деп атады. Фитонцидтер
көптеген өсімдіктерде бар екені анықталды. Олар
микроорганизмдердің, әсіресе вегетативтік
клеткаларына күшті әсер етеді. Сарымсақ, жуа,
шомыр, қыша, мойыл, терек, емен жапырақтарында
қарағай, шырша және май қарағай кылқандарында
фитонцидтік қасиет күшті. Қарағайлы және
самырсынды ормандар микрооргаыизмдерге кедей
болатыны да мінесондықтан.Фитонцидтік қасиет
басқа заттарда да, мәселен эфир майларында,
альдегидтерде, алкалоидтарда және фенолда
байқалады. Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер
өскен топырақтар да микроорганизмдерге
кедейлеу келеді.
Жалпы антибиотиктерді адам мен жануарлар
организмі де бөлетіні белгілі.
Жануарлар тектес антибиотикке тиссулин,
лейкин, сангвинин, экстразин, камполон,
анстипин, птерин жатады. Қазір емдік қасиеті
бар осы тектес антибиотиктерден лизоцим мен
экмолинді атап өтуге болады.
Лизоцим тауық жұмыртқасының ақуызынан
бөлініп алынған. Ол көптеген ауру қоздырушы
және сапрофит микробтарға жойқын әсер етеді.
Лизоцим адам мен жануарлардың сүтінде,
сілекейінде, көз жастарында, бауыр мен талақ
экстрациясында кездеседі. Ол бірқатар
өсімдіктерден де табылған. Әрине белгілі бір
қасиетіне қарамастан лизоцим саңырауқұлақтар
мен бактериялардан алынатын антибиотиктердің
күшінен анағұрлым төменірек.
Экмолинді балықтан алады. Одан жасалған
препарат дифтерия, ішсүзегі таяқшаларына,
стафилакокктар мен стрептококкаларға, ішек
таяқшасына және оба вибриондарына, сонымен
бірге тұмау вирусына да жойқын әсер етеді.
Экмолинді пеницилиннің күшін арттыру
мақсатында қосып қолданады. Осындай
комплексті препаратты жас балалар
дизентериямен ауырғанда қолданады.
Организм вируспен зақымданғанда клеткада
интерферон пайда болады. Бүның өзі белок тектес
зат. Ол вирустағы ңуклеин қышқылының түзілуін
тоқтатады, сөйтіп жаңадан вирустың пайда
болуын тежейді. Дәл осы интерферонға ұқсас
заттар кейбір өсімдіктер клеткасынан да
табылған. Бүл организмнің вирустан
сақтануындағы табиғи қорғаныш болып
есептеледі.
• Антибиотиктерді бөліп алу және тазалау
барысында экстракция, иондық алмасу,
тұнбалау т.б. әдістер қолданылады.
Экстракция дегеніміз – антибиотиктерді бір
ерітіндіден екіншіге көп рет ауыстырар
алдында оларды тұндырады яғни, бірнеше
ретқайтара кристаллизация жасайды.
Ионды алмастыру сорбциясы негізінде
антибиотиктердің теріс зарядталған иондары
катионды шайырға жабысад, Енді керісінше
шайырға жабысқан антибиотиктерді
ерітіндімен айырып алады.
Тұнбалау әдәсәнде антибиотик органикалық
затпен немесе бейорганикалық затпен
байланысып тұнбаға түседі. Әрі қарай оның
экстракциясы жүреді.
Гомогенді түрде бөлінген антибиотикті
ауамен немесе лиофильді кептіргішпен
кептіреді, биологиялық активтігін сақтау үшін
тұрақтандырады, дәрілік формаға
айналдырады.
• Қорытынды
Антибиотиктер биотехнология, медицина
тарихында ереше орын алды. Е. Хаувник 1984ж
биотехнологияның даму кезеңдерін анықтағанда,
оның бір кезеңін «антибиотиктер дәуірі» деп
атаған. Әрине, бұл өте дұрыс, өйткені
вакциналармен қатар антибиотиктер адамзатты
жүз мыңдай, миллиондаған адам өмірлерін
әкететін, мемлекеттер тіршілігіне әлеуметтік
және экономикалық былықты тудыратын
глобальдық инфекциялардан сақтандырған. Бүгін
олар өте маңызды, ең алдымен,
қолданылатынбарлық дәрілердің ішінде 13%
қамтитын емдеу-профилактикалық препараттар
ретінде қарастырылуы.
• Пайдаланылған әдебиеттер
• Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология /
Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д.,
профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ.
2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
• Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қазақ тілі
терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме
сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
• SZH.KZ
• Twirpx.com

Ұқсас жұмыстар
АНТИБИОТЕКТЕР
Микробтардың антибиотиктерге тұрақтылығы
Антибиотиктер өндірушілер
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕДИЦИНА МИНИСТРЛІГІ АКАДЕМИЯСЫ
Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығы
Комбинирленген бактерияға қарсы дәрілер
Антибиотиктер. Медицинадағы маңызы
Антибиотиктердің қосымша әсерлері
Микробқа қарсы препараттар
Шыбын паразиті
Пәндер