Бастауыш сыныпта шетел тілін оқытудың ерекшеліктері




Презентация қосу
______________________________________________________УНИВЕРСИТЕТІ

Бастауыш сыныпта шетел тілін
оқытудың ерекшеліктері
D
D

Тобы:
Орындаған:
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
а) Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың
мақсаты
ә) Бастауыш сыныпта шетел тілін
оқытудың ерекшеліктері
ІІІ Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және
көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген
көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру — өзекті
мәселелердің бірі. Әлемдік білім беру жүйесі жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған. Шәкірттер қазақ тілін толық
әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін
білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде
тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Сондықтан да орта
білім беру жүйесінде басты бағыттардың бірі шет тіліне ерте
жастан оқыту болып табылады.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты
Оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай
алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан
ағылшын тілін оқыту

Оқушылардың бірден көп
Коммуника-
қызығушы- тілдерде
тивті даму
лығын оятуға сөйлеуге
біліктілігін
мүмкіндік мүмкіндік
арттырады
береді алады

Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың
бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.
Бастауыш сыныпта шетел тілін оқытудың ерекшеліктері
:

Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың

1 тыңдау

2 оқу

3 жазу

4 сөйлеу
дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан
гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады,
өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды.
Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар
бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі
сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Бірақ өкінішке орай
ата-аналар арасында «ағылшын тілін білмейміз, көмектесе алмаймыз»
деушілер көп. Бұндай жағдайда мен интернетті қолдануға, сөздіктерді пайдал
ануға ақыл-кеңес беру керек(мысалы: google-переводчик).
Сонымен қатар оқушылырдың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу
қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға
болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар
анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы
түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар
арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы

жаңа сөз
бірліктерін
енгізуде міндетті сөздерді
жатқа айту
түрде қайталау
суреттермен
көрсету

АКТ құралдарын пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген
қызығушылықтары артады, сабақта белсенділік танытады.
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз шығармашылықсыз, толық мәніндегі
ақыл-ой тәрбиесі болмайды»
В.А.Сухомлинский
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық,
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін
қолдану керек. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың

пәнге деген өз ойын,
қызығушылы- пікірін,
ғын көзқарасын
арттырады білдіруге,

екінші бір жетістіктері мен
оқушының жауа- кемшіліктерін
бын тыңдап, оны айта білуге
толықтыруға жаттықтырады.
Ағылшын тілін үйрету барысында
көбінесе әндерді, рөлдік ойындарды
жиі қолдану — тілдік қарым-қатынас
құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз
тіркестерінен құрап үйренуге,
Оқушының сөздік қорының көбеюіне
ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде
таныс лексика оқушы есінде тез
жатталады. Шет тілінде ән айтып
үйрену барысында оқушы дыбыстарды
дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс
екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында,
рөлдерге бөліп оқығанда оқушының
көңіл күйі көтеріліп, тілге деген
қызығушылығы арта түседі.
Қорытынды
Бастауыш сыныптың оқушылары тез шаршап кетеді, сондықтан сергіту сәттерін
қолданып отыру, оқушыларға қозғалуға, жүруге мүмкіндік беру, әр тапсырманы 6-7
минутта орындап, тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет. Диалогты сөйлеуде –
оқушылар сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары
ретінде қарапайым іс — әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден
жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек.
Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр – түрлі сұрақтарға жауап бере
алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек.
Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі
репликадан айтуы қажет. Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді түсіну,
сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық
жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай
баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу
қабілетіне көбірек назар аударған жөн.

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа сан есімді оқыту
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМІ
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Бастауыш сыныпта етістікті оқыту тәсілдері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗАТ ЕСІМДІ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС
Тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Пәндер