Құқық пен моральдың маңызы


Slide 1 Slide 2

Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы және энергетика байланыс университеті

Тақырыбы : Мораль және құқық,

Мамандығы : Механика және металл өңдеу

Дайындаған :Пск-20-3 студенті Булат Әділет Марғұланұлы

Тексерген :Танирбергенова Рабиға Көлекбайқызы

Алматы 2020

Slide 3

Біз бүгінгі сабақ та, мораль және құқық, Не екенін білеміз

Slide 4 Slide 5

Мораль - адамдардың әрекеттерінде және қозғалыстарында айқындалатын, жеке сенімдерінен, әдеттерінен, тәрбиелерінен, қоғамның, нақты кластардың немесе әлеуметтік топтардың әсерінен көрініс табатын, олардың арасындағы бір-біріне деген, қоғамға деген, мемлекеттің нақты әлеуметтік топтарына деген қатынастарды реттейтін нақты тарихи айқындалған көзқарастардың, нормалардың, бағалаулардың, сенімдердің жүйесі.

Slide 6

Құқық - әрекеттер мен қозғалыстардың жауапкершілігі мен еркінің өлшемі болып табылатын, қоғамдағы әртүрлі топтардың жалпы бірыңғай еркін білдіретін жалпы міндетті мемлекеттік қағидалар мен мақсаттардың бірлігі. Сонымен, құқық - саяси-заңды құбылыс қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-ізгілік құбылыс болып табылады. Азаматтық қоғамның құқықтық өмірі адамгершілік, ақиқат, ұят пен ар-ождан, жақсылық, адамгершілік қасиеттір, еркіндік пен жауапкершілікті мораль категорияларынсыз дами алмайды.

Slide 7

Құқық пен моральдың маңызы

Құқық пен мораль нормаларының бірлілігі мен тұтастығы мыналармен сипатталады˸ Қоғамдық сананың және қоғамдық қатынастардың нысаны ретінде мораль мен құқық өз араларында өзара ұқсастықтарға ие, өйткені екеуі де ортақ әлеуметтік функцияларды атқарады˸ қоғамдағы адамдар арасындағы әрекеттерді реттеудің қажетті құралы болып табылады, нормативтік мінез танытады, және азаматтар ереже бойынша, ерікті және есті түрде осы нормалар мен принциптерді орындайды; ізгілік жіне құқық оларға ортақ жалпы адами құндылықтар негізінде дамиды. Бұған қарамастан, құқық нормалары, ерекшелік ретінде, жазбаша түрде болады, яғни мемлекетпен ресми бекітіледі, ал мораль нормалары көбінесе қоғам санасында өмір сүреді, - мораль да, құқық та әлеуметтік топтардың, тұтастай қоғамның еркін, іс жүзінде қоғамдық қатынастардың барлық жақтарын қамтитын әрекеттер ережесінің жинақталған жүйесін, сонымен қатар айқындалған өлшемде жалпы қоғамдық санадағы ақиқатық пен міндеттілік туралы кейбір көзқарастарды көрсетеді. Бұл нормалар жалпылық мінез танытады, қоғамның барлық мүшелерін қамтиды. Бұдан басқа, моральдық және құқықтық талаптар бағалау-басымдық мінездеріменен біріктірілген. Құқық та, мораль да қоғамның әлеуметтік-тарихи қажеттілігін сипаттайтын қоғамдық сананың әрекеттер ережесінде қатаң айқындалған, қатаң түде тіркелген нормалардың жиынтығын құрайды

Slide 8

Моральдың маңызы

Моральдің негізгі атқаратын функциясы - адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу, осыны өзгелерге үлгі етіп, келесі ұрпақка тәжірибе қылып жеткізу. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайтындықтан, өзі жинақтаған барлық рухани игіліктерін, соның ішінде моральдың-адамгершілік тәжірибелерін өзінен кейінгілерге - жас ұрпақ өкілдеріне қалдырып отырады. Дүниеге келіп, өмір жолын бастаған жас адам өзіне қажетті рухани байлықтың бәрін өзі жасай алмайды, өзгелер, алдыңғы ұрпақ өкілдері жасап кеткен мұраны пайдаланады, сонымен қоса, оны сақтайды және үнемі жетілдіріп отырады. Осы тұста жеке адамның алдына тартылған моральдық мұрадан таңдап ала білу қажеттігі туады, ол моральдық мұрат. Моральдың қоғамдағы функциясы. Мораль қоғамда реттеушілік, танымдық және тәрбиелік қызмет атқарады.

Мораль адамның қоғамда өзін ұстауын барлық салада реттейді. Адамгершілікті мұрат адамға өмір сүруде жалпы бағыт береді және өзін ұстау нормасын түзуге қызмет етеді

Slide 9

Моральдың идеялық мазмұнының негізі - «ізгілік» немесе «зұлымдық», «жақсы» немесе «жаман» деген қатынастарды көрсетуінен туындайды. Егер адамның қылығы адамгершілік ұстанымдарына сәйкес келмесе, онда ол ішінен ыңғайсызданып, өз әрекетін тез түзеуге тырысады. Бұл, әрине, ұятты жоғары қоятын адамдарға тән. Ал ұятпен санаспайтындар мұндай ұстанымдарды бұзып жүрсе де, одан ешқандай ыңғайсызданбауы мүмкін. Ондай адамның қылығы қоғамдық талқылауға ұшырап, пікір тудырады. Моральдың қоғамдық өмірді реттеушілігі осыдан көрініс береді. Моральдық қағидаларды бұзған адамдарға қоғам қарсылық көрсетіп, оны өз ортасынан аластауға тырысады. Ал моральдық норманы сақтаушы адамдарды қоғам сыйлайды, қолдайды.

Slide 10

Құқық мазмұнының негізгі элементтері:


Ұқсас жұмыстар
Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле
Моральдық сана және оның құрылымы
Моральдық нормалардың ерекшеліктері
Николло Макиавелли саяси ойлары
Ерлік дәуірі
Мораль және оның түрлері
МОРАЛЬ – ПРИНЦИПТЕР, НОРМАЛАР ЖӘНЕ ИДЕАЛДАР ЖҮЙЕСІ
Қазақ халқының ұлттық этикалық құндылықтары
Конфуций іліміндегі этикалық құндылықтар
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz