ТҰЛҒАНЫҢ ҚАБІЛЕТІ


Slide 1

ТҰЛҒАНЫҢ ҚАБІЛЕТІ ЖӘНЕ НЫШАНДАРЫ. ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ ҰҒЫМЫ.

Әл-Фараби АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

Орындағандар: Пулатова Гулдана, Сабыржан Жаныл, Сағидуллин Арсен, Ілиясова Сымбат, Тұрсынбай Ұлпан, Оқа Жанат, Рахымбай Асел, Шаймерденова Камила

Тексерген: Тленчиева Н. С.

Slide 2

ЖҰМЫСТЫҢ ЖОСПАРЫ:

1. Тұлғаның қабілеті;

2. Тұлғаның нышандары;

3. МІНЕЗ;

4. МІНЕЗ ТҮРЛЕРІ;

5. ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК;

6. ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ;

7. ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ НЫШАНДАРЫ;

8. Ұлы ғалымдардың ұлттық мінезГе берген пікірлері;

9. Мінезді тәрбиелеу жолдары

Slide 3

ТҰЛҒАНЫҢ ҚАБІЛЕТІ МЕН НЫШАНДАРЫ

Қабілет - бір немесе бірнеше іс- әрекеттерді нәтижелі

орындауға қатысы бар жеке

даралық психологиялық

ерекшелік және өзінде бар

дағды, ептілік және білімдерге

сәйкестенбестен-ақ бұл білім

мен дағдыларды жеңіл әрі тез

меңгерумен түсіндіруге болады

деп жазады. Қабілет бұл

дамудың нәтижесі. Қабілет екіге бөлінеді: жалпы және арнаулы.

Нышан - қабілет дамуының

негізінде туа пайда болған

анатомиялық-физиологиялық

ерекшелік. Қабілетті реалды

зерттеуші оны туа және жүре

пайда болған «қоспалық» деген

түсінік жұмыс істейді және ол

үшін де, потенциалды

мүмкіншіліктері бар.

Slide 4

ҚАБІЛЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ АНЫҚТАМАСЫ

Қабілет - бір адамды екіншісінен ерекшелендіретін дара

психологиялық ерекшелік;

Қабілет барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей

адамға ғана дарыған қандайда бір не бірнеше іс-әрекетті

табысты орындауға жарайтын өзара ептілік;

Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік және

дағдылардан оқшау қажет әрекетті игеру желісінде ғана

көрінеді.

Slide 5

МІНЕЗ

1

2

3

4

Мінез - даралықтың негізгі құраушы бөлігі. Адамды сипаттағанда алдымен мінезін

ескереді. Егерде қасында жақсы мінезді адам болса, өз басында үлкен жеңілдікті сезесің.

Психологиялық әдебиетте мінезді «характер» деп атайды. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде

баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынада.

Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы.

Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы

іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.

Slide 6

Мінездің түрлері

Ақкөңілдік мінез, аңқаулық мінез, арсыздық мінез, ақымақтық мінез, алаңғасарлық мінез, асқақтық мінез, ашуланшақтық мінез, әдептілік мінез, байсалдылық мінез, баққұмарлық мінез, бауырмашылдық мінез, даналық мінез, дарақылық мінез, екіжүзділік мінез, ұялшақтық мінез, т. б. Мінездің осындай 53 түрі бар.

Және мінездерді жағымды және жағымсыз деп те бөле аламыз.

Ақкөңілділік мінез

адам баласына тек жақсылық жасауға бейім, ақжарқын мінез. Өзара сыйласым, жақындармен жарасым, ақниетті әрекеттер бәрі де ақкөңілділік мінезге байланысты. . Халық: «аққөңілдінің аты арымайды, тоны тозбайды», «ақылды адамның көңілі ақ болады, оған абырой мен бақ қонады» деп, бұл мінезден үлгі алуды уағыздайды.

Арсыздық мінез

әдепті бұзып, арды аяққа басатын, сорақы мінез. Халықтық педагогика: «малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы », «ары жоқ, ары жоқтың зары көп» деп, арсыздық мінездің иесінің «арсыздығын» қатал кінәлап, тәрбиелейді. Арсыздық мінез иесі өмірден өз «жазасын» алып, қатал сын, өнегелі үлгі арқылы тәрбиеленеді .

Slide 7

- дүниеге, баршылыққа, байлыққа тойымсыздықты көрсететін көрлат мінез .

«Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық сойғызар», «адамның көзі өлгенде ғана тояды», «қабыл болса қарекет, қанағатта берекет», «қанағатсыздықтан қан төгіледі» деп, халық философиясы ұрпақты қанағатшыл болуға үндейді .

Қанағатсыздық мінез

- ақыл тоқтату арқылы өмір кедергілерін жеңе білетін салмақты мінез. «Сабыр түбі - сары алтын, сақтаған жетер мұратқа», «саздау жердің ағашы: сабырсыз ердің сазасы», «сабырлы жетіледі, сабырсыз өкінеді» деп халық ұрпағын сабырлылыққа тәрбиелейді.

Сабырлылық мінез

- әр нәрсені аңғармаудың, елемеудің салдарынан пайда болатын аңғал мінез.

«Аңқау абайламай басынан айырылады, жалқау алдындағы асынан айрылады», «аңқау астындағы атын алты ай қарапты» деп, халық педагогикасы аңқаулық мінезді қатты мінеп, ұрпағын нақты мысалдармен, өнегелі, шешендік сөздемен тәрбиелейді .

Аңқаулық мінез

Slide 8

Ұлттық мінез туралы түсінік

Қазақ халқының қалыптасқан ұлттық мінездерінің тәрбиелік мәні зор. Олар:

Ақкөңілділік - адам баласына жақсылық ойлау дәстүрі;

Әдептілік - ұлттық әдептің көркем көріністері;

Байсалдылық - ақылға сеніп, сабырлы әрекет жасау белгісі;

Бауырмашылдық - мейірімділік, қайырымдылық белгісі;

Даналық - көрегендік, көргенділік, ұлылық қасиеті;

Жомарттық - кеңпейілділік, қайырымдылық;

Зиялылық - біліктілік, ұлағаттылық, мәдениеттік белгісі;

Кісілік - әдептілікті, ізеттілікті, салауаттылықты көрсету;

Кішіпейілділік - әдептіліктің, имандалықтың көрінісі;

Қонақжайлылық - қайырымдылық, мейірімділік, әдеп белгісі

Имандылық - тақуалықты, пәктікті көрсететін әдеп;

Мұсылмандық - имандылық, тақуалық, әдептілік белгісі;

Парасаттылық - инабаттылық, пайымдылық, мейір белгісі;

Сабырлылық - байыптылық, ақыл-парасаттылық белгісі;

Салауаттылық - адалдық, тазалық, сергектік белгісі;

Ұлтжандылық - ұлттық сана, ұлттық намыс, ұлттық рух көріністері.

Slide 9

Әрбір халық пен ұлттың, этностық өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болатындығы- тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан

ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат-қасиеттері бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз

халқының мінез-құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткен.

ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез-құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың өз

жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналасуға

икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге

төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы

олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға

тән қасиеттердің жай-жапсары-әлеуметтік психология саласы-этникалық психологияның

зерттейтін төл пәні.

қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілділік, ашық-жарқын көңіл мен

кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас,

қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән деген.

Slide 10

ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ НЫШАНДАРЫ

Қазақтарға тән ұлттық мінездің кейбір нышандары:

Жауынгерлік мінез. Тарихтың әр кезеңінде қазіргі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың бәрінің де қызу қанды, қырағы жауынгер болғаны белгілі. Сондықтан олар орасан мол аумақты иемденіп, ғасырлар бойы ұстап тұрды. Қазақ халқының арғы тегі - түркі тектес тайпалардың тарихта Еуразияның ұлан - ғайыр даласын бағындырып, мұхиттан мұхитқа дейінгі аралықта азулы мемлекеттер құрғаны белгілі. Қазақ халқы өзгеге бағынбайтын жауынгерлік мінезін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де көрсетті. Ол жөнінде фашистік идеологтар өздерінің "Шығыс жоспарында " атап көрсетті .


Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны бағдарлы оқытудағы психологиялық қолдау
Жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі
Құзыреттілік - әр баланың өзіндік ерекшеліктеріне қарай жеке тұлғаға бағытталған оқыту арқылы оқушының білімді жан-жақты меңгеруінен көрінетін білім нәтижес
ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
Әлеуметтену және бірегейлік теориялары
Эмоциялар мен сезімдердің қызметтері
Тұлғаның дамуы
Тұлғаның қалыптасуы және дамуы
Педагогикалық құзыреттілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz