Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері


Slide 1

Менеджмент іс-әрекетіндегі танымдық процесстер

Орындаған: Шетел филологиясы магистраннтары

Slide 2

Менеджменттегі түйсіну процесінің психологиялық ерекшеліктері

Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды.

Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс

Slide 3

Түйсіктер:

көру түйсігі

есту түйсігі

дәм түйсігі

искеу түйсігі

тері түйсігі

Кинестетикалық

вибрациялық

органикалық

Slide 4

Рецепторларды үш топқа бөлуге болады:

экстерорецептор

проприорецептор

интерорцепторлар

Slide 5

Адаптация, сенсибилизация, синестезия

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай өзгеріп икемде-леді. Бұл қүбылысты адаптация дейді. «Адаптация» - латын сәзі, қазақша икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді.

«Сенсибилизация» - латын сөзі, қазақша мағына-сы - сезгіш. Есер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көр-сеткіші болса, ал сенсибилизация - сезгіштіктің тек ар-туын ғана көрсететін қүбылыс.

«Синестезия»-грек сөзі. Қазақша мәнісі қосарлаған түйсік дегенді білдіреді.

Slide 6

Ағылшын неврологы Х. Хед түйсіктердің генетикалық тұрғыда топтастырылуын ұсынады. Ол сезімталдықтың екі түрін көрсетеді:

1) протопатиялық (неғұрлым қарапайым аффективті) - оған органикалық сезімдер (аштық, шөп) жатады;

2) эпикритикалық (неғұрлым нәзік, дифференциалданған, объективтелген және рационалды) - оған адамның негізгі сезім органдарын жатқызады.

Slide 7

Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері

Адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстардың адам анализаторларында тұтастай бейнелену процесін қабылау дейді.

Қабылдаудың адамның өткен тәжірибесіне, жалпы психикалық өмір мазмұнына тәуелділігін апперцепция деп атайды.

Slide 8

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

а) Қабылдаудың тұтастығы.

ә) Қабылдаудың мағыналылығы.

б) Қабылдаудың таңдамалылығы

в) Қабылдаудың тұрақтылығы (константтығы) .

Slide 9

Менеджмент іс-әрекетіндегі қабылдаудың даралық-стильдік айырмашылықтары, онда стильдердің жалпы бағдарында жүзеге асады. Стильдердің төмендегідей түрлері болады

.

аналитикалық - басшылар бүтінен бөлшектерді бөліп қарастыруға бейім келеді.

синтетикалық - қиқаттағы құбылыстарды жалпылай қабылдап, олардың жалпы негізгі мәнн анықтаумен, қарастырумен сипатталады.

аналитикалық-синтетикалық - стильдердің алғашқы екеуінің комбинациясымен сипатталады.

эмоциялы стиль - қабылдау көбінде жағдайды орынды, бара-бар бағалауға кедергі келтіретіндей аса жоғары сезімтал жауап беруімен сипатталады.

Slide 10

Менеджмент аумағындағы маманды қабылдаудың ең жиі кездесетін кателіктері:

«Ореол эффектісі»

«Алғашқы әсер эффектісі»

«Жаңалық эффектісі»

«Таптаурындау эффектісі»

«Кешірімділік эффектісі»

«Физиологиялық редукция эффектісі»

«Топ ішіндегі сәттілік» феномені

Slide 11

Менеджменттегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктері.

Бұрын қабылдаған зат, құбылыс образдарын, өз көңіл күйлерін ойда сақтап қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді

Естің процестері:

Есте қалдыру қайта жаңғырту тану

Slide 12

Менеджмент (басқару) іс әрекетінің тиімділігін естің төмендегідей айрықша ерекшеліктері ажыратылады:

а) Әлеуметтік перцепциядағы бейнелі ес, яғни адамдарды ерекшеліктері мен айырмашылықтарына қатысты, заттар емес субъектілер жайлы ақпаратқа қатысты ес.

ә) Белгілердің ақпараттарына және қатынастардың қисынына қатысты ес көлемінің үлкен болуы.

б) ақпарат іздерін «тиіс уақытта» және тиіс жерде жаңғыртуға мүмкіндік беретін қатаң уақыт режимінде естің қызмет ету тиімділігі.

в) есте түрлі жедел бірліктермен және ситуациялармен әрекет етудің жоғары реттегі динамикалылығы.

г) естің қысыңқы іс-әрекетте қызмет етуінің сенімділігі, оның кедергілерге төзімді болуы.

Slide 13

Менеджмент (басқару) іс-әрекетіндегі есте таптаурындау мен инерцияның белгілі белгілі өлшемімен сипатталады:

1) Әдеттегі қарама-қайшылық феномені.

2) «Сүйікті себептер» феномені.

3) «Шектер және орталар» феномені.

4) Фишхоф эффектісі

Slide 14

Басқару іс-әрекетінің интеллектілік негізі.

Ойлау - заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс. Ойлауды оның қаситеттері, операциялары, формалары, түрлері, сатылары сипаттайды.

1. Ойлаудың қасиеттері: қисындылығы, жалпылылығы, жанамаланғандығы, проблемалылығы;

2. Ойлау операциялары: анализ, синтез, жалпылау, нақтылау, абстракциялау, салыстыру және т. б.

3. Ой түрлері: ұғым, пікір, ой қортындысы (дедуктивті және индуктивті) .

4. Ойлаудың түрлері: көрнекі-әрекетшіл; көрнекі-бейнелі; логикалық.

5. Ойлаудың сатылары

Slide 15

Басшының практикалық ойлауының психологиялық ерекшеліктері:

1) Басшы шешуі тиіс проблеманы өзі құрап, анықтап, оны ағымдағы істер мен жағдайларда айыра білуі тиіс;

2) Оның проблемаларының жалғыз дұрыс шешімі болмайды. Басқару іс-әрекетіндегі міндеттерді шешудің өлшемі «дұрыс-бұрыс» тұрғысы емес «азды-көпті қолайлы» деген тұрғы.

3) Басшы шешіліп жатқан және шешілген мәселелерге ерекше жауапты. Іс - әрекеттің басқа мүшелеріне қарағанда оның міндеттің ақырғы нәтижесі үшін жауапкершілігі едәуір жоғары болады.

4) Басшының ойлау процесінің жалпы бағдары «жекеден жалпыға», «жалпыдан жекеге» емес қарай жүруі тиіс.

5) Теориялық ойлауға қарағанда туындаған қиындықтарға деген қатынастардың басқа жүйесі. Бұл бағдар алғашынан өңдеуші әрекетшіл келеді. Ол алынған шешімнің жағдайдың қажет бағытта өзгеруіне байланысты әркеттерді ұйымдастыру құралы ретінде жүзеге асуын талап етеді.

6) Ойлау едәуір жалпы негізгі маңызды бітістердің айналасында шоғырланып, кейіннен «маңызды» және «маңызы жоқ» бітістердің арасындағы айырмашылықтың мәні жоғалады

Slide 16

Менеджменттегі қиял процесінің психологиялық ерекшеліктері

Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа обыраздар, соны елестер мен идеялар тудыру процесін қиял деп атайды.

И. М. Сеченов: «Барлық өмір бойы адамның басынан оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың өтуі мүмкін емес. Тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзі бұл ережеден шығарып тастауға болмайды»

Қиял

ерікті еріксіз

Slide 17

Шығармашылық қиял процесі бірнеше сатылардан тұрады:

шығармашылық идеяның пайда болуы;

ойды;

ойды жүзеге асыру.

Slide 18

Менеджменттегі зейіннің психологиялық ерекшеліктері

Л. Я. Гальперин зейін өнімі бақылау болып табылатын психикалық процес деп есептеген.

Адамның зейінінің бес қасиеті бар:

Тұрақтылығы - ұзақ уақыт бойы зейін күйін қайсыбір объектіде сақтау қабілеті.

Шоғырлануы - зейінді басқа объектілерді елемей біріне ғана бағдарлау қабілеті.

Ауысуы - зейіннің бір объектіден келесісіне, іс-әрекеттің бір түрінен екіншісіне алмасуы.

Бөлінуі - іс-әрекеттің бірнеше түрімен айналыса отырып, зейінді маңызды кеңістікке шоғырландыру қабілеті.


Ұқсас жұмыстар
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
Педагогикалық менеджменттің принциптері
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Экономикалық басқару
Психопрофилактика
Басқа сөзбен айтқанда, менеджмент - ғылым мен адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнерін біріктіру
Мемлекеттік салық менеджменті
Басқару психологиясы генезисі
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БАКАЛАВРИАТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz