Тәжірибелік сабақ №3: Есеп камераларында шәуеттегі спермиилердің концентрациясын бағалау


Slide 1

Тақырыбы: ЕСЕП КАМЕРАЛАРЫНДАҒЫ СПЕРМИИЛЕРДІҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН БАҒАЛАУ.

Тәжірибелік сабақ 3

Slide 2

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ. Спермийлердің қанықтылығын зерттеу әдістерін игеру.

Приборлар мен материалдар: Микроскоп, Горяевтің есеп камерасы, төсеніш және жапқыш шынылар, лейкоцитарлық және эритроцитарлық меланжерлер, шыны таяқшалар, 3% натрий хлор ертіндісі, 96% спирт, дистилденген су, салфеткалар.

Есеп камераны дайындау. Камераны және жапқыш шыныны алдын-ала жуады және спиртпен майсыздандырады. Кейін есеп камеранын торын жапқыш шынымен жауып оны камерасының табақшасы бетіне кемпірқосақ сақиналары пайда болғанша сүйкелеп жабыстырады .

Slide 3

Шәуетті сұйылту. Бұқа мен қошқардың шәуетімен жұмыс істеген кезде эритроцитарлық, ал айғыр мен қабанның - лейкоцитарлық меланжерді қолданылады. Меланжердің жоғарғы түтігін резенкі тутікке қосады. Сол арқылы шәуетті меланжерге 1, 0 және 0, 5 белгіге дейін сорып алады. Меланжердің ұшынан салфеткамен шәуеттін тамшысын алып тастайды, кейін жоғарғы белгіге дейін (101) 3% натрий хлор ертіндісін алады (100 есеге дейін сұйылтады)

Сұйылтылған шәуетті лейкоцитарлык меланжер арқылы зерттейді. Шәуетті меланжердің 1, 0 белгісіне дейін алады, одан кейін 11 белгіге дейін (10 есе) 3% натрий хлор ертіндісін сорып сұйылтады. Араластырғыштың екі жағын саусақтармен қысып 2 - 3 минут ішінде шәуеттің ертіндісімен толық араласқанша сілкиді

Slide 4

Есеп камерасын толтыру. Есеп камераны араласқан сұйылтылған шәуетпен толтырады

Сұйылтылған шәуеттің алғашқы 2-3 тамшысын меланжерден шығарып тастайды, келесі тамшысын сүйкелеп жабыстырған жабқыш шынының астына жібереді. Капилляр жүйесі бойынша сұйылтылған шәует тамшысы жапқыш шынынын астына тор бетіне тарайды, сондықтан қоспа камерада бір қалыпты жайылады. Горяев камерасы ішінде ауа көпіршігі болған кезде камера дұрыс толтырылмады деп есептелінеді.

Slide 5

Спермиилер санын есептеу: Толтырылған камераны микроскоптың көру алаңына жатқызған күйінде қояды. Алдымен камера торын аз үлкейтумен (120 есе) тауып алады, одан кейін үлкеніне (300 - 600 есе) ауыстырады. Көру алаңында Горяев камерасының бір үлкен тор шаршысы сыйу керек. Спермиилер шөккенше 2 - 3 минут тосып, оларды санауға кіріседі. Спермиилерді диагонал бойынша 5 үлкен (80 кіші) шаршыларда санайды. Спермиилердің басын кіші шаршылардың ішінде және сол жақтағы мен жоғарғы жақтағы сызықтарда орналасқанын есепке алады.

Спермиилердін шоғырлануын есептеп шығару: Санау нәтижелерін жинап шығарады. Спермиилер шоғырланғындығын келесі формула бойынша анықтайды:

Slide 6

Ш = ( n *D * 400 * 1000) / (80 * 0. 1)

Ш - 1 мл. шәуеттегі спермиилердін шоғырлануы (млрд) ;

n - 80 кіші (5 үлкен) шаршылардағы есептелген спермиилердің саны;

D - шәуеттің сұйылту дәрежесі.

Цифрлар - тұрақты мөлшердегі: 400 - 1 мм кв. аумақтағы кіші шаршылардың саны; 1000 - миллилитрге аудару саны; 80 - кіші шаршылардың саны; 0. 1 - камера арнасының терендігі (мм) .

Slide 7

Спермиилердің шоғырлануын неғұрлым дұрыс анықтау үшін санауды Горяев камерасының екі торында да жүргізу керек және есептеп шығару кезінде орташа көрсеткішті алу қажет. Нәтижелердің алшақтығы 10%-дан жоғары болмау керек. Ал алшақтығы 10%-дан жоғары болса, онда спермиилерді санауды үшінші рет қайталайды және алшақтығы 10% дейінгі санаулардың орта көрсеткішін есепке алады.


Ұқсас жұмыстар
3-сыныпқа арналған пәнаралық сабақ: Математикалық поезд - ондық бөлшектер мен есеп шешу дағдыларын пысықтау
3-сыныпқа арналған Топырақтың негізгі қасиеттері пәні бойынша сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
3-сыныпқа арналған Paint графикалық редакторы бойынша сабақ жоспары мен бағалау материалдары
3-сынып: Қағаз ақшаны ажырату мен түрлі төлем жасау әдістері - сабақ жоспары және бағалау
Жылулық құбылыстарды қорытындылау: теориялық түсінік, тәжірибелік есептер және бағалау
Аэроиондардың концентрациясын анықтау: әдістері мен аспаптары
Инвестициялық саясат және ауыл шаруашылығындағы инвестициялар (тәжірибелік сабақ)
Элементтердің массалық үлестері бойынша эмпирикалық және молекулалық формулаларды құрастыру және ерітінділер концентрациясын есептеу
Тәжірибелік сабақ №12: Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар мен шегерімдерді есептеу және шоттар корреспонденциясы
2-сынып математика: Құрама есептерді модельдеу, кері есеп құрастыру және қалыптастырушы бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz